Сабақтың мақсаты: Жүйке жүйесінің бөлімдері мен мидың қызметі туралы ақпарат алу



бет1/2
Дата26.12.2021
өлшемі84,88 Kb.
#105848
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
0007556e-ae085015




Cабақтытың тақырыбы: Мидың рефлекторлық қызметі.
Сабақтың мақсаты:

1. Жүйке жүйесінің бөлімдері мен мидың қызметі туралы ақпарат алу

2. Оқулықпен өз бетінше жұмыс істеуге дағыландыру.

3. Отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың пәнаралық байланысы: Химия

Сабақтың әдісі: әңгімелеу,


Көрнекілік: Стенд материалдары
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. (амандасу, түгендеу, үй тапсырмасы)

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма беру.

І Ұйымдастыру бөлімі

Үйтапсырмасы

1. Жүйке жүйесіне не жатады?

2. Жүйке жүйесінің маңызы қандай?

14 параграф мәтінін оқып-білу, сұрақтарға жауап беріп, тест құрастыру.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
НЖ 2 бөлімнен тұрады: ОНЖ (ми мен жұлын) және ШНЖ (ОНЖ-нен тыс жатқан барлық нервтер мен нерв түйіндері).

Жұлын.

Құрылысы: омыртқа жотасының өзегінде орналасқан. Ұзындығы 40-45см, салмағы 34-38г, диаметрі 1 см. Омыртқа жотасының құрылысына сәйкес келетін сегменттерден тұрады: мойын, кеуде, бел және құйымшақ сегменттерін ажыратады (8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз, 1 құйымшақ). Олардан 31 жұп нервтер тарайды. Артқы түбірге афференттік нервтер келіп кірсе, алдыңғы түбірден эфференттік нервтер шығады. Жұлынның ортасында - сұр зат (нерв клеткаларының жиынтығы), сыртында – ақ зат (нерв талшықтарынан түзілген) орналасқан.

Қызметі:

1) Рефлекторлық функция. Ж.. – қарапайым рефлекстік реакциялардың орталығы, оның нейрондарында олардың рефлекс доғасы тұйықталады.Кеңістіктегі дене қалпын сақтауға бағытталған рефлекстер, зәр шығару рефлексі, жыныс рефлекстерінің доғасы жұлынның қызметімен байланысты.

2)   Өткізгіштік функция. Адам жұлынының қызметі ОНЖ-нің жоғарыда жатқан бөлімдерінің ықпалына тәуелді.

Дамуы: Жаңа туған сәби жұлынының ұзындығы 14-16см, 10 жаста 2 есе ұзарады, ал 20 жаста дамуы аяқталады. Осы кезеңде жұлынның салмағы 8 есеге артады. Мектеп жасындағы балаларда жұлын нейрондарының көлемінің арту процесі жүреді.

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет