Сабақтың мақсаты: хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен танысу. Хордалылар типін жіктеу


Ағашқа өрмелеп тіршілік ететін қосмекенділер



Pdf көрінісі
бет42/92
Дата10.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#184506
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   92
Байланысты:
Лекция ОЗ 509 23-24
Ясауитану 1апта, Дүйсембек Алина Психпрактика, Реферат Қазақ хандығының батырлары2, Док тима
Ағашқа өрмелеп тіршілік ететін қосмекенділер
. Көпшілігі тропикалық ормандарда 
мекендейді. Бақбақалдар тұқымдасы – барлық материктердің тропикалық аймақтарында 
мекендейтін 580 түрді біріктіреді, Америка мен Австралияда көптеп кездеседі. Бұл майда бақалар 
ағаш сүлбесінде тіршілік етеді. Дене мөлшері 1,5-13 см. Көпшілігі саусақтарының ұшында 
жалпайған жабысқақтары болады. Сол жабысқақ дискілерінен секрет бөлетін ерекше бездер 
болады, олардың көмегімен тік беткейде тұра алады. Кәдімгі бақбақыл дене ұзындығы 3-5 см., көп 
уақытын ағаш сүлбесі мен бұталарда өткізеді. Жемтігі ұшатын насекомдар, ұзын әрі жабысқақ 
тілімен ұстайды. Ескекаяқты бақалар тұқымдасы Азия мен Африканың тропикалық 
аудандандарында мекендейтін 230-ға жуық түрді біріктіреді. Көпшілігі ағаш сүлбелерінде 
тіршілік етеді. Олардың үлкен саусақтарының ұшында жастықшасы болады. Тарауыздылар 
тұқымдасы ағаш сүлбесінде тіршілік етеді. Олар барлық материктердің тропикалық аймағында 
кездеседі. Олар әшекейлі бақа; ява ескекаяқты бақасы. 10-12 м қалықтап ұшуға қабілетті. 
Жерден ін қазып тіршілік ететін қосмекенділер
. Оларға аяқсыздар отряды жатады. 
Отрядқа Оңтүстік Америка, тропикалық Африка мен Азияның оңтүстігінде тараған 165 жуық 
түрді біріктіретін 4 тұқымдас жатады. Өте маманданған және соған қарамастан амфибиялардың 
қарапайым тобы, топырақ арасында, жер қазып тіршілік етеді. Құртшалардың құрт сияқты денесі 
сақиналы белдеулер арқылы бөлінген, саны 400 жуық. Жұп аяқтары мен белдеулері жоқ. Дабыл 
жарғағы, ортаңғы құлақ болмайды, бірақ жерасты тіршілік етуге бейімделу белгісі – иіс сезу және 
сезім қабілеті күшті жетілген. Ең ірі құртша (117 см) Колумбияда мекендейді. Сақиналы құртша 
Оңтүстік Америкада тараған, ұзындығы 40 см., ылғалды ормандарда топыраққа 50 см тереңдікке 
көміліп тіршілік етеді. Цейлон балықжыланы өзен жағалауларында 30 см тереңдікте кездеседі. 
Қосмекенділер әр түрлі ортада тіршілік етуге бейімделгенімен де, олардың географиялық 
таралуына ылғалдылық пен температуралық факторлар әсер етеді. Жылу – қосмекенділердің 
қалыпты тіршілігі үшін қажет факторлардың бірі. Температура 7... 8°С көпшілік қосмекенділер 
бұйығып, -2°С өлімге душар болады. Судың төмен температурасында уылдырықтар мен 
дернәсілдердің дамуына кері әсерін тигізеді. Сондықтан да қосмекенділердің көпшілігі 
тропикалық облыстарда шоғырланған. Полюске жақындаған сайын олардың саны азая түседі. 
Сол сияқты қатты ыстық климат та қосмекенділер үшін қолайсыз. Көпшілік бақалардың 
тіршілік етуінің жоғарғы температурасының шегі 40°С. Терісі жұқа болғандықтан ыстықта олар 
денедегі ылғалды тез жоғалтады. Мұндай ыстыққа жабалар шыдамдылық танытады. Себебі 
олардың терісінің сыртындағы мүйізді түзілістер денесін қауіп-қатерден сақтайды. Сонымен 
қатар, олар көбіне күн көзінен қашып, ымыртта немесе түнде активті тіршілік етеді. 
Қосмекенділер үшін судың химиялық құрамы да елеулі роль атқарады. Амфибиялар тұзды 
суда және тұзды топырақта тіршілік ете алмайды. Натрий хлоридінің 1% концентрациясы 
қосмекенділердің личинкалары мен ересектері үшін қауіпті екені дәлелденген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет