Кіріспе
Ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөлу
(3 мин)
Үй жұмысын сұрау
(5 мин)
Тұсаукесер «Ой қозғау» (1 мин)
Негізгі бөлім
Оқулықпен жұмыс
Кім тапқыр?
(10 мин)
Сергіту сәті «Кім жүйрік?»
(5 мин)
«Ойлана білген озар» әдісі
«Семантикалық кесте»
Қорытынды «Шешен бола білейік»
Бағалау
Үй жұмысы Кері байланыс
|
1.Оқушылармен сәлемдесемін.
2. Психологиялық дайындық. «Алтын шаңырақ астында» жағымды сөздер айту.
3. «Өз құралыңды танып ал!» ойынымен топқа бөлу.
4. «Сұрақтарды ұстап ал!» әдісі 1.Тұйық етістік неше жолда түрленеді? 2.Етістік қанша сөйлем мүшесінің қызметін атқарады? 3.Етістіктің шақтары дегеніміз не? Түрлерін ата 4.Осы шақ дегеніміз не? Түрлерін ата 5.Нақ осы шақ қалай жасалады? Мысал келтіріңдер 6.Ауыспалы осы шақтың жұрнақтарын ата. Мысал келтіріңдер 7.Көсемшенің жұрнақтарын атаңдар 8.Есімшенің жұрнақтарын атаңдар
Слайдтан мақал көрсетіп, бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын ашқызымын.
Жаңа сабақ. Келер шақ. 1.Болжалды келер шақ. 2.Мақсатты келер шақ. 3Ауыспалы келер шақ.
Келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен «мезгілден) кейін болатынын білдіреді. Мысалы: Мен бұл жұмысты бітірермін.
І. Осы шақ. 156-жаттығу. Жекеше, көпше түрде жіктеп жазыңдар. ІІ. Келер шақ.157-жаттығу. Жіктелген түрінде сөйлем құрап жаз.
Абайдың мына өлең жолдарынан морфологиялық талдау жасаңдар. 1.Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім. («Сегіз аяқ») 2.Мақсұтым-тіл ұстартып, өнер шашпақ, Наданның көзін қойып, көңілін ашпақ.
Сандардың орнына әріпті қойып мақал шығару. А1, Б2, Д3, Ж4, З5, Қ6, Л7, М8, Р9, С10, Т11, Ы12, Н13, Ң14, Ө15, Ұ16, І17. 1.6.12.7.10.12.5.3.12. 4.16.8.10.1.10.1.14. 1.9.11.12.13.1.13. 15.5.17.14. 2.1.9.1.9.10.12.14. Дұрыс жауабы: Ақылсызды жұмсасаң, Артынан өзің барарсың.
Берілген суреттерден жылдам ойланып етістіктің шақтарына қатысты сөйлем құрап айтуларын тапсырамын.
Кестеде берілген жұрнақтарды етістіктің шақ түрлерімен сәйкестендіруін қадағалаймын
Сабақты қортылауға екі топқа болжалды келер шақтың жұрнағымен жасалған мақал-мәтелдер айтқызып сайыстырамын
Қ.Бітібаеваның “Өзін-өзі бағалау” әдісімен әр топ оқушылары өздерін бағалайды.
1.-ар, -ер, -р жұрнақтары жалғанған бес сөзді жіктеп келесіңдер (жазбаша) 2.Осы жұрнақтар қатысқан бір өлең шумағын жазып жаттау (ауызша)
Сабақтан алған әсерлерін «Блоб» ағашына белгілетемін.
|
1. Сәлемдеседі. 2. Көңілдері көтеріледі
3.Топқа бөлініп отырады. І. Осы шақ ІІ. Келер шақ
4. Балықты әр топ кезектесіп аулап сұрақтарға топпен жауап береді.
Оқыған мақалынан жаңа сабақтың тақырыбын ашады
Сөздікпен жұмыс жасайды
Ережеге мән береді.
Топпен бірлесіп жаттығуды орындайды
Топпен морфологиялық талдау жасайды.
Сергіту сәтіне арналған тапсырмада дарынды оқушылардың белсенділік танытуын қадағалаймын.
Мақалға жеке ойланып жауап береді.
Әр топ оқушылары өзін-өзі бағалайды.
Бағаларын күнделікке қойғызады. Үй жұмысын жазып алады.
«Блоб» ағашымен жұмыс жасайды
|