Сабақтың мақсаты: Халықаралық экономикалық интеграциямен және экономиканы ұйымдастыру типтерімен таныстыру



Дата17.06.2018
өлшемі53,55 Kb.
#42904
түріСабақ
Туржанова Гүлнар Тынысовна,

Астана қаласы Райымбек батыр атындағы

№50 "Қазғарыш" мектеп-лицейі

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары,

география пәні мұғалімі,
ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері

Халықаралық экономикалық интеграция.



Экономиканы ұйымдастыру типтері


Сабақтың мақсаты:

Халықаралық экономикалық интеграциямен және экономиканы ұйымдастыру типтерімен таныстыру.

Табыс критерийлері:

Барлық оқушылар: мәтінді игерген

Басым бөлігі: Экономиканың ерекшеліктерін атай алады.

Кейбір оқушылар: Халықаралық экономикалық интеграция жайлы толық ақпарат береді.

Сабақ түрі:

Аралас сабақ

Сабақтың барысы:



-Ұйымдастыру кезеңі 1 минут

- Үй жұмысын сұрау 10 минут

- Жаңа тақырыпты талдау 24 минут

- Рефлексия 1 минут

- Кері байланыс беру 3 минут

- Бағалау кезеңі 1 минут



Уақыт

Мұғалімнің

іс-әрекеті



Оқушының

іс-әрекеті



Керекті жабдықтар

1

минут



Ұйымдастыру. Мұғалім оқушылармен амандасады. Сабақта кім бар-жоғын тексереді. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Сабақта оқушыларға жұптық жұмыс жасау туралы хабарлайды.

Оқушылар мұғаліммен орындарынан тұрып амандасады. Сабаққа дайындалады. Жұп бойынша реттік санмен отырады.

Интерак

тивті тақта, слайд материалдары, смайликтер флипчарт



10

минут


Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексереді. Үй жұмысына жұпта отырған оқушылар толық қатысады. Бір-бірін тыңдап қателер жігін сараптайды.

Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексереді. Үй жұмысына жұпта отырған оқушылар толық қатысады. Бір-бірін тыңдап қателер жігін сараптайды.




24

минут




Халықаралық экономикалық интеграция. Экономиканы ұйымдастыру типтері тақырыбын, жоспар арқылы меңгереді:

1.Халықаралық экономикалық интеграция.

2. ЕО елдерін ата?

3. Экономикалық жахандануы

4. Ірі ұлтаралық бірлестіктер

5. Экономиканы ұйымдастыру типтері

6. Нарықтық экономика типі

7. Мемлекеттік тип

8. Өтпелі экономика типі

9. Елдердің даму деңгейін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер

10. Жиынтық өнім түрлерін ата?

11. ЖІӨ көлемі жоғары елдерді ата?

12. ЖІӨ жан басына шаққандығы

елдерді ата?

13.Шаруашылық құрылымының аумақтық айырмашылықтары

14. Дүниежүзілік шаруашылықтың басты орталықтары

15. Жоғары дамыған елдер тобы

16. Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдер тобы

17. Қоныс аударған капитализм елдер тобы

18.Өтпелі экономика тән елдер тобы

19. Дамушы елдер тобы

20. Жетекші дамушы елдер тобы

21. Жаңа индустриялық елдер тобы

22. Плантациялық шаруашылық елдер тобы

23. Мұнай экспорттаушы елдер тобы

24. «Жалға пәтер беруші» елдер тобы

25. Даму деңгейі төмен елдер тобы


Оқушылар тақырыпты меңгеру жоспарымен таныс, онымен қалай жұмыс істейтіндерін айтады. Алдымен оқушылар шаруашылықты ұйымдастырудың қандай түрлерімен таныс екенін айтады.

Экономиканы ұйымдастыру типтері, елдердің даму деңгейін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді анықтайды. Нақты мысалдар келтіреді. Дамыған, өтпелі, дамушы елдердің топшаларын атайды. Олардың басты ерекшеліктері туралы айтады. Дамушы елдердің негізгі топшалары және олардың басты ерекшіліктерін: жетекші дамушы еодер, жаңа индустриялық елдер, плантациялық шаруашылық елдер, мұнай экспорттаушы елдер, жалға пәтер беруші елдер, даму деңгейі төмен елдерді топтастырады.

Мұхит аралдары, Африка, Азияда орналасқан 48 ел. Ерекшіліктері: Экономикалық даму деңгейінің және жан басына шаққандағы табыстың өте төмен екендігі, табиғи өсудің жоғарлығы, аграрлық сектордың басымдылығы, әлеуметтік жағдайдың нашарлауы.


Флипчарт, Маркер, оқулық

1.

Халықаралық экономикалық интеграция


Экономикалық интеграция бірнеше даму кезеңдерін бастан кешіріп, дамудың бірнеше үлгілерін алмастырды және оған қатысушы елдердің қатары да көбейді. белгілі бір аймақтағы елдердің даму бағыттарын анықтап, деңгейін тексереді. Экономикалық интеграцияның тиімділігі Еуропаның 27 елін біріктіретін Еуропалық Одақтың мысалында айқын көрінеді.




2.

ЕО елдерді ата? 1957 жыл Брюссель

Құрамына 27 ел мүше.



Бұл Одақ құрамына кіретін елдер арасында тауарлар, қаржы және еңбек ресурстарының ортақ нарығын қалыптастыру мақсатын көздейді. ЕО 1993 жылға дейін Ортақ нарық Еуропалық экономикалық қауымдастық.




3.

Экономиканың жахандануы

Ұлтаралық бірлестіктердің белсенді әрекет етуі, мемлекеттік шекаралардың көмескіленуі және дүниежүзілік шаруашылықтың біртұтас жүйеге айналуы жағдайында жүзеге асады.




4.


Ірі ұлтаралық бірлестіктер



Жаһанданудың айқын бір көрінісі – дүниежүзінің көптеген елдерінің шұаруашылықтарын өзара байланыстыратын ұлтаралық бірлестіктердің қалыптасуы. Аса ірі 500 ұлтаралық бірлестікті «500-дің Клубы» деп те атайды



5.

Экономиканы ұйымдастыру типтері


Шаруашылықты ұйымдастырудың қазірге дейін сақталып қалған байырғы типіне табиғи шаруашылық жатады.

Қоғамның дамуына байланысты шаруашылықты ұйымдастырудың жаңа типі – нарықтық экономика. Бұрынғы социалистік жүйеде елдер шаруашылығының ұйымдастырылуы айрықша сипат алды, өндіріс орталықтан басқарылып, жоспарланатын бұл тип мемлекеттік деп аталады.




6.


Нарықтық экономика-жаңа типі




Қоғамның дамуына байланысты шаруашылықты ұйымдастырудың жаңа типі. Мамандану мен географиялық еңбек бөлінісіне негізделіп ұйымдастырылған шаруашылық өнімді жеке тұтыну үшін ғана емес, сыртқы сұранысқа орай нарыққа бағытап өндіретін болды.




7.

Мемлекеттік тип



Бұрынғы социалистік жүйеде елдер шаруашылығының ұйымдастырылуы айрықша сипат алды. Қазіргі кезде бұл жүйеде болған елдердің, соның ішінде ҚР экономикасы мемлекеттік типтен нарықтық қатынастарға көшуде.




8.

Өтпелі экономика типі

Шаруашылықты ұйымдастырылудың ескі және жаңа белгілері қатар кездеседі. Өтпелі экономика жағдайында өндірістік және қаржылық жағдайындағы қайта құрулар, жекешелендірулер, еркін бағалар енгізілді.



9.

Елдердің даму деңгейін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер

Жеке елдің дүниежүзілік шаруашылықтағы орнын және әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін сипаттауда: 1) ел экономикасының типі; 2) жерінің ауданы және оның игерілу деңгейі; 3) халқының саны мен еңбек ресурстарының құрылымы; 4) Жалпы жиынтық өнімнің көлемі мен құрылымы; 5) Халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасы; 6) елдің халықаралық еңбек бөлінісіндегі орны сияқты маңызды көрсеткіштердің жиынтығы пайдаланылады.





10.

Жиынтық өнім түрлерін ата?

Жиынтық өнімнің екі жаңа түрі бар. Жиынтық ішкі өнім-жыл ішінде белгілі бір аумақта өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтің жалпы құнын көрсетеді.

ЖҰӨ- жиынтық ұлттық өнім көлемін анықтауда аумақтағы шетелдік кәсіпорындар үлесі есептелмейді. Әдетте, географтар салыстырулар жүргізгенде тек ЖІӨ көлемін есепке алады.




11.

ЖІӨ көлемі жоғары елдерді ата?


38 сызбанұсқамен жұмыс жасау. АҚШ, Қытай, Үндістан, Жапония, Германия, Ресей, Бразилия, Ұлыбритания, Франция, Италия



12.

ЖІӨ жан басына шаққандығы

елдерді ата?




Алдыңғы қатарлы елдер: Катар, Люксембург, Сингапур, Норвегия, Бруней
Мешеу елдер: Эритрея, Либерия, Бурунди, Зимбабве, Конго ДР



13.

Шаруашылық құрылымының аумақтық айырмашылықтары


Ресей географтары дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейіне, әлемдік экономикадағы орнына қарай экономикасы дамыған елдер, өтпелі экономика тән елдер, және дамушы елдер деп 3 топқа бөледі.



14.

Дүниежүзілік шаруашылықтың басты орталықтары

Дамыған, дамушы, өтпелі экономикасы тән елдерді атауға болады.





15.

Жоғары дамыған елдер тобы


Экономикасы дамыған елдер тобын жоғары дамыған елдер: Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері және «қоныс аударған капитализм» елдері деп жіктейді. Жоғары дамыған АҚШ, Жапония, ГФР, Франция, Италия, Ұлыбритания және Канада әлемдік экономиканың басты үш орталығын қалыптастырады.



16.

Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдер тобы


Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері экономикасының даму деңгейінің ғана емес, халықтың әл-ауқатының да жоғары болуымен және саяси жағдайдың тұрақтылығымен ерекшеленеді. Әлемдік экономикада өзіндік орны бар бұл елдердің ЖІӨ құрылымында банк қызметі мен туризмнің үлесі едәуір жоғары.



17.

Қоныс аударған капитализм елдер тобы


Бұрын Ұлыбританияның отары болған Аустралия Одағы, Израиль, Жаңа Зеландия және Оңтүстік Африка Республикасы «қоныс аударған капитализм» елдері болып табылады.




18.


Өтпелі экономика тән елдер тобы



Өтпелі экономика тән елдер тобын кезінде социалистік даму жолында болған елдер құрайды.Қытай, Монғолия, Вьетнам, Лаос, Куба. Экономиканың өтпелі сипаты бұл елдерде айқын көрінеді. Оларда орталықтан жоспарланатын социалистік экономикадан нарықтық экономикаға өту жүзеге асырылуда.



19.


Дамушы елдер тобы



Дамушы елдер тобын саны жағынан көп, өте ала-құлалығымен ерекшеленетін елдер құрайды. Олардың барлығы дерлік Азияда, Африка мен Латын Америкасында орналасқан.



20

Жетекші дамушы елдер тобы


Бұл елдер тобына Қытай мен Үндістан жатады. Ерекшеліктері: халық санының көптігі, арзан еңбек ресурстары, экономикалық әлеуетінің жоғарылығы, жан басына шаққандағы экономикалық көрсеткіштердің төмен болуы және т.б.



21

Жаңа индустриялық елдер тобы


Бұл елдер тобына Корея Республикасы, Малайзия, Сингапур, Тайвань, Таиланд, Филиппин, Бразилия, Мексика, Аргентина жатады. Ерекшеліктері: шетел инвестициясы мен жоғары технологиялар, арзан жұмыс күші есебінен экономиканың, әсіресе өнеркәсіптің жоғары қарқынмен дамуы.




22.


Плантациялық шаруашылық елдер тобы




Бұл елдер тобына Гватемала, Гондурас, Коста-Рика, Куба, Гаити және т.б. елдер жатады. Ерекшеліктері: агроклиматтық жағдайлардың қолайлылығы, шетел қаржысының басымдылығы, саяси жағдайдың тұрақсыздығы және т.б.




23.


Мұнай экспорттаушы елдер тобы



Бұл елдер тобына Парсы шығанағы елдері, Ливия, Венесуэла және т.б. жатады. Ерекшеліктері: жан басына шаққандағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің жоғары болуы, жаңа технологиялардың енгізілуі, қаржы экспорты.




24.


«Жалға пәтер беруші» елдер тобы



Бұл елдер тобына Мальта, Кипр, Бахрейн, Либерия, Панама және т.б. елдер жатады. Ерекшеліктері: халықаралық маңызды көлік жолдары тоғысында орналасуы, рекреациялық ресурстар және т.б.



25.

Даму деңгейі төмен елдер тобы


Бұл елдер тобына Мұхит аралдары, Африка және Азияда орналасқан 48 ел жатады. Ерекшеліктері: Табиғи өсудің жоғарылығы, аграрлық сектордың басымдылығы, әлеуметтік жағдайдың нашарлығы және т.б.




1 мин



Рефлексия кезеңі.

Сабақты қорытындылау үшін оқушыларға сұрақ қойып, бірлесіп қорытындылайды: Бүгінгі сабақта не білдіңдер? Не қызықты болды? Нені білгілерің келеді?



Өз ойларын айта алу мүмкіндігі беріледі.

Кері байланыс парағы толтырылады.

Оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап бере отырып, сабақты қорытындылайды.

Стикер,


Бағалау парағы

3 минут

Кері байланыс беру. Мұғалім оқушыларға кері байланыс беру парақшасын таратады.

Оқушылар кері байланыс беру парақшасын толтырады. Сабақтың сәтті, сәтсіз жақтарын және нені өзгертуге болаты туралы пікірлер білдіреді?




1

минут


Үй жұмысы және үйге берілген жаңа тақырып бойынша оқушылар бағаланады.

Оқушылармен қоштасады.



Оқушылар өз бағаларын анықтап кетеді. Алған бағалары электрондық журналға түседі. Мұғаліммен қоштасады.

Күнделікке және электрондық

журналға оқушылардың бағаларын қою.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет