Сабақ тақырыбы: Қысым тақырыбына есеп шығару
|
Мектеп: Үстірт орта мектебі
|
Күні: 29.01.2016ж
|
Мұғалімнің аты-жөні: Ордабаев Мансур
|
Сыныптар: 7-сынып
|
Оқушылар саны:
|
Сыныпта жоқ оқушылар саны:
|
Сабақтың мақсаты:
|
Қысым тақырыбына әр деңгейде есеп шығарып үйрету.
|
Өткен сабақ материалдары:
|
Қысым, Паскаль заңы, Паскаль шары
|
Жоспар
|
Уақытты жоспарлау
|
Жоспарланған іс әрекеттер
|
Ресурс
|
0-15 мин
|
Қысым тақырыбын қайталау барысында тест алу
|
2 нұсқа таратпалары, слайд
|
15-30 мин
|
Қысымға байланысты суреттерді логикалық тұрғыда ойлап талдау
|
Интернет желілері
|
30-80 мин
|
"а" тобынан 5 есеп,"б"тобынан 7 есеп ,"с" тобынан 3 есеп шығару
|
Б.Қ Рахашев "Физиканы оқып үйренейік" 1-том
|
80-85 мин
|
Рефлексия
|
|
85-90 мин
|
Ұй тапсырмасы тақтадағы есептер.
Бағалау
|
|
А тобының есептері
1-есеп: Шынжыр табанының ауданы 1,5 м2 массасы 60т танктың жерге түсіретін қысымы.
2-есеп: Ауданы 50 см2 цилиндр пішінді 2л су құйылған ыдыстың түбіне түсіретін қысымы.
3-есеп: Салмағы 200 Н кілемнің еденге түсіретін қысымы неше? Кілем ауданы 4 м2
4-есеп: Массасы 50 кг, аяқ киімінің табандарының ауданы 500 см2, адамның еденге түсіретін қысымы
5-есеп: Еденге 10 кПа қысым түсіретін, массасы 50 кг адамның аяқ киімінің табанының ауданы
Б тобының есептері
1-есеп: Қар үстінде тұрған шаңғышының массасы 45 кг. Оның әр шаңғысының ұзындығы 1,5 м, ал ені 10 см. Шаңғышының қар бетіне түсіретін қысымы
2-есеп: Массасы 5 кг, табанының ауданы 100 м2 куб тіреуімен бірге 2 м/с2 үдеумен жоғары қарай қозғалғанда, оның тіреуге түсіретін қысымы
3-есеп: Массасы 5 кг, табанының ауданы 100 м2 куб тіреуімен бірге 2 м/с2 үдеумен төмен қарай қозғалғанда, оның тіреуге түсіретін қысымы
4-есеп: Массасы 5 кг, табанының ауданы 100 м2 куб тіреуімен бірге бірқалыпты төмен қарай қозғалғанда, оның тіреуге түсіретін қысымы
5-есеп: Массасы 5,4 т трактордың әр табанының ауданы 0,75м2. Шынжырларына түсіретін қысымы
6-есеп: Массасы 175 кг, әрбір бәтеңкесінің табанының ауданы 410 м2 астронавтың ұшар алдындағы Жерге түсіретін қысымы түсіретін қысымы
7-есеп: Салмағы 45 кН асфальт төсеуге арналған каток жерге 300 кПа қысым түсіреді. Каток тірегінің ауданы
С тобының есептері
1-есеп: Суға тамаша сүңгитін адам 20 м тереңдікте жүр. Осы тереңдіктегі теңіз суының гидростатикалық қысымы (
2-есеп: Азов теңізінің ең терең жеріндегі (14 м) судың гидростатикалық қысымы (
3-есеп: Мұнай толтырылған цистернаға 4м тереңдікте, ауданы 30 см2 шүмек бекітілген. Мұнайдың шүмекке түсіретін қысым күші (
Үстірт орта мектебі
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы:Қысым тақырыбына есептер шығару
Бейнеу 2016 ж
Достарыңызбен бөлісу: |