Канада. Мемлекеттің қалыптасуы мен құрылымы
Сабақтың тақырыбы: Канада. Мемлекеттің қалыптасуы мен құрылымы.
Халқы.Табиғат жағдайы мен ресурстары
Сабақтың мақсаты: Канада мемлекеті туралы білімдерін ғылыми тұрғыда
меңгеруге қолайлы орта жасау.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік:Канаданың қалыптасуы мен мемлекеттік
құрылымы,халқы, табиғаты, ресурстары туралы мағлұматтар беру, түсіндіру;
2. Дамытушылық:картамен жұмыс барысында оқушылардың дүниетанымын кеңейту,дамыту, қалыптастыру:
3. Тәрбиелік:географиялық білімдерін тереңдете отырып, ел жандылыққа, имандылыққа, адами қасиеттерге тәрбиелеп,табиғатты түсінуге, аялауға баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың ұйымдастыру формасы: Б.Блум жүйесі.
Оқытудың формасы: Ұжымдық, жеке даралап.
Пәнаралық байланыс:Әдебиет, тарих, информатика.
Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта, проектор,интернет материалдары, карта түрлері
Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, интерактивті кабинетке орналастыру, сәлемдесу. Оқу құралдарын әзірлетіп, зейіндерін сабаққа шоғырландыру.Қатысуын түгелдеп, оқушыларға сабақ барысында білімдерін бағалау мақсатында «Бағалау парағы» жүргізілетіндігін, бағалауда оқушылардың өздері атқаратындығын ескерту.
Б.Блум жүйесі
Мұғалімнің қызметі
Оқушының қызметі
Тапсырмалар
Білу «Канада.Мемлекеттің қалыптасуы мен құрылымы.Халқы.Табиғат жағдайы мен ресурстары» тақырыбына жоспар жасау.Интерактивті тақтамен жұмыс жасауды түсіндіру. Негізгі жоспар мен түсінікті білу.Интерактивті тақтамен жұмыс жасай білу. Интерактивті тақтаны жоспар бойынша пайдалана білу. «Интернет және біз»
«Сөздік жұмысы»
«Географиялық шағын әңгіме»
Түсіну
1.Канада туралы жалпы түсінік
2..Мемлекеттің қалыптасу тарихы
3.Табиғат жағдайлары мен ресурстары
4.Халқы
Интерактивті тақтамен жұмыс жасай отырып, нақты түсінік қалыптастыру
«Есте сақтау үшін» стратегиясы бойынша қажетті мәліметтерді жазып алу»
Қолдану Жеке оқушымен жұмыс, нақты жауабын жазуға, ойлауға жетелейді Ойларын қорытындылап, дәптермен жұмыс жасап, тапсырманы орындайды 1.«Сәйкестендір»
Жеке оқушыға озық тапсырма беру
2.«Т» кестесі
3.«Сен білесің бе?»
Талдау Сыныпқа бақылау жасау «Кім жылдам?» тест тапсырмаларын орындайды, талдайды «Кім жылдам?»
Топтау Жаңа сабақты бекіту, негізгі түсінік қалыптастыру Сұрақтарға жауап беру «Ең...Ең...Ең...» Канаданың өзіне тән ерекшеліктерін «Ең» сөзімен бастап, айтып шығу, қорытып, бекіту.
Бағалау «Бағалау кестесі»арқылы оқушыларды бағалау.Оқушылардың білімін сараптау,қорыту. Өз біліміне сараптама жасау Әр оқушының қатысуын, білімін анықтау, бағалау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Туристік объектілері.Сыртқы экономикалық байланыстары» тақырыбындағы үй тапсырмасын сұрау үшін «Интернет және біз» айдарымен:
1. Колорадо каньоны туралы 2.Ниагара сарқырамасы
3. Диснейленд- ертегі патшалығы. 4.Майами қаласы дүние жүзіне әйгілі курорт
Тақырыптар бойынша АҚШ- тың туристік объектілері туралы оқушылардан сұралады.Сабақ барысында кездесетін кейбір географиялық терминдермен жұмыс жасау үшін «Сөздік жұмысы» интерактивті тақта арқылы жүргізіледі:
1. Йеллоустон-
2. Гейзер-
3. Каньон-
4. Архипелаг-
5. Прерий-
6. Эскимостар-
Оқушы тапсырманы орындау барысында қалған оқушылармен «Географиялық шағын әңгіме» құрау арқылы АҚШ пен Қазақстан арасындағы сыртқы экономикалық
және мәдени байланыстар туралы әңгімелеу жұмысы жүргізіледі. Үй тапсырмасын және меңгеріп, сабаққа белсенді араласқан оқушыларды «Бағалау парағына» түсіріп отыру.
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.
Білу. Жаңа тақырып жоспары:
1. Канада туралы жалпы түсінік
2. Мемлекеттің қалыптасу тарихы.
З. Табиғат жағдайлары мен ресурстары.
4.Халқы.
Түсіну. Тақырып бойынша алған білімдерін жоспар бойынша пайдаланып,нақты түсінік қалыптастыру.
«Есте сақтау үшін» стратегиясы бойынша қажетті мәліметтерді дәптерге түсіріп алу.
1.- Канада жерінің ауданы - 9млн. 970мың км.кв.
- Халқы - 32,2 млн адам (2004ж.)
- Астанасы - Оттава
- Мемлекеттік кұрылымы - Британ Бірлестігі құрамындағы парламенттік конфедерация
- Мемлекеттік басшысы - Британия королевасы
- Үкімет басшысы - премьер- министр
- Заң шығарушы органы – екі палаталы парламент
- Мемлекеттік тілі - ағылшын және француз тілдері
- Ұлттық валютасы – канада доллары
- Әкімшілік – аумақтық бірлігі - провинциялар мен аумақтар
Канада - дүние жүзінде жер көлемі жөнінен Ресейден кейінгі екінші орын алатын, жоғары дамыған ел. Елдің солтүстік бөлігі Канада Арктикалық топ аралындағы (архипелаг) аралдарды қамтыса, оңтүстігі мен солтүстік – батысында Америка Құрама Штаттарымен шектеседі.
2. Х ғ. Қазіргі Канаданың аумағына енетін жерлерге алғаш аяқ басқан еуропалықтар - исландиялық викингтер жергілікті үндістердің тегеурініне шыдамай кері оралуға мәжбүр болған. Еуропалықтардың қазіргі Канада жеріне қоныстануы ХҮ – ХҮІ ғасырларда басталды. Ньюфауленд аралы мен Әулие Лаврентий өзенінің төменгі ағысындағы жерлерге алғаш ағылшындар мен шотландықтар қоныстанған болатын ХҮІІІғ. едәуір күшті Англия Канаданың басым бөлігін басып алды. 1763 ж. Париж келісімі бойынша Канада Ұлыбританияның иелігіне өтті. Француз жері Квебек провинциясы деп атала бастады.
Канаданың қазіргі шекарасы XIX ғ. 70- ші жылдары қалыптасты, ал Ньюфауленд аралы ел құрамына 1949 ж. енгізілді. Мемлекеттік құрылымы жөнінен Канада – 10 провинция мен 2 аумақтан тұратын парламенттік конфедерация.
З. Орасан зор Канада жерінің табиғат жағдайлары да әркелкі. Климаты аса қатал болатын елдің солтүстік бөлігінде Канада Арктикалық топ аралы мен жағалық жазықтар орналасқан. Бұл аймақтың көпшілік бөлігінде тұрғын халық мүлде жоқ. Соңғы жылдар мұнда алтын, темір, уран және мұнай кен орындары табылған. Табиғат жағдайларының қаталдығына және тұрғын халықтың сирек орналасуына байланысты бұл кен орындары жаңадан игеріле бастады.
Елдің Ұлы көлдерден Сеңгір тауларға дейін созылған солтүстік – батыс бөлігін – прерийлер алып жатыр. Құнарлы қара топырақта астық дақылдары өсіріледі. Ал шөбі шүйгін жайылымдар мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді.
ХХг. 20 ж- ры Альберта провинциясында мұнайдың мол қоры табылды. Қазіргі і кезде бұл ауданнан никель, мыс, калий тұздары да өндіріледі.
4. Канада халқының саны 32,2 млн. адамды құрайды. Халықтың орташа тығыздығы әр – шаршы км- ге 3 адам болғанымен, халық ел аумағы бойынша біркелкі орналаспаған. Табиғат жағдайлары өте қолайлы оңтүстік - шығыста 1 кв. км- ге 100 адамнан асады. Жалпы, Канада халқының 2/3 бөлігі елдің АҚШ - пен шекаралас оңтүстігіндегі ені 150 км – лік алапта тұрады. Елдің солтүстігінде 20 - 25 км.кв. аумаққа 1 тұрғыннан ғана келеді, ал Канада Арктикалық топ аралына енетін аралдардың көпшілігінде адам қоныстанбаған.
Елдің байырғы халықтары - эскимостар мен үндістер. Канадада немістер, италиялықтар, голландықтар, поляктар, еврейлер, норвегтер, шведтер мен орыстар тұрады. Азиялықтардан кытайлар, жапондар, үнділер мен арабтар тұрады.
Қолдану. «Сәйкестендір» жедел тапсырма орындау. Мына берілген сөздерден Канадаға тән соз тіркестерін табу:
Монтана, Квебек, Иеллоустон, Құндыздар корольдігі, Үйеңкі, Тас джунглилер, Прерий, Голливуд, Кока- кола, Қауымдастық, Ниагара
1.Канада: 2.АҚШ:
Квебек Монтана
Қүндыздар корольдігі Иеллоустон
Үйеңкі Тас джунглилер
Прерий Голливуд
Қауымдастық Кока- кола
Ниагара
Жеке оқушыға озық тапсырма беру. 1. «Т» кестесін толтыру. АҚШ пен Канаданың басты ерекшеліктері мен ұқсастықтарын жазу.
Канада Ортақ белгілері АҚШ
Топ аралдары бар Мемлекеттік құрылымында өзгешелік бар Көлдерге бай Дамыған елдер Көлемі үлкен Халқының әлеуметтік жағдайлары жоғары Табиғи ресурстарға бай. т.б. Алғашқы ұлттық саябақ ашылған
Ниагара сарқырамасы Туризм күшті дамыған т.б
2. «Сен білесің бе?» айдарымен Канаданың байырға халқы – эскимостар туралы білетін мағлұматтарын айту.
Талдау. «Кім жылдам?» тест тапсырмаларын интерактивті тақтадан барлық оқушылар бірге орындау:
1.Канаданың астанасы:
А)Дели В)Анкара С)Вашингтон Д)Оттава Е)Сеул
2.Ұлттық валютасы:
А)Юань В)Үнді рупиясы С)Түрік лирасы Д) Вона Е)Канада доллары
З.Жер көлемі жөнінен нешінші орында:
А)Бірінші В)Жетінші С)Екінші Д)Бесінші Е)Үшінші
4.Канаданың ұлттық символдарының бірі:
А)Қоян В)Құндыз С)Көлдер Д)Бидай Е)Кеме
5.Канада халқының ең тығыз орналасқан бөлігі:
А)Солтүстігі В)Оңтүстігі С)Батысы Д)Шығысы Е) Орталығы
6.Ұлттық байрағында не бейнеленген:
А)Құндыз В)Шырша С)Үйеңкі Д)Жұлдыз Е)Кеме
7.Мемлекеттік тілі:
А) Неміс және орыс В) Қытай және монғол С) Ағылшын және неміс
Д) Француз және орыс Е)Ағылшын және француз
ІҮ. Қорытынды. Бекіту.
Топтау. Жаңа сабақты бекіту үшін «Ең,Ең,Ең...» деп басталатын сөздер мен Канаданың өзіне тән ерекшеліктерін атап өту. Негізгі түсініктерді қалыптастыру.
Бағалау. Оқушыларды сабаққа қатысуы мен белсенділігі, үлгірімі, тапсырмаларды орындауына орай толтырылған «Бағалау кестесі» бойынша оқушылардың білімін сараптау,бағалау.
Ү.Үйге тапсырма. Тақырыпты талапқа сай оқып, кескін картамен жұмыс жасау және интернеттен, электронды оқулықтардан мәліметтер іздеу тапсырылады.
Дүние жүзінің халқының саны және ұдайы өсуі
Категориясы: География
Қостанай облысы,
Жанкелді ауданы
Збан ауылы
А.Қоңқабаев атындағы орта мектеп
география пәнінің мұғалімі
Ағытаева Жұпар Әлиасқарқызы
Сабақтың тақырыбы: Дүние жүзінің халқының саны және ұдайы өсуі
Сабақтың мақсаты: Дүние жүзінің табиғат ресурстары тақырыбы бойынша алған білімдерін жүйелеу, толықтыру, тереңдету. Дүние жүзінің халқының саны және ұдайы өсуі жөнінде түсіндіру.
Мазмұнға байланысты міндеттер:
1. Адамның шығу тегімен даму ерекшеліктерін зерттейтін антропология, бүкіл адамзаттың ата тегі жөніндегі бағыттар, алғашқы адамдардың шыққан жері, халық санағы, дүние жүзі халқының саны, халық санының ұдайы өсуі, демографиялық саясат туралы білу;
Демографиялық көрсеткіштерді салыстыру, талдау.
2. Оқулық мәтініне талдау жасау, салыстыру, баға беру.
3. Оқушыларды бірін-бірі тыңдауға, жауапкершілікке өзіндік пікірін айтуға, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, ішінара зерттеушілік.
Қолданылатын технология; оқыту мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту.
Көрнекілігі: интерактивті тақта арқылы сызба нұсқа, кесте,слайдтар қолданылады.
Пәнаралық байланысы: тарих, биология.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру. 1 мин.
II Білімдерін жан-жақты тексеру.15мин
1. Географиялық орта дегеніміз не?
2. Қоршаған орта дегеніміз не?
3. ҒТР-дің жетістіктері, адамзаттың шаруашылық әрекеттері нәтижесінде қандай экологиялық зардаптар тудырады, интерактивті тақтадағы сызбанұсқаны толтыру.
4. Ресурстар түрлерін сәйкестендіру, кесте бойынша.
5. Слайдтар көрсету, қандай ресурстар түріне жататындығын анықтау.
6. Тест, ( 1,2 нұсқа )
III. Жаңа білімді игертуге дайындық кезеңі, жаңа сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстыру, сыныпты топқа бөлу. ( мақал-мәтелдің жалғасын табу арқылы сынып 5-топқа бөлінді)
IV. Жаңа білімді игеру. 25 мин
Сабақтың алғашқы « Қызығушылықты ояту » сатысының мақсаттары:
• оқылатын тақырыпқа танымдық қызығушылықты ояту
• оқушыны белсенділікке баулу, жаңа білімді оқып үйренуге дайындау, мотивтендіру.
Бұл мақсат « Ой шақыру » стратегиясы арқылы жүзеге асты. Бүгінгі сабақта
« Дүние жүзі халқының саны ұдайы өсуі » туралы оқып танысатындықтары жайлы айтылып, тақырыпқа сай не білетіндіктерін 3-5 минут аралығында дәптерге жазу тапсырылды, ең маңыздысы- барлық білгенін егжей-тегжейлі жазу керек екендігі айтылды. Жеке жұмыс кезінде әр оқушы тақырыпқа байланысты өз білімін анықтады.
Топта ортаға салу ой алмасу арқылы білімдерін толықтырды.
Бұл сатыда алынған ақпараттар тыңдалды, талқыланды, жұмыс дара , жұп, топ бойынша жүргізілді.
2-ші саты « Мағынаны таныту » сатысының мақсаттары:
• жаңа ақпаратпен танысу
• тақырып мазмұнына сай, өз білетіндерін жаңа ақпаратпен
• салыстыру.
Бұл мақсат ЖИГСО-2 стратегиясын қолдану арқылы жүзеге асты. Топтарға тапсырма парағы таратылды.
1-топтың тапсырмасы:
1. Антропология ғылымы нені зерттейді?
2. 16-сурет (107 бет ) карта бойынша адамның ежелгі қоныстану аймақтарын анықтау.
3. Адамзаттың арғы тегі жөнінде қандай бағыттар бар.
2-топтың тапсырмасы:
1. Алғашқы халық санақтары қай мемлекеттерде және қандай мақсатпен жүргізілді.
2. БҰҰ ел ішінде халық санағын неше жыл сайын өткізіп тұруды ұсынды
3. 14-сызба нұсқаны, қосымша анықтамалық құралдарды қолдана отырып, Қазақстандағы халық санының өзгерістеріне талдау жасау, себептерін анықтау, түсіндіру.
3-топтың тапсырмасы:
1. 15-нұсқа бойынша Жер шары халық санының өзгеру себептерін талдау.
2. Демографиялық жарылыс дегеніміз не, түсіндіру.
3. Демографиялық жағдайды сипаттау үшін, қандай демографиялық көрсеткіштер пайдаланылды.
4-топтың тапсырмасы:
1. Абсолютті демографиялық көрсеткіштері бойынша табиғи өсу, механикалық өсу дегеніміз не
2. Салыстырмалы демографиялық көрсеткіштер бойынша туу, өлу, табиғи өсу коэффициенттері қалай есептелінеді, берілген деректер бойынша Қазақстан халқының табиғи өсу коэффициентін есептеп шығару.
3. Дүниежүзі аймақтарының демографиялық көрсеткіштерін талдау, 16-сызба нұсқа бойынша туу, өлу, көрсеткіштерінің ең жоғарғы, ең төменгі аймақтарын анықтау, адамның жеке елдердегі өмір жасының ұзықтығы қанша, себебін түсіндіру.
5-топтың тапсырмасы:
1. Халықтың ұдайы өсуі дегеніміз не, оның неше типі бар
2. Қазақстанға халықтың ұдайы өсуінің қай типі тән, себебі неде.
3. Демографиялық саясат дегеніміз не, Қазақстан қандай демографиялық саясат ұстануда, сенің өз пікірін қандай.
Бұл сатыда оқушы жаңа ақпараттар мен, ойлармен танысады, әрбір топ берілген тапсырмаларды орындап, ортақ пікірлерін сараптайды.
3. « Ой толғау » сатысында әрбір топ мүшелері орындаған сараптама қорытындылармен топтарына қайтып келіп, мәтінді түйіндеді.Әрбір топтан спикерлер шығып, мәтінді түйіндеуді, сызбанұсқа, кесте түрінде қорғады.
Ең үздік топты анықтады.
« Ой толғаныс » үйрену процесінің соңғы сатысы болды, бұл кезде алған білімдерін ортаға салып, түсінгендерін өз сөздерімен жеткізіп, өз ойларын нақтылады, алған білімдерін сарапқа салып, өздерін-өздері бағалады.
V. Бағалау. 2 мин
Әрбір топ мүшесі таратылған бағалау парағы арқылы бағаланады.
Әрбір топ өз мүшелерін өздері бағалайды.
VI Үйге тапсырма беру, 2 мин.
§ 24-оқу,кескін картаға халық тығыздығы жоғары мемлекеттерді түсіру, ғаламтордан W.W.W stat kz. Қазақстан халқы туралы мәліметтерді қарау, соңғы деректер бойынша хабарлама дайындау.
Үйге тапсырма беріліп, мұғалім сабақты топ мүшелерімен бірге қорытындылайды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Г.Миралиева. «Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын қолдана» // География және табиғат
Г.Беркенова «Успешный ученик как стимул для учителя»
Т. Қисенова «Сын тұрғысынан ойлау жобасы, менің оқушыларым және мен» // Дауыс және көрініс
«Сынып жүлдегері»
Категориясы: География
Қостанай облысы,
Жанкелді ауданы
Збан ауылы
А.Қоңқабаев атындағы орта мектеп
география пәнінің мұғалімі
Ағытаева Жұпар Әлиасқарқызы
Танымдық ойын «Сынып жүлдегері »
Мақсаты:
а) білімдік. Жаратылыстану пәнінің « Жер –Күн жүйесінің ғаламшары » бөлімі бойынша алған білімдерін жүйелеу, толықтыру, тереңдету, сынып жүлдегерін анықтау.
б) тәрбиелік. Ұйымдасып бірге топпен жұмыс жасауға, сыйласа білуге, бірін-бірі тыңдап, өзіндік пікірін айтуға, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.
с) дамытушылық.
Карта, атлас, оқулық, қосымша материалдардан алған білімдерін шығармашылықпен қолдана білу іскерліктерін, қисынды ойлау қабілеттерін дамыту.
әдісі: топтық жұмыс.
Сабақтың типі: қайталау
Түрі: ойын, жарыс.
Көрнекілігі:
Дүниежүзінің физикалық картасы, глобус, интерактивті тақта.
Ойынның өткізілу барысы:
1. ұйымдастыру кезеңі.
Ойынға 7 жеті үміткер қатысады.
Пән мұғалімі ойынның мақсатымен, барысымен таныстырады.
Ойынымыздың бағдарламасы бойынша бірінші таныстыру әрбір үміткер өзінің аты-жөнін, өмірдегі ұстанымын таныстырады.2- ші «Бәйге » сұрақтарға жауап беру,3-ші полиглот,4-ші көрермендерден сауал,5-ші «Кім жылдам» тест сұрақтары беріледі,6-ші «Тоғыз шаршы » ойыны,7-ші «Егер мен......... болсам »,8-ші «Шешендік өнер».
Өздеріңізге белгілі, қазақта жеті саны киелі десек,әлемде Мысыр пирамидасы, Галикарнас кесенесі ,Родос алыбы, Зевс мүйісі,Семирамида аспалы бағы,Александрия шамшырағы,Эфрестегі Диана ғибадатханасы сияқты дүниенің жеті кереметі болса, бүгінгі танымдық ойынымызға жеті үміткерден шығып қатысқалы отыр.
Сонымен,1-ші таныстыру кезені бойынша сөз кезегі ойынға қатысушы үміткерлерімізде.(Әрбір оқушы аты – жөндерін,ұстанымдарын айтады).
Үміткерлерді бағалау үшін сөз кезегі әділ-қазылар алкасына беріледі.
Ойынымыздың келесі кезені «Бәйге»
Алдағы біз баратын бағыт анық.
Сәйгүлік екенінді бізге таныт .
Бәйгеде аттың басын тартпас болар.
Ал, енді тізгіндерді ағыталық, дей келіп,бәйгемізді басталық!
1.
А. Ең ежелгі құрылық ( Пангея )
Б. Алғашқы глобусты жасаған кім (М.Бехайм )
С. Қанша ғаламшар бар (9)
2
А.Экватордың ұзындығы (40 мың км)
Б. Аспан денелерін зерттейтін ғылым (Астрономия)
С. Философ, энциклопедист – оқымысты ғалым----Әл-Фараби
3
А. Солтүстік бағытты көрсететін жұлдыз------Темірқазық
Б. Жер шарының кішірейтілген моделі----------Глобус
С. Жер бетінің жалпы ауданы-------------------510 млн. кв км
4
А. Күнге ең жақын орналасқан ғаламшар------Меркурий
Б. Қазақтың тұңгыш ғарышкері-----------------Т.Әубәкіров
С Солтүстік полюске тұңғыш ту тіккен поляр зерттеушісі-----Р.Пири
5
А. Ежелгі мұхиттың аталуы-------Панталасса
Б. Жердің ішқі құрылымы қандай қабықтардаң тұрады ( Жер қыртысы,мантия,ядро)
С Гранит, базальт қандай жыныстарға жатады (Магмалық)
6
А.Топырақтану ғылымының негізін салушы ғалым-----В.В.Докучаев
Б. Емдік сулардың шығып жатқан жерінің аталуы-----Арасан
С. Ауа қабығы----------Амосфера
7.
А. Ең терең шұңғыма--------Мариан
Б. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен-----Ніл
С Белгілі бір аймақтағы ұзақ жылдар бойы қайталанатын атмосфераның төменгі қабатының тұрақты жағдайы------Климат
Бәйге кезеңі бойынша бағалауды әділ қазылар алқасына ұсынылады.
Ойынымыздың келесі кезеңі бойынша полиглот, бұнда әрбір үміткерге берілген анаграмма бойынша сөз құрастыру, сөздің қазақша, орысша, ағылшынша аталуын айту.
Сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі.( Ұпайы төмен оқушыны рахмет айта отырып, шығарып салу)
Ойынымыздың келесі кезеңі « Көрермендерден жанды сауал »
Ойынымыздың келесі кезеңі бойынша « Кім жылдам ?»ойыны бұнда алдын-ала дайындалған тест сұрақтары таратылып беріледі. Уақыты 5 минут.
Көрермендермен ойын , жұмбақ шешу.
Барма жоқ па, оны анық көрмейміз,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейміз. Ауа.
Жер бетінің кескінін, түрлі түспен көрсеткен,
Болса да өзі құрметпен,
Тиіпті орын, ең шеттен. Шарты белгілер
Мен өзім үшбұрышқа ұқсас келгем,
Жағама алғаш жүзіп, Колумб жеткен,
Үндістанды таптым деп қателесіп,
Халқымды « үндістер » деп, атап кеткен. О. Америка
Қаласы бар үйі жоқ,
Өзені бар, суы жоқ,
Орманы бар түбі жоқ,
Бақшасы бар, гүлі жоқ. Карта
Әділ қазылар алқасы тесті тексеріп, бағалайды.
Ойынымыздың келесі кезеңі « 9 шаршы ойыны »
Тақтада сандар жазылған таблоны таңдап, үміткерлер жауап береді, әрбір үміткер тек 3-н таңдауға болады.
20
1. Егер жер шарының 361млн кв км су болса, құрлық қанша кв км, есептеңіз.
2. Егер масштаб санмен көрсетілсе, ол қандай масштаб деп аталады.
3. 8742 м тереңдік қай мұхитқа сай келеді.
30
1. Ауаның қанша пайызы оттегіден тұрады.
2. Атмосфераның төменгі қабаты қалай аталады. Тропосфера
3. Бір тонна бидай өсіру үшін қанша тонна су қажет 1500 т.
40
1. Қызыл теңіздің тұздылығы қанша------41 промилле
2. Судың ішіндегі және газдағы молекуланың таралуы дегеніміз не?----Диффузия
3. 40 Бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашқан ғалым-----Иссак Ньютон
4. шығармашылық жұмыс
Ойынымыздың келесі кезеңі бойынша « Егер мен ... президент, директор, болсам »
Бағалау үшін сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі
Ойынымыздың келесі кезеңі бойынша « Шешендік өнер »
« Табиғатты көркейтуге қосар үлесім», « Табиғатты аялайық », « Таза болса табиғат, аман болар адамзат » осы берілген тақырыптар бойынша интерактивті тақтадан көрсетілетін қоршаған ортаны ластануын жөніндегі видео роликті пайдалана отырып, өзінің шығармашылық ойын жеткізеді.
Атажұрт
Категориясы: География
Қостанай облысы,
Жанкелді ауданы
Збан ауылы
А.Қоңқабаев атындағы орта мектеп
география пәнінің мұғалімі
Ағытаева Жұпар Әлиасқарқызы
Тақырыбы: Атажұрт.
Мақсаты: а) білімдік
Қазақстанның физикалық географиясы бойынша алған білімдерін еліміздің экономикалық географиясынан алған білімдерімен ұштастыру, сабақтастыру, білімдерін тереңдету, толықтыру, жүйелеу.
б) тәрбиелік
Табиғат байлықтарын ұқыпты пайдалануға, ұтымды қолдана білуге, табиғатты сүюге, оны аялауға тәрбиелеу.
с) дамытушылығы
Бағдарламадан тыс білім алуға құштарлығын, танымдық қызуғышылығын арттыру, шығармашылық ізденіске баулу.
әдісі: топтық жұмыс
Сабақтың типі: қайталау.
Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық, экономикалық карталары, интерактивті тақта, видио ролик, суреттер.
Ойынның өткізілу барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар 2 топқа бөлінеді.
Әр топта 6 оқушыдан
Мақстаымен таныстыру
( Пән мұғалімі хабарлайды )
Ойынның бағдарламасы бойынша 1-ші таныстыру кіріспе бөлімнен, негізгі бөлім 4 кезеңнең тұрады. Атап айтқанда:
1. « Қанат қақты »
2. « Самғау »
3. « Өрлеу »
4. « Шарықтау »
Қорытынды бөлімде жеңімпаз атанған топ « Жер ұйық » деп аталатын кезеңге қатысады. Ойымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
Әлемдік білім кеңістігінде сұңқар құстай самғап, қырандай қалықтасын деген оймен екі топты сұңқар, қыран деп атауды жөн көрдік.
Ал енді, екі топтың топ басшылары бүгінгі ойынға қатысушы топ мүшелерімен таныстырады, кезекті анықтау үшін топ басшыларын ортаға шақырамын.
Сонымен бірінші болып... тобы бастайды. Қол соғып қошаметтеп қоямыз. Екі топтың жан күйерлерімен ойын, өрлеу кезеңінде ойналады. 1-ші кезең « қанат қақты » ойын шарты бойынша әр топтың топ басшыларына 5 сұрақтан қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
« Қыран » тобының топ басшысына қойылатын сұрақтар
1. Тянь-Шань тауының ең биік шыңы қалай аталады, шыңды ашқан ғалым. ( Жауабы: Хан тәңірі, П.П. Семенов –Тянь –Шаньский )
2. Қазақстан аумағындағы Орал тауының жалғасы ( Мұғалжар )
3. Қазақстан жеріндегі ежелгі платформа ( Шығыс Еуропа )
4. Қазақстанның ұлттық ядролық орталығы қай қалада орналасқан
( Курчатов қаласы )
5. Астанадағы « Бәйтерек » монументін жобалаған суретші « Қазақстан суретшілер одағының президенті Ақмырза Рүстем »
« Сұңқар » тобының топ басшысына қойылатын сұрақтар.
1. Сарыарқаның ең биік нүктесі қалай аталады ( Ақ сораң )
2. Балқаш көліне құятын өзендерді ата ( Іле Қаратал )
3. Қазақстандағы титан – магний өнеркәсібінің орталығы ( Өскемен )
4.Қазақстандағы алғашқы химия кәсіп орны қай қалада орналасқан, зауыт ашы жусанды өңдеу арқылы қандай дәрі шығарды ( Шымкент, Сантонин )
5. Қазақстанның қай қаласы Боливияда өткен « әлемдік қалалар » Халық аралық конференцияда « Бейбітшілік » қаласы атанды ( Астана )
Ойынымыздың келесі « Самғау » кезеңінде әр топқа кезек-кезек сұрақтар қойылады, егер жауап бере алмаса қосымша көмек алуға болады.Бірақ қосымша көмек алған жағдайда жарты ұпай кемиді, бір сұрақ 20 балл,
Қыран тобының сұрақтары:
1. Қазақстанның орта ғасырлық ірі қалаларының бірі Сырдарияның Арыс өзеніне құяр сағасына таяу орналасқан. Бұл қаланың аты 8 ғ.-дан бастап аталғанымен оның тарихы б.з. д. 2-ші ғасырдан басталған, Сырдарияның орта ағысында пайда болған Қаңлы мемлекетінің тарихымен тығыз байланысты, оның алып жатқан ауданы 200-га –ға жетіп, нағыз шығыс қаласына айналды. ( Отырар ).
Қосымша көмек 1219 жылы күзде моңғолдар қаланы қоршап, 6 айдандан кейін басып кіріп, халқын қырғынға ұшыратты.
2. Бұл үстірт шығысындағы Сарыарқа, Батысындағы Мұғалжар және Оңтүстік Оралдың аралығында жатыр. Солтүстігі Батыс Сібір жазығына, Оңтүстігі Шалқар теңіз ойысына жалғасады, абсалюттік орташа биіктігі 200-300 м
Қосымша көмек.- Бұл үстірт арқылы Есіл және Тобыл өзенінің және Торғай қолатының шағын өзендері ағып өтеді. (Торғай )
3. 1984 жылы 12 шілдеде ұйымдастырылған қорық, Маңғыстау облысының Ералы аудынының оңтүстігінде Жаңа өзен қаласынан 150 км қашықтықта орналасқан аумағы 223 мың 342 гектар ( Үстірт )
Қосымша көмек.- Солтүстік және солтүстік –батысында Каспий маңы ойпатымен, батысында Маңғыстау жазығымен шектеседі. Теңіз деңгейінен биіктігі 200 м. ( интерактивті тақтадан Үстірт қорығы көрсетіледі )
Сұңқар тобының сұрақтары:
1. Атырау қаласынан 55 км жерде, Жайықтың оң жағасындағы бір кездегі атақты қала. Қаланың іргесі 11 ғасырда қаланған, гүлденген дәуірі 13-14 ғасыр аралығы. Қала Еуропа мен Азияны жалғастыратын керуен жолында орналасқан. ( Сарайшық )
Қосымша көмек. Қаланың екінші атауы Саранджук. Қала Алтын Орда заңдары жерленген қасиетті орынға айналған.
2. Қала өткен ғасырдың ортасынан дейін өзінің саудалық маңызын сақтады, қазір ол тарихи және мәдени орталық. Мұнда мұсылман сәулет өнерінің інжу маржаны, Қожа Ахмет Иассауи кесенесі орналасқан көне қала қалай аталады ( Түркістан )
Қосымша көмек
Айтылып отырған қаламыз Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан ежелгі қала.
4. Өзі аттас өзеннің аңғарында, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында ұйымдастырылған мемлекеттік ұлттық табиғи парк. Ауданы 93150 гектар, Алматы қаласынан 193 км қашықтықта орналасқан
( Шарын шатқалы )
Қосымша көмек Іле тау аралық аңғарында орналасқан. ( интерактивті тақтадан Шарын шатқалы көрсетіледі )
Ойынымыздың келесі « Өрлеу » кезеңінде әр топтың жанкүйерлеріне сұрақтар қойылады, әр сұрақтың жауабына 5 ұпай беріледі, жанкүйірлер өздерінің ұпай санын қалаған екі топтың біріне қосады.
Қыран тобының жанкүйірлеріне қойылатын сұрақтары :
1. Рахманов термальді бұлағы Қазақстанның қай аймағында орналасқан
( Шығыс Қазақстан )
2. Халық ең көп қоныстанған Қазақстанның ауданы (Оңтүстік Қазақстан ауданы )
11. Сұңқар тобының жанкүйерлеріне қойылатын сұрақтар
1. Мұғалжар тауының ең биік жері қалай аталады (Үлкен Боқтыбай, 657 м )
2. Ебі желіне кері бағытта Жоңғар қақпасы арқылы Орталық Азияға қарай соғып тұратын жел. ( Сайқан )
Ойынымыздың келесі Шарықтау кезеңінде тақтада 14 сан ілінген, әрбір топ 4 санды таңдап, соған сәйкес жазылған сұрақтарға жауап береді, әр сұрақтың дұрыс жауабына 5 ұпай беріледі.
1. Қазақстан Республикасының аймағындағы жауын-шашын ең аз түсетін жер, ол Жамбыл облысының территориясында, Балқаш көлінің батысында орналасқан. ( Мың арал )
2. Өзен бойында елімізде егілетін күріштің 80% егіледі, бұл өзен Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облысының территориясын кесіп өтеді. Өзеннің атауы ( Сырдария )
3. Бұл қорық Ақмола облысының территориясына кіреді. Қорық ЮНЕСКО-дан өте маңызды қорғалатын аймақ деген атақ алды.
( Қорғалжын қорығы )
4. Қазақстанның теңіз деңгейінен ең төменгі ойыс орналасқан жері қалай аталады ( Қарақия -132 м, Маңғыстау облысы )
5. Қостанай облысындағы темір кен орындарын атаңыздар
( Соколов-Сарыбай, Лисаков, Қашар )
6. Каспийге келіп құятын, бекіре балыққа бай өзен қалай аталады, өзен қай облыс территориясы бойынша ағып өтеді ( Жайық өзені, Батыс Қазақстан обл. )
7. Марал, панты, омарта шаруашылығымен айналысатын облысты атаңыз ( Шығыс Қазақстан )
8. Никель хром өндірісіне маманданған облыс ( Ақтөбе )
9. Алюминий, трактор шығаратын, мұнай өнімдерін өңдейтін зауыттар орналасқан облыс ( Павлодар )
10. Республиканың « Солтүстік қақпасы » атанған Солтүстік Қазақстан облысының орталығы ( Петропавл )
11. 17 ғасырда балықшылар елді мекен ретінде іргетасы қаланған Каспий теңізінің солтүстігінде орналасқан қала қалай аталады, қай облыстың орталығы ( Атырау )
12. Іле Алатауының баурайында орналасқан еліміздің аса ірі қаласы (Алматы )
13. Бау-бақша, жүзім өсіруге маманданған облыс ( Оңтүстік Қазақстан облысы )
14. Кокстелетін көмір өндіретін Орталық Қазақстанның басты қаласы
( Қарағанды )
Осымен кезеңдер аяқталды,женген топты анықтау үшін сөз әділ қазылар алқасына беріледі, женген топ –« Жерұйыққа » жеттіңіздер, ойынды жалғастырсаңыздар бір сұрақ беріледі, жауап берсеңіздер ұпайларыңыз екі еселінеді.
Мемлекетіміздің негізгі мыс балқыту орталығы болып есептелетін, мыстан басқа Республикамызбен ТМД елдерінің зауыттарына қажет қорғасын шығаратын 95 мың тұрғыны бар қала статусын 1954 жылы алған қаланың атауы. ( Жезқазған )
Жезқазған маршы орындалады. «Сұңқар » тобы жеңіске жетті.
Сарыарқа
Категориясы: География
Қостанай облысы,
Жанкелді ауданы
Збан ауылы
А.Қоңқабаев атындағы орта мектеп
география пәнінің мұғалімі
Ағытаева Жұпар Әлиасқарқызы
География 8 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Сарыарқа
Сабақтың мақсаты: Қасиетті өлке Сарыарқаның географиялық орнын анықтау, табиғаттың құрамдас бөліктері арасындағы байланысты логикалық бейнелеуге, үйлестіруге дағдыландыру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін дамыта отырып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне мүмкіндік беру.
Сабақтың тәрбиелік мәні: Жерді қорғауға, өз еліне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Пәнаралық байланыс: биология, қазақ әдебиеті, тарих, информатика, экология,
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, атлас, кескін карта, буклеттер, Сарыарқа суреттері, компьютер, Астананың суреттері
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау, топтастыру, Венн диаграммасы, бес жолды өлең әдісі, түртіп алу әдісі, жобалау әдісі, ауызша сұрақ-жауап, «Артық сөзді алып таста» ойыны, электрондық оқулықпен жұмыс,
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, оларды түгендеп, 4 топқа бөлу.
«Қызығушылықты ояту» кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару (психологиялық дайындық) бүркіт, күн, бұлт суреттерін көрсетіп, қай суретті не себептен таңдап алғандарын түсіндіру.
Үй тапсырмасын сұрау:
1. «Ой шақыру» стратегиясын пайдаланып, әр топ экранына 2 сұрақтан шығарып, ойлануға 1 минут беріп, уақыт аяқталғаннан кейін ортаға әр топтан 1 спикер шығып жауабын беру.
2. «Артық сөздерді алып таста» ойыны. Әр топ экранына сөздер шығарып ол сөздердің ішінде артық сөздерді табуы керек, уақыт 1 минут, уақыт өткеннен кейін топтан спикер шығып жауап береді.
1-топ:Өзендері: Жем, Үй, Есіл, Ойыл, Әйет, Жайық, Обаған, Шу, Тоғызақ, Торғай, Шағалалы, Талас.
Жануарлары: бүйі, сарышұнақ, ақ құр, үйрек, мәлін, сұр тырна, бозторғай, жұртшы, аққу, қоян, тиін, ақбөкен, сусар, бұлан, оқ жылан.
2-топ: Пайдалы қазбалары: фосфорит, кобальт, газ, хромит, боксит, темір, вольфрам, құрылыс материалдары, сурьма, тас көмір, сынап, марганец.
Өсімдіктері: шілік, боз, өлеңшөп, арпабас, көктерек, итмұрын, шырғанақ, тошала, бүлдірген, ши, мойыл, бидайық, дермене жусан, жөке, бетеге, шеңгел, шайшөп, бұйырғын.
3-топ: Өсімдіктері: қарабас, арпабас, май қарағай, сәбіз шөп, итсиген, қамыс, сексеуіл, қайың, көктерек, жыңғыл, жүзгін, емен, беде, сантонин.
Топырағы: қара, ашық қоңыр, сортаң, ашық қызғылт, қызыл қоңыр, қызғылт күрең, сұр-қоңыр, аллювийлі сор, құмды шағыл, күлгін, орманның сұр, таулы аймақ.
4-топ: Жануарлары: бұлан, елік, қоян, бұғы, қарсақ, күзен, ақбөкен, қасқыр, түлкі, қарақұйрық, аламан, ақкіс, сарышұнақ, ұлар, аққу, муфлон.
Номенклатурасы: Есіл, Жалпы Сырт, Құсмұрын, Орал алды, Сілеті теңіз, Жем, Құлынды, Обаған, Қызыларай, Павлодар, Қашар, Әйет, Жетісу, Лисаковск, Наурызым, Тастау.
3. «Мағынаны ажырату» а) Венн диаграммасын пайдалана әр топ ортақ ұқсастықтарын табады.
III. а) Жазық пен таудың ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасына жаз.
ә) Сарыарқа немесе Қазақтың ұсақ шоқысы аталу себептерін жаз.
б) Электронды оқулықпен жұмыс.
Әр топқа Сарыарқа тақырыбының бөлімдерін бөліп беру. Электрондық оқулықтағы Сарыарқа туралы мәтінді оқып шығып, оқулық мәтінін пайдалану.
1-топ: Географиялық орны, жер бедері, геологиялық құрылысы.
2-топ: Пайдалы қазбалары, климаты
3-топ: Өзендері мен көлдері, қорықтары
4-топ: Табиғат зоналары, өсімдіктері мен жануарлары
Әр топқа «Талқылау парағын» таратып, «негізгі идеяны суреттеу» стратегиясын қолдана отырып,уақыт 5 минут беру, уақыт аяқталғаннан кейін әр топтан 1 спикер шығып, талқылау парағы бойынша түсіндіреді, әрқайсысына картадан көрсетіп, жауап беруге 1 минуттан уақыт беріледі.
4. Әр топ өздері үйде дайындап әкелген «Астана - жас қалам» атты жобаларын қорғайды, әр топқа 2 минуттан уақыт беріледі.
Әр топқа сұрақтар қою:
1 топқа - Қай күнді біз Астана күні деп тойлаймыз?
2 топқа - Астана Алматыдан қай жылы көшірілді?
3 топқа - Астананың климаты қандай?
4 топқа - Астанадан қандай өзен ағып өтеді?
5. Қорытындылау кезеңі. «Ой бөлісу ортаға салу» стратегиясын қолдана отырып, әр топқа 1 сұрақтан беру, ойлануға 30 секунд, уақыт өткеннен кейін ортаға 1 спикер шығып, жауап береді.
6. Төрт жолды өлең әдісін пайдалана отырып, әр топқа 1-ші жолы зат есім, 2-ші жолы сан есім, 3-ші жолы сын есім, 4-ші жолы етістіктен тұратын өлең құрастыру, уақыт 2 минут беріледі.
7. Дәптермен жұмыс:
Номенклатура: Қызыларай, Ақсораң, Қарқаралы, Кент, Баянауыл, Шыңғыстау, Көкшетау, Ұлытау таулары, Қарағанды, Екібастұз, Саяқ, Қоңырат, Жезқазған, Қарсақпай, Атасу, Жәйрем, Балқаш кен орындары, Теміртау қаласы, Есіл, Нұра, Сарысу, Сілеті, Шідерті, Тоқырауын өзендері, Бурабай, Шортанды ,Қорғалжын көлдері.
8. Оқушыларға сабақ аяқталуға 5 минут қалғанда «Бағалау парағы» мен «Шығу парағын» тарату.
«Шығу парағының» сұрақтары: Топта жұмыс істеген оңай ма?
Кім өзін еркін сезінбеді неге?
Бірлескен жұмыстан не алдың?
Үйге тапсырма беру: 1. Сарыарқа тақырыбын оқып келу.
2. Балқаш көлінің экологиясы бойынша суреттер салып, жоба дайындау.
3. Кескін картаға Сарыарқаның жоталарының аттарын, созылу бағыттарын түсіру.
Өзендер
Категориясы: География
Қостанай облысы,
Жанкелді ауданы
Збан ауылы
А.Қоңқабаев атындағы орта мектеп
география пәнінің мұғалімі
Ағытаева Жұпар Әлиасқарқызы
Сыныбы: 5
Тақырыбы: Өзендер
Мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға өзен, өзен жүйесінің бөліктері,олардың орналасу ерекшеліктері мен олардың шаруашылықтағы маңызы жайлы білім беру;
ә) дамытушылық: оқушылардың дүниетанымдылық қабілеттерін, ойлау, сөйлеу дағдыларын, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту;
б) тәрбиелік:оқушыларды сүйіспеншілікке, алғырлыққа, ізгілікке, табиғатты аялауға, оның қамқоршысы бола білуге баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, ой қозғау, түсіндіру
Өткізу формасы: топтық
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ әдебиеті
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, карта, глобус, плакат
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу;
ә) сынып тазалығына мән беру;
б) оқушыларды 3 топқа бөлу.Мұхит, Теңіз, Көл.
в) назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Балалар үйге қандай тапсырма берілді? Балалар: Теңіздер мен көлдер. Кескін картаға үлкен теңіз, көл аттарын түсіру.
Мұғалім: Олай болса, 1-кезеңімізді бастайық.
1-кезең. «Бой сергіту» (3 топқа ортақ сұрақтар беру, сұрақ саны - 9)
1. Теңіз дегеніміз не?
2. Көл дегеніміз не?
3. Орналасуына қарай теңіздерді қалай ажыратамыз? (ішкі, шеткі, арал аралық)
4. Бұғаз деп нені атайды?
5. Қазақстандағы қандай көлдерді білесіңдер?
6. Шығанақ дегеніміз не?
7. Дүние жүзіндегі ең терең көл қайсы?
8. Дүние жүзінде жалпы қанша теңіз бар?
9. Адамдар үшін көлдердің қандай пайдасы бар?
2-кезең. « Бейнесіне қарап тап». Мұнда теңіз, көл, шығанақ, бұғаздардың суреттері беріледі, соған қарап оқушылар табу керек.
«Мұхит» тобына Арал, Чад (Африка), Ла-Манш
«Теңіз» тобына Балқаш, Жерорта, Парсы
«Көл» тобына Каспий, Араб, Мексика
3-кезең «Адасқан балық» . Тақтадағы суретте аквариумда жүзіп жүрген балықтардың суреті берілген. Әр топтан бір-бір оқушыдан шығып, балықтың артындағы сұраққа жауап беріп, оны өздері қалаған көл немесе теңізге жібереді.
1-сұрақ.. Дүние жүзіндегі ең тұзды теңіз (Қызыл теңіз)
2-сұрақ. Дүние жүзіндегі ең ұзын бұғаз (Мозамбик)
3-сұрақ. Картада не себепті Балқаш көлі екі түрлі түспен беріледі?
4- сұрақ Біздің облысымызда қандай теңіз бар?
5-сұрақ Тайқазаным күні бойы қайнайды,
Ортайып та, сарқылып та қалмайды (көл)
6-сұрақ. Еуразия мен Африка материгін бөліп тұрған бұғаз (Гибралтар)
ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық
Жаңа тақырыпты ашу алу мақсатында оқушыларға жұмбақ жасырылады.
Туған жердің белбеуі,
Шұбатылып қалыпты.
Керемет-ау кернеуі,
Тасты тесіп жарыпты.( Өзен)
ІҮ. Жаңа сабақ
а) Ауызша баяндау;
ә) Картамен жұмыс
б) Оқулықпен жұмыс
в) Дәптермен жұмыс (конспект)
Ой қозғау стратегиясы.
Қазақстанда қандай өзендер кездеседі? Өз жерлеріңде қандай өзен бар?
Өзен дегеніміз – табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су. Біздің ғаламшарымызда миллионнан астам өзендер бар болса, ал Қазақстанда 85 мың өзен бар.
Бастау - өзеннің басталар жерін айтады. Әдетте өзендер басын таулардан алып көл, теңіз, мұхиттарға құяды. Өзеннің басталар жерінен құяр жеріне дейінгі аралықты өзен алабы деп атайды.
Өзен аңғары - өзен алқабындағы, ұдайы ағып жатқан судың әсерінен төмен түскен жері.
Өзеннің жайылмасы - өзеннің толысып, тасу кезеңінде жағалауларын екі жағына да уақытша жиналатн сулы алап.
Саға - өзеннің теңізге немесе көлге, мұхитқа барып құятын жерін айтады.
Мысалы, Шу өзенін Ілияс Жансүгіров былай деп сипаттайды:
Шу әне, тауды тарпып, шыққан тулап,
Ойнақтап, ырғи, жосып таудан тулап.
Асқардың ақтарылған ағы емес пе,
Қарқ болған қырғыз-қазақ суын сулап.
Адамдар үшін өзендердің шаруашылықтағы маңызы өте зор. Ерте замандардағы өркениеттің өзі Ніл, Тигр, Евфрат, Ганг, Хуанхэ, Янцзы өзендері бойында дамығандығы тарихтан белгілі. Құлап аққан өзен суынан электр қуатын өндіреді. Өзен кемелері жолаушы мен жүк тасымалдайды. Өзен суын фабрикалар мен зауыттар көп пайдаланады.
«Ең ерекше»
Ніл – дүние жүзіндегі ең ұзын өзен. (6671 км). Африка материгінде орналасқан.
Амазонка – дүние жүзіндегі ең суы мол өзен.Оңтүстік Америкада орналасқан.
Конго – экватор сызығын екі рет кесіп өтетін өзен. Африкада орналасқан
Ертіс – Қазақстандағы ең ірі өзен.
Ү. Жаңа сабақты бекіту.
Кім жылдам?
Өзен дегеніміз не?
Өзендер картада қалай белгіленеді?
Өзеннің құятын жерін не деп атайды?
Дүние жүзінде қанша өзен бар?
Елордамыз қай өзеннің бойында орналасқан?
Өзеннің жайылмасы деген не?
Өзеннің неше саласы болады?
Біздің облысымыздан қандай өзен ағып өтеді?
Өзеннің шаруашылықтағы маңызы қандай?
Дүние жүзіндегі ең ұзын өзенді атап, картадан көрсет.
ҮІ. Қорытындылау.
Жеңген топты анықтап, мадақтау.
ҮІІ. Бағалау
Топтағы белсене араласқан оқушыларды бағалау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру
23-тақырыпты оқу;
кескін картаға дүние жүзіндегі ірі өзендерді түсіру;
Сабақтың тақырыбы: Аласа таулар
Сабақ мақсаты: Оқушыларды аласа таулармен таныстыру
4. Білімділігі: Оқушылармен техникалық нұсқау картасы және плакат бойынша жұмыс жасап, білім сапасын көтеру.
5. Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық қиялын дамыту, қызмет көрсету саласына үйрету және пәнге деген қызығушылығын арттыру, тапсырмалар беріп, оқушылардың даму қабілетін дамыту.
6. Тәрбиелілігі: Оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын ояту, өзіне деген сенімділікті, жұмыста өз бетінше орындауға, ұқыптылыққа, батылдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, плакат, нұсқау картасы, сұрақ қағаздары.
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, даярлық, журналмен түгелдеу, денелерін тік ұстап отыру керектігін ескерту.
I. Жаңа сабақ: Аласа таулар
1. Тірек сызба
Аласа таулар Орташа таулар Биік таулар
400-1000м 1000-2000м 2000м
Аласа тауларға
Мұғалжар Қазақстандағы ұсақ шоқылар Маңғыстау
2- бөлім. Жұмбақ.
1. Еліміздегі теңіз атымен аталған ойпат
2. Еліміздегі қақпалар
3. Тамақ атымен аталатын құм
4. Құс атымен аталатын үстірт
5. Өзен атымен аталатын жазық
6. Ұлт атымен аталатын жазықтар
7. Дене мүшесінің атымен аталатын құм
8. Бояу атымен аталатын құм
9. 2- атауы бар өзен
10. Ғалым атымен аталатын төбешік
3-бөлім. Қорытынды цифырлар сыр шертеді
-28м- Каспий ойысының төмен жері
-132м-Қарақия ойысы
100-200м – Каспий маңындағы төбешік
240 – Сағатың белгісі
240 – Сағатың белгісі
150 – градустың түрі
6995м – Хан тәңірі
200м – Үстірттің биіктігі
5-15- Солтүстік Қазақстан жолдары
2724.9мың км- Еліміздің көлемі
Оқулықпен жұмыс ( картадан таулардың сызбасын көрсету )
Ақсарақ
Ұлы тау шыңдары
Көкшетау
Маңғыстауға сипаттама .
Мұғалжарға сипаттама.
Сурет ( өлең оқылады )
Контурный картамен жұмыс
Обьектілерді талдау
1. Мұғалжар 6.Сарысу
2. Бақтыбай 7. Лексі
3. Үстірт 8. Ақтау
4. Маңғыстау 9. Қаратау
5. Ойпат 10. Қызылорай
Сабақтың тақырыбы: Аустралия.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Аустралияның географиялық орнының ерекшеліктерін, жер бетінің сипатын, табиғатын түсіндіріп, оның тарихын, экономикалық, экологиялық жағдайлары туралы білімдерін толықтыру.
Білімділік мақсаты: Оқушыларға жаңа сабақты мазмұндау. Аустралияның зерттелу ерекшелігін, қасиеттерін, даму ерекшеліктерін ғылыми деректерді пайдаланып тереңдете меңгерту.
Дамытушылық мақсаты: Білімге құштарлығын, дүние танымдылық көзқарасын, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыра отырып және саралап, деңгейлеп оқыту арқылы жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Ғылыми деректерге сүйене отырып, халықтық тәрбие үлгілерін қолдану, өсіп-өркендеу тұрғысынан дұрыс қабылдауға, ұлтаралық сыйластыққа, шындыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: Дүниежүзінің физикалық картасы, саяси карта, атлас, кескін карта, оқулық, қосымша оқулықтар, интерактивті тақта, плакаттар.
Сабақтың әдісі: Деңгейлік саралап оқыту арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамыту. М.М. Жанпейісованың әдісі бойынша.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
А) Сәлемдесу
Ә) Түгелдеу
Б) Сабаққа назар аудару
2. Үй тапсырмасын бағалау.
3. Жаңа сабақ « Аустралия материгі »
1. Ой шақыру
1. Анхель 6. Амазонка
2. Мариан 7. Титикака
3. Сахара 8. Анд
4. Гималай 9. Мадагаскар
5. Бриз
2. Интерактивті тақтаға тірек сөздер жазылады.
1. Аустралия
2. Жылы сулары
3. Маржандық құрылымдар
4. Гондваналық ежелгі платформа
5. Таулы үстірттер
6. Аустралия Альпісі
7. Пайдалы қазбалары
Оқушылар оқып есте сақтап, дәптерлеріне жазады. Осы тірек сөздерді оқулықтан тауып оқып, мазмұнын ашады.
3. «Даналық ағашы» ойынында ағашқа алма тәрізді етіп, сұрақтар ілеміз.
Оқушылар бір-бірден Алманы алып, сұраққа жауап береді. Әрбір оқушының білімін осындай ойындар арқылы тексеруге болады.
1. Ең үлкен арал
2. Ең кішкентай құс
3. Тас көмірдің ең сапалы түрі
4. Ең терең шұңғыма
5. Африка даласы қалай аталады
6. Африкадағы ең ұзын көл
7. Жердің су қабаты
8. Жер шарындағы 2-ші орындағы материк
4. Кескін картамен жұмыс
5. Түрлі жан-жануарлардың суреттерін араластырып қоямыз. Әр материктің өкілі өз жануарын танып алады.
1. Кенгуру 6. Керік
2. Коала 7. Қабылан
3. Піл 8. Гуанако
4. Түйе, қой 9. Карибу
5. Ехидна
6. « Полиглот » - ойыны ( орысша, ағылшын тіліне аудару )
1. Күте білсең жер жомарт
2. Біткен жерде, өмірде бітеді.
3. Ойлай білсең дана боласың, ойнай берсең бала боласың
4. Жердің сәні егін, ердің сәні білім
7. Адасқан объектіні табу
1. Тынық арал
2. Тасмания шыбын
3. Цеце көл
4. Таньганика мұхит
5. Анхель шөл
6. Гималай сарқырама
7. Панама өзен
8. Амазонка тау
9. Сахара канал
8. Семантикалық карта стратегиясы
География пәнінен видео - сабақ жоспары
Сынып: 7
Сабақ тақырыбы: §15. Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер.
Сабақ мақсаты: Оқушыларға Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер, мұхиттардың материкке тигізіп жатқан әсері, жағалауындағы ағып жатқан ағыстар, мұхит пайдалы қазбалары, тіршілік дүниесі, мұхиттардың ластану деңгейі туралы мағлұмат беру
Сабақ міндеті:
1.Білімдік: Оқушыларға Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер, мұхиттардың материкке тигізіп жатқан әсері, жағалауындағы ағып жатқан ағыстар, мұхит пайдалы қазбалары, тіршілік дүниесі, мұхиттардың ластану деңгейі туралы мағлұмат беру
2.Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сақтауға үйрету. Өзендердің суын қорғауға, сақтауға өз үлестерін қосуға дағдылау, бағыттау.
3.Дамытушылық: Балалардың өзіндік ойлана білуіне, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға, өздерінше іздене білулеріне, т.б. үйрету.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, картамен жұмыс, кітаппен жұмыс, жеке жұмыс, топпен жұмыс, карточкамен жұмыс;
Құрал-жабдықтар: ҚР физ картасы, ҚР әкімшілік картасы, дүние жүзі физикалық картасы, мектеп атласы, кескін карта, карточкалар, интерактивті тақта;
Кездесетін терминдер:
Барысы: : І. Ұйымдастырушылық кезең
1.Сәлемдесу
2.Балаларды түгендеу.
3.Балалардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Мұғалім: алдыңғы сабақта не өтілгенін сұрайды.
1.Балалар. Ең әуелі Еуразия материгі туралы қысқаша айтып кетеді.
Мұғалім: «Дүние жүзілік мұхит деген не?» Сұрайды.
Балалар жауап береді.
Видео - фильм көрсетіледі.
Видео – фильм көрсетіліп жатқанда осы өлең жолдары оқылады.
«Еуразия» өлеңі
1. Қашаннан бесік болған адамзатқа,
Бұл материк аталған Еуразия.
Таңғажайып табиғаты таңдандырған,
Екі бөліктен тұрады:
Еуропа мен Азия.
2. Материк жағалауын шайып жатыр,
Төрт мұхит және оның теңіздері.
Әсер етіп жылы, суық ағыстары,
Құрлықтың климаты түрленеді.
3. Байлығы, берері көп мұхиттардың,
Қойнауы мұнай менен газға толған.
Осы алып материктің тұрғындары,
Балығын қорек етіп, кәсіп қылған.
Бұл материк Еуразия.
Еуразия материгі жағалауына саяхат жасайық: «Қандай мұхиттар Еуразия жағалауын шайып жатыр?»
2.Балалар жауап береді, тақтаға шығып, бір-бірден Еуразия материгі жағалауындағы мұхиттарды көрсетеді:
1. Тынық мұхиты
2. Атлант мұхиты
3. Солтүстік Мұзды мұхиты
4. Үнді мұхиты
Мұғалім: Теңіз дегеніміз не? Сұрайды.
3.Балалар жауап береді, тақтаға шығып, бір-бірден Еуразия материгі жағалауындағы
1. Тынық мұхиты
2. Атлант мұхиты
3. Солтүстік Мұзды мұхиты
4. Үнді мұхитының
теңіздерін көрсетеді.
Презентацияда мұхиттардың Еуразия материгіне тигізетін әсері туралы айтылады.
Тақырыпқа түсінгендігі - түсінбегендігін сұрайды:
-Балалар, жаңа сабаққа түсіндік пе?
Олай болса, қазір біз Еуразия материгінің жағалауындағы мұхиттар мен теңіздерге саяхат жасаймыз.
ІІІ. Бекіту.
Оқушылар 4 топқа бөлінеді.
1-топ. «Атлант мұхиты»
2-топ .«Үңді мұхиты»
3-топ. «Солтүстік Мұзды мұхиты»
4-топ. «Тынық мұхиты»
1-тапсырма. «Ең, ең, ең ...» ойыны. (Әр сұрақ 1 ұпаймен есептелінеді)
2 - тапсырма. «Сандар сөйлейді» ойыны. (Әр сан 1 ұпаймен есептелінеді)
4-топқа сандар жүйесі беріледі. Сол сандардың нені білдіретінін табу керек.
361 млн 91,7 млн 11022 8742 178,6 млн 5527 76,2 млн 7729 14,8 млн
Жауабы:
361 млн км2 - Дүние жүзілік мұхит ауданы
91,7 млн км2 – Атлант мұхиты ауданы
11022 - Тынық мұхитының ең терең бөлігі
8742 - Атлант мұхитының ең терең бөлігі
178,6 млн км2 – Тынық мұхиты ауданы
5527 - Солтүстік Мұзды мұхитының ең терең бөлігі
76,2 млн км2 – Үнді мұхиты ауданы
7729 - Үнді мұхитының ең терең бөлігі
14,8 млн км2 – Солтүстік Мұзды мұхиты ауданы
3-тапсырма. « Мені анықта» ойыны. (Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептелінеді)
Кескін картада сандармен көрсетілген теңіздер беріледі. Сол теңіздердің атауын анықтаңдар.
Жауаптар:
1. Солтүстік теңіз
2. Жапон теңізі
3. Қызыл теңіз
4. Араб теңізі
5. Қара теңіз
4-тапсырма. «Түрлі-түсті теңіздер» ойыны. (Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен есептелінеді)
Теңіз атаулары әртүрлі түсті білдіреді. Мәтінде жасырынған қай теңіз туралы айтылып тұрғанын табыңдар.
1-топ. Бұл теңіз Солтүстік Мұзды мұхитының ең кішкентай теңізі. Бұл қай теңіз?
(Жауабы: Ақ теңіз)
2-топ. Бұл теңіз Еуразия және Африка аралығында, литосфералық плиталардың түйісу аймағында орналасқан. Мұнда Дүние жүзілік мұхиттағы ең жоғарғы тұздылық байқалады. Бұл қай теңіз?
(Жауабы: Қызыл теңіз)
3-топ. Бұл теңіз мұхиттан оқшауланып, Еуразия материгіне ішкері кіріп орналасқан. Осы теңіз жағалауындағы сауықтыру-демалыс орындары, табиғи-климаттық жағдайлары қолайлы ұштасқан курорттары айрықша көзге түседі. Бұл қай теңіз?
(Жауабы: Қара теңіз)
4-топ. Бұл теңізге Азиядағы қытай тілінен аударғанда «сары өзен» деп аталатын Хуанхэ өзені құяды. Сазды шөгінді жынысты жазықпен ағатындықтан суы лайлы болады. Өзен осы теңізге жыл сайын көлемін ұлғайтып отыратын кең атырау жасап құяды. Бұл қай теңіз?
(Жауабы: Сары теңіз)
5-тапсырма. «Теңізде жүзу саяхаты» ойыны. (Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен есептелінеді)
Балалар шығармашылық жұмыспен айналысады. Топ ақылдасып, бір тоқтамға келеді. Топбасшы топтық жұмысты қорғайды.
1-топ. Норвегия мемлекетінің азаматтарысыңдар. Норвегия астанасынан шығып, Жапонияға теңіз жолы арқылы келу керек. Жол бойында кездескен аралдарды, бұғаздарды, ағыстарды атаңдар. Қандай тура бағытты ұсынар едіңдер?
2-топ. Қытай елінің астанасына саяхатқа келдіңдер. Саяхатты әрі қарай Шри-Ланка аралына дейін теңіз жолы арқылы жалғастыру керек. Жол бойында кездескен аралдарды, бұғаздарды, ағыстарды атаңдар. Қандай тура бағытты ұсынар едіңдер?
3-топ. Сауд Арабиясы елінен шыққан мұнай тиелген танкер-кеме Францияға қарай сапар шекті. Сендер ол кемеге қандай көмек берген болар едіңдер? Жол бойында кездескен аралдарды, бұғаздарды, ағыстарды атаңдар. Қандай тура бағытты ұсынар едіңдер?
4-топ. Сауд Арабиясы елінен шыққан мұнай тиелген танкер-кеме Бразилияға қарай сапар шекті. Сендер ол кемеге қандай көмек берген болар едіңдер? Жол бойында кездескен аралдарды, бұғаздарды, ағыстарды атаңдар. Қандай тура бағытты ұсынар едіңдер?
6-тапсырма. «Сәйкестігін табыңдар» ойыны. (Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептелінеді)
Алдарына тапсырма таратылады. Болған соң, интерактивті тақтадан тапсырма жауаптарын балалар өздері тауып, сәйкестендіреді.
А)Парсы шығанағы
В)мұнай
С)Солтүстік мұзды мұхиты
Д)Тайфундар
Е)Үнді мұхиты
Ғ)Жерорта теңізі
7-тапсырма.
Кескін картамен жұмыс.
Кескін картаға мұхиттар мен олардың Еуразия материгі жағалауындағы теңіздерін түсіріңдер.
Сергіту сәті
Балалар, денемізді бос ұстап, ыңғайланып отырамыз да, көзімізді жұмамыз. Дәл қәзір өзімізді Көкшетау қаласынан сонау алыста еуразияның оңтүстік-шығысында орналасқан, субэкваторлық белдеудегі климаты ыстық және ылғалды болып келетін Малайзия еліне бір сәт саяхат жасайық! Көз алдымызға елестетеміз! Біз теңіз жағалауында жүрміз. Теңіз жағалауы, алтын нұрын шашып тұрған күн, көкпеңбек ашық аспан, теңізден соққан салқын самал жел, мақтадай ақпақ жағалаудағы құмдар, теңіз дің жағаға соққан асау толқындар ы мен сылдырлаған күмістей судың даусы естіледі.
Біз саяхаттап жүрміз!
Ү. Бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма: §15. Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. (оқу, мазмұндау)
Тақырыбы: Материктер мен аралдар
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Оқушылардың құрлықтар мен аралдар туралы түсініктерін қалыптастыру.
Аралдар мен материктердің ара жігін ажырата білуге,шығу тегіне,табиғат
ерекшеліктеріне қарай топтастыруға үйрету.
дамытушылық: Дүниетанымдық көзқарастарын кеңейту,оқыту барысында әдіс-
тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін,қызығушылығын
арттыра отырып,еркін сөйлеуге дағдысын қалыптастыру.
тәрбиелік: Отанын сүюге,табиғатты қорғай, аялай білуге үйрету.
Сабақтың түрі:бақылау білімі және жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі:баяндау, кестені толтыру,іздену,сұрақ-жауап,сәйкестендіру тесті,
трек сызба,кескін картамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:Д.ж.физикалық және жарты шар карталары;кесте,кескін карта,
электронды оқулық.
Күтілетін нәтиже:оқушылардың материктер мен аралдардың ара жігін ажырата алуы,
картадан жер бедерінің нысандарын нақты анықтап, көрсете білуі.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық.
«Жақсы сөз,жарым ырыс »
II.Үй тапсырмасын тексеру. 1 слайд
Достарыңызбен бөлісу: |