Сабақтың мақсаты: хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен танысу. Хордалылар типін жіктеу



Pdf көрінісі
бет55/92
Дата10.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#184506
түріСабақ
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   92
Байланысты:
Лекция ОЗ 509 23-24

Пысықтау сұрақтары:
1. Бауырымен жорғалаушылардың шығу тегі мен дамуы. 
2. Бауырымен жорғалаушылар класының экологиялық топтары, олардың көп түрлілігі. 
Пайдаланған әдебиеттер: 
 
1. В.М. Константинов, С.П. Шаталова


Лабораторный практикум по зоологии позвоночных: Учебное пособие для студентов высшых 
пед. учеб. заведений. Москва, «Академия» 2004г. 
2. Н.Н. Карташев и др. Практикум по зоологии позвоночных. Изд. 3-е. Москва,2004г.
3. К.Б. Олжабекова, Б.Е. Есжанов. Омыртқалылар зоологиясы, Алматы, «Қазақ университеті», 2 
бөлім. 2007 ж. 
4. В.М. Константинов, С.П. Наумов Зоология позвоночных, 3—изд. Москва, «Академия», 2004 г. 
 
 
 
 
11- тақырып. Құстар класына жалпы сипаттама. Құстардың құрылыс және тіршілік 
әрекеттерінің ерекшеліктері. 
 
Сабақтың мақсаты: 
көк кептерді мысалға алып, құстар класының систематикалық орнымен, 
олардың сыртқы және ішкі құрылысын оқып білу. Құстар класының жіктелуі. 
 
1.
Құстар класына тән белгілер 
2.
Құстардың қаңқасы 
3.
Құстардың ішкі мүшелер жүйесі. 
4.
Құстардың жүйелік топтарға бөлінуі 
КІЛТТІК СӨЗДЕР

орнитофауна, орнитология, киль, күрделі сегізкөз, жіліншік, жемсау, 
қосарлы тыныс алу. 
 
Құстар омыртқалы жануарлардың ұшуға бейімделген тобы. Олардың алдыңғы аяқтары 
қанатқа (пингвиндерде ескекке) айналған. Құстар қағанақты жануарлардың жылықандылар 
(гомойтермді) тобына жатады.
Қазіргі кезде дүниежүзінде құстардың 29 отрядқа топтастарылған 8600 - ден астам түрі 
ғылыми тұрғыдан сипатталған. Соңғы ғылыми деректер бойынша Қазақстанда құстардың 8 
отрядына жататын 512 түрі тіркелген.
Құстардың құрылысындағы көптеген өздеріне ғана тән белгілердің бәрі де ұшуға 
бейімделгендік белгілер болып саналады. Құстардың ұшуға бейімделуіне байланысты жер 
шарында кеңінен таралып, әр түрлі табиғи орта жағдайларында (құрлықта, ауада, суда, ағаш 
басында) тіршілік етеді.
Құстардың денесі қауырсынмен қапталған. Құстардың тіршілігінде қауырсынның маңызы 
өте зор. Қауырсын біріншіден – құстардың денесін сүйірлендіріп сусылдақтық қасиет береді әрі 
ұшуын жеңілдетеді. Қауырсын екіншіден – құстардың дене температурасының тұрақты болуын 
қамтамасыз етеді. Қауырсын үшіншіден – құстардың жұқа терісін механикалық зақымданудан 
сақтайды.
Құстардың денесі – бас, мойын және тұлға бөлімдерден тұрады. Құстарда құйрық бөлімі 
редукцияға ұшыраған. Аяқтары құрлықта қозғалу әрі тіректік қызмет атқарады. Кейбір құстардың 
сирақтары мен жіліншіктерінде мүйізді түзілістер (қабыршықтар) сақталған. Бұл белгілер 
құстардың жорғалаушылармен туыстық жақын екендігіне дәлел бола алады. Өйткені 
жорғалаушылардың мүйізді қабыршықтары мен құстардың қауырсындары түрі өзгерген мүйізді 
түзілістер болып саналады.
Құстардың бас бөлімінде сезім мүшелері мен мүйізді түзілісті тұмсықтары болады, яғни 
құстардың жақ сүйектерінің сырты тұтас мүйізді тақташалармен қапталып тұмсықты құрайды. 
Көпшілік құстардың аяқтарында 4, кейде 3 саусағы болады. Тек бір ғана африка түйеқұсы − 
страустың ғана 2 саусағы болады.
Құстардың терісі жұқа, әрі құрғақ. Тек кейбір құстарда (қазтектестерде, тауықтектестерде 
т.б.) ғана құйрығында құйымшақ безі болады. Одан бөлінетін секрет қауырсындарға судың 
жұқпауын қамтамасыз етеді.
Құс қауырсындары құрылысы мен атқаратын қызметіне сәйкес жабын қауырсындар, 
мамық, нағыз мамық, жіп тәрізді, қылшықты қауырсындар т.б. деп жеке топтарға бөлінеді. Қанат 
қауырсындары қағушы, ал құйрық қауырсындары бағыт беруші қаурсындар деп аталады. Құс 


қауырсындары оқтын – оқтын тұлеп түсіп, орнын жаңа қауырсындар алмастырады. Ұлттық 
ұғымымыздағы "құс қанатымен ұшып,құйрығымен қонады" деген сөздердің мәні зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет