Сабақтың тақырыбы: Композиция
Сабақтың мақсаты: композиция туралы тереңірек білім беру және бейнелеу жұмыстарының әдіс – тәсілдерін үйрету.
Дамытушылығы: оқушылардың ой – өрісі мен қабілеттерін дамыту. Қолдарын жаттықтырып, өздеріне композиция құруды талап ету.
Тәрбиелігі: жұмыстарын эстетикалық тұрғыдан ұқыпты орындауға тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, практикалық жұмыс.
Көрнекілік: фотосуреттер, слайдтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: Оқушылардың сабаққа қатысуын, құрал – жабдықтарын түгендеу, тексеру. Зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасы.
- Балалар, біз жаңа сабаққа кіріспес бұрын өткен сабаққа оралып, үй тапсырмасына шолу жасайық. Бейнелеу өнері бойынша тор көз ішіне жасырылған сөздерді тауып мағынасын түсіндіру.
|
|
|
*
|
К
|
Е
|
Г
|
Ф
|
И
|
|
|
М
|
Ү
|
С
|
Р
|
А
|
К
|
|
|
Н
|
А
|
Т
|
Р
|
О
|
М
|
І
|
С
|
К
|
І
|
Н
|
А
|
|
П
|
Т
|
Ю
|
Р
|
М
|
А
|
Н
|
Е
|
М
|
Е
|
Д
|
Т
|
|
О
|
Р
|
Т
|
П
|
И
|
Р
|
Д
|
Н
|
Й
|
С
|
Л
|
Е
|
|
Т
|
Е
|
Р
|
Е
|
Н
|
И
|
И
|
З
|
А
|
Ә
|
У
|
*
|
|
Ж
|
А
|
З
|
Й
|
Т
|
С
|
І – тор көздің жауабы.
1.Кескіндеме – қағаз, картон бетіне әр түрлі бояумен орындалатын туынды.
2.Графика – қағаз бетіне қарындаш, қаламұш, тушь арқылы салынған сурет.
3.Мүсін – әр түрлі материалдармен кеңістікте сомдалған көркем шығарма.
4.Сәулет – үйлер, ғимараттар, көшелерді жобалау және оны жасау өнері.
5.Дизайн – кез келген бұйымның жаңа үлгісін жан – жақты салыстырып заман талабына сай жасау.
ІІ – тор көздің жауабы.
1.Натюрморт – жансыз денелер мен заттардан бейнелейтін көркем шығарма.
2.Пейзаж – табиғат көрінісін бейнелейтін туынды.
3.Портрет – адам келбетін бейнелейді.
4.Маринист – су әлемін бейнелейтін көркем шығарма.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Шатасқан әріптерден сөздер шығару арқылы жаңа тақырыпқа тоқталу.
Мекөр, Улықоқ, Інсүм, Трапали, Разоб, Гезерр, Баикена, Куцирль, Страиллюция, Варянь.
Жауабы: Көрме, Оқулық, Мүсін, Палитра, Образ, Зергер, Икебана, Циркуль, Иллюстрация, Январь.
Оқушыларға композиция туралы видеоролик көрсету және жаңа сабақты түсіндіру.
Нақ нұсқаны қою, қай тұстан отыратыныңды анықтау,параққа суретті дұрыс орналастыру, бәрі де композициядан басталады. Композиция - латын сөзі, «ойлап шығару», «құрастыру» деген үғымды білдіреді. Суретші шығармасында айтпақ ойы әсерлі болуы үшін бейнелейтін заттар мен адамдарды қоршаған нәрселерді белгілі тәртіп, үйлесімділік заңдылығы бойынша орналасуға көп көңіл бөледі. Бұл деген - композиция. Композиция дегеніміз- салынатын суреттегі барлық бөліктерді байланыстырып, орынды құрастыру, үйлестіру. Композицияның негізгі талабы – шығарманың көркемдік бірлігін табу. Бұл үшін суретші алдымен композицияның орталық нүктесін табу керек. Көрерменнің көзіне бірден түсетін, көлемі жағвнан үлкен немесе көп орын алмайтын, бірақ назарды бірден өзіне аударатын шығарманың сәулелі немесе күңгірт тұсын, өзінің айналасындағы ортадан автордың қалауымен ерекшеленген ортаны композициялық орталық деп атаймыз. Суретшілер сурет салу барысында композиция көмегі арқылы өздерінің ойлары мен сезімін білдіріп, оларды толғандырып, өмір шындығы мен қиялын көрсете алады. Кез келген суретті салу композициядан басталады. Композициялық әдістердің бірі салынған суреттің шекарасын толық көрсетпеу арқылы іске асырылады. Композиция суретшінің ойына байланысты заттың қозғалыстағы немесе бір қалыпты қозғалыссыз тұрған қалпын көрсетуге жол ашады. Сурет салғанда, көкжиек сызығын әр түрлі, кез келген биіктікте белгілеуге болады. Композиция шығарманың құрылымы тұрғысынан мазмұнның неғұрлым айқын, нанымды, әсерлі шығуына жағдай жасайды. Яғни ол шығарманың құрылысы, оның негізгі бөлшектерінің орналасуы, оқиғалардың баяндалу реті. Қарапайым сөзбен айтқанда, көркем шығарманың ішкі құрылысы толып жатқан бөлшектерден тұрса, үйлесімділік (композиция) сол бөлшектерді өзара құрастырып, біртұтас етеді. Композиция мен сюжет өзара тығыз байланыста болады.Кейіпкер өз ортасына лайық іс-әрекетте бейнеленеді және олардың іс-әрекетін, психологиялық ішкі толғанысын, бояу ерекшеліктерін композицияның жалпы тақырыбына байланысты көріп байқауға болады. Суретшінің белгілі көркем шығарма жазудағы ой-мақсаты. көркемдік-эстетикалык принципі (композициялық) үйлесімділік құрылысына сәйкес айқындалады.
Көркем шығармадағы үйлесімділік орта. Суреті салынатын нәрсені орналастыру, орнын белгілеу, көру нүктесін таңдау, қағазға дұрыс орналастыру үйлесімділіктің (композицияның) бастапқы негізі болып табылады. Болашақ сурет жөніндегі негізгі ой қалыптасқаннан кейін, сурет салушы шығарманың жоспарын жасайды. Жоспарға үйлесімділік (композиция) қисыны әбден дұрыс болды деп есептелгенше түзетулер жасалады. Бейнеленетін суреттің жеке бөліктері бір-бірімен байланыста болғанда ғана үйлесімділік шешім дұрыс болады. Бейнеленетін нәрселердің кеңістікте өзара орналасуын дұрыс белгілеу үшін көмекші сызықтар (тіке, көлденең, көлбеуі) сызылады. Бұл нәрселердің көлбеу бұрыштарын анықтау үшін пайдаланылады.
ІV. Сарамандық жұмыс. Оқушыларға еркін тақырыпта сурет салдыру.
V. Сергіту сәті. Қиылған суреттерді құрастырып, онда қандай жанрда бейнеленген суреттерді түсіндіру.
Тақырыпты бекітуге арналған тапсырма. Сәйкестендіру тесті.
Р/с
|
Сұрақтар
|
Жауаптар
|
1.
2.
3.
4.
5.
6.
|
Сурет салғанда ненің көмегі керек?
Композиция дегеніміз?
Суретті неден бастаймыз?
Натюрморт жанры нені бейнелейді? Композициялық орталық деп нені айтамыз?
Пейзаж дегеніміз не?
|
Табиғат көрнісі бейнеленген көркем шығарма.
Көкжиек сызығы.
Көрерменнің көзіне бірден түсетін, автордың қалауымен ерекшеленген орта.
Композициядан.
Көркем шығарма бөлшектерінің орналасуы және олрдың бірлігі.
Жансыз денелер мен заттардан бейнелейтін көркем шығарма.
|
VІ. Жаңа сабақты қорытындылау.
1.Оқушылардың жұмыстарын көрме арқылы қортындылау.
2.Оқушылардың салған суреттеріне талдау жасау.
3.Бүгінгі сабақта қандай жанрда сурет салдық?
VІІ. Оқушыларды бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма. Қысқы табиғат көріністері.
Достарыңызбен бөлісу: |