Сабақтың мақсаты: Әдістемелік нұсқау



бет1/7
Дата06.02.2022
өлшемі24,57 Kb.
#62152
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7

Семинар 21,22.
Зат есімді оқыту әдістері. (3-сынып, 4-сынып, 2-бөлім)
Негізгі сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Негізгі және туынды зат есімдерді оқыту.
2. Зат есімнің тәуелденуін оқыту жолдары.
3. Зат есімнің септелуін оқыту жолдары.
4. Зат есімнің жіктелуін оқыту жолдары.
Сабақтың мақсаты:
Әдістемелік нұсқау:
Зат есiмнiң жiктелуi. Жiктiк жалғау – септiк жалғаулары сияқты сөз бен сөздi қарым-қатынасқа түсiрiп, өзара байланыстырып тұратын қосымшалардың бiрi. Ол белгiлi бiр заттың кiм, не екенiн анықтап, оны үш жаққа жiктеп көрсетедi. Бұл тақырыпты оқытудағы басты мақсат – жiктiк жалғауы туралы түсiнiк беру, жiктiк жалғауының да тәуелдiк жалғау сияқты үш жағы барын айтып, әрқайсысының өзiне тән арнайы қосымшаларын таныту.
Жiктiк жалғауының негiзгi бiр ерекшелiгi – жiктiк жалғауы жалғанған сөздiң сөйлемде әрқашан баяндауыш қызметiн атқаратыны. Мысалы: Мен – экологпын. Сiз – атақты кәсіпкерсіз.
Оқулықта жiктiк жалғауларының осы ерекшелiктерiн байқатуға бiрден назар аударылды. Зат есiмнiң жiктiк жалғаулары, негiзiнен, адамға қатысты айтылатынын да ескерткен жөн. Мысалы, адам, ұшқыш, оқушы сөздерiн үш жақта жiктеп айта беруге болады. Ал мен кiтаппын, сен кiтапсың, ол кiтап деуге болмайды. Алайда көркем шығармаларда, өлең, мысал, жұмбақтарда не? сұрағына жауап болатын зат есiмдердiң де жiктiк формада келуi әбден мүмкiн.
Зат есімнің жасалуы. Зат есімдер негізгі (корневые), күрделі (сложные), туынды (производные) болып 3-ке бөлінеді. Ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйінде жұмсалған зат есімдер негізгі зат есім деп аталады. Мысалы: кітап, дәптер, адам.
Зат есімдер бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы жасалады. Олар күрделі зат есімдер деп аталады. Мысалы: өнеркәсіп, ата-ана, Арал теңізі т.б.
Басқа сөздерден жұрнақ арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім дейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет