Сабақтың мақсаты: ХІІІ ғасырда Монғол мемлекетінің құрылуы олардың шапқыншылық соғыстары туралы түсінік беру
Дата 05.06.2017 өлшемі 13,99 Kb. #17609 түрі Сабақ
Сабақтың тақырыбы : Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы Сабақтың мақсаты: ХІІІ ғасырда Монғол мемлекетінің құрылуы олардың шапқыншылық соғыстары туралы түсінік беру. Білімділік: Монғол мемлекетінің құрылуы, саяси құрылымы, басқыншылық саясаты және оның зардаптарының әсері жайында толық мағлұмат беру. Дамытушылық: Оқушылардың белсенді ойлау қабілетін арттыру, өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру. Тәрбиелік: Қазақ тарихындағы осы бір оқиға арқылы оқушыларды патриот- тыққа, елжандылыққа , саяси сауаттылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, баяндау түсіндіру. Көрнекілігі: Интерактивті тақта, электронды оқулық, тест тапсырмалары, суреттер, т.б. Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, география, әдебиет. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі ІІ.Өткен тақырыптарды еске түсіру. Алдарыңызда сәйкестендіру сұрақтар ІІІ.Үй тапсырмасы Постер жасату. І-топ Ғылымның дамуы ІІ-топ Тіл білімінің дамуы ІІІ-топ Әдебиет. Қорғайды. Екі жұлдыз, бір тілек-арқылы бағалау Шыңғысхан 1155-1227 жылдары өмір сүрген. Монғол ипериясының құрылуы Монғол империясының негізін қалаушы Темүжін 1155 жылы Монғолияның Кендітау аймағындағы Онан өзенінің жағасында, Болдоң деген жерде дүниеге келген. Теміжүн 9 жасқа толған кезінде әкесі Есугай батырды татарлар қастандықпен өлтіреді. 1206 жылы өткен құрылтайда Темүжінді хан етіп сайлап, Монғол империясын құрады. «Монғолдың құпия шежіресінде» бұл жағдайды керей ханы Торыға барып айтқанда , ол «Монғолдарды жеңіске жеткізетін Жеңісхан болсын» деп бата берген. Сол «жеңісхан» деген сөз монғолша «шыңғысхан» болып аталып кеткен. Қоғамдық құрылысы 95 түмен 10 мың әскер Түменбасы Мыңдық 1000 әскер Мыңбасы Жүздік 100 әскер Жүзбасы Ондық 10 әскер Онбасы Барунгар Жоңғар Оң қанат Сол қанат Кул Орталық қанат Монғолияның аумағы мен халқы 3 әскеи әкімшілікке бөлінді: Мемлекеттің басты заңы «Жасақ» (Яса) деп аталды. «Жасақ» бойынша өкімет билігінің жоғарғы органы құрылтай болды. Монғолдардың Қазақстанды жаулап алуы Жошы Енесей қырғыздары мен теріскей Сібір халықтарын басып алады. Шыңғысхан таңғұттардың мемлекетін, одан кейін Тұрфан кінәздіктерін өзіне қаратып, ұйғырларды бағындырады. Қытай жерін басып алып, олардың тас атып дуал құлататын, от лақтырып өрт шығаратын соғыс техникаларын қолға түсіреді. Күшіліктің Жетісудғы иеліктерін басып алуға Жебе ноянды аттандырады. Монғолдардың Жетісу жеріне енуі 150 мың әскерді Ертіс, Сырдарияға аттандырып. Отырарды қоршап алуы Сыр бойындағы қалалардың толығымен монғолдарға бағынуы Қазақстан мен Орта Азияны монғолдар толық жаулап алды.
Жетісу аймағында шапқыншылыққа дейін 200-ден астам елді-мекендер болса, одан кейінгі ХІІІ-ХІҮ ғасырларда 20 жуық елді-мекендер қалған; Баласағұн қаласының орны мүлдем жоғалып кеткен; Егін шаруашылығының жүйесі бұзылды ; Халықтардың этникалық құрамы мүлде бұзылды; Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы 200 жылға кешеуілдеді; Мәдениеттің дамуына кедергі болды. Қазақстан аумағында Ұлыстардың құрылуы Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан (Жетісу аймағы) мен Орта Азия жерлері қарады. Шығысы Ертіс өзенінен батысы Еуропа жеріне дейінгі аумақ , қазақ жерінен Шығыс Дешті Қыпшақ, Арал, Сырдың төменгі ағысы, Жетісудің солтүстік-шығысы қарады. Батыс Монғолия мен Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғары ағысы бойындағы жерлер қарады. Ү. Серпілген сауал әдісі 3-топқа проблемалық сұрақ қойылады. 1-сұрақ. Шыңғысхан не себептен соғыс пен жаулаушылықтар жолына түсті ? Жауап: Көшпелі ақ сүйектердің талабын орындау үшін Дүние жүзіне атын шығару Билік үшін тартыстарды тоқтату үшін Әлем билеушісі болғысы келіп 2-сұрақ. Монғолдардың соғыстарда жеңуіне нелер себеп болды ? Қатаң әскери тәртіп әскери басшылыққа ержүрек, батыл адамдарды тағайындау, шапшаң және шешуші қимылдар жасау басқа халықтардың әскери тәжірбиесін пайдалану. әскери тактиканың мықтылығы. 3-сұрақ. Жаулап алудың зардаптары Қалалық мәдениеттің дамуына үлкен кедергі келтірді. Отырықшылық мәдениет тоқырады Егін шаруашылығының жүйесі бұзылды. Халықтың этникалық құрамы мүлде бұзылып, қазақ халқының қалыптасуын кешеуілдетті, әлеуметтік-экономикалық дамудың барысына орасан зор зардап тигізді. ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау «Ыстық үстел» ұйымдастыру ҮІІ. Менің білім деңгейім тест жұмысы ҮІІІ. Бағалау. Басбармақ арқылы бағалау ІХ. Рефлекция Не білемін ? Не білдім ? Нені білгім келеді? Үйге тапсырма : 22 оқу Жошы және оның ұрпақтары туралы мәліметтер жинастыру Назар аударғандарыңызға көп-көп рахмет!!! Достарыңызбен бөлісу: