Сабақтың мақсаты: хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен танысу. Хордалылар типін жіктеу



Pdf көрінісі
бет13/92
Дата10.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#184506
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   92
Байланысты:
Лекция ОЗ 509 23-24
Ясауитану 1апта, Дүйсембек Алина Психпрактика, Реферат Қазақ хандығының батырлары2, Док тима
3.
 
Миногалардың қаңқасы 
4.
 
Миногалардың ішкі мүшелер жүйесі 
5.
 
Шаруашылық маңызы 
 
КІЛТТІК СӨЗДЕР: протоцеркальды, венозды синус, гипофиз, эпифиз, мезонефрос, 
құмқазғыш. 
 
Біздің заманымызға дейін сақталып қалған жақсыздар миногалар мен миксиндер өкілдері 
құрайтын бір ғана класс дөңгелекауыздылар. Бұл қазіргі кезде тіршілік ететін омыртқалылардың 
ең көне класы.
Дөңгелекауыздылар жартылай паразитті және толығымен паразитті тіршілік етеді. 
Тіршілік ету ортасына мамандануына байланысты бірқатар қарапайым белгілер тән:

жақ сүйектері болмайды, сондықтан аузы дөңгелек;

жұп жүзбе қанаттары болпмайды; 

құйрық жүзбе қанаты тең қалақты протоцеркальды; 

танау тесігі, жыныс бездері сыңар; 

желбезек аппараты қапшық тәрізді; 

терісі бездерге бай; 
Дөңгелекауыздылар класы екі класс тармағына бөлінеді: миногалар (30 шақты түр) және 
миксиндер (20 шақты).
Миногалар класс тармағы 3 топқа бөлінеді: а) ірі түрлер (ұзындығы 1 м) – теңіз немесе 
өтпелі миногалар өмірінің көп бөлігін теңізде өткізіп, өзендерге өрістейді; б)өзен өтпелі 
миногалары теңіздің тұщы және жағалауға жақын учаскелерін мекендеп, өзендерге өрістейді; в) 
Европаның және Азияның тұщы суларында мекендейтін бұлақ, өзен және көл миногалары.
Миксиндер теңіздерде мекендейді, судың тұздылығы 29% төмен болса қоректенбейді, 25% 
төмен болса тіршілігін тоқтатады. 400-500 м тереңдікте тіршілік етеді. Денесінің ұзындығы 50-60 
см. 
Өзен миногасы денесінің ұзындығы 40-41 см жетеді. Денесі жыланбалық сияқты ұзарған, 
ол бас, тұлға және құйрық бөлімдеріне бөлінген. Басының алдыңғы ұшында түбінде сорғыш аузы 
орналасқан ауыз алды шұрығы, оның ішкі бетінде мүйізді тісшелер және тіс тақтайшалары 
орналасқан. Бұлардың мөлшері, пішіні және орналасуы түрдің систематикалық белгісі болып 
табылады. Сыңар танау тесігі көздерінің ортасында орналасады. Екі бүйірінде 7 жұп желбезек 
тесіктері болады. Құйрық жүзбе қанаты протоцеркальды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет