Сабақтың мақсаты мен міндеттері



Дата10.07.2017
өлшемі179,42 Kb.
#20986
түріСабақ
«Мен өз Отанымның патриотымын»

тақырыбы бойынша бірыңғай білім беру сабағы


  1. Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Мақсаты– «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісі контекстінде білім беру процесіне Мәңгілік Ел құндылықтарын енгізу.

Міндеттері:

Оқыту:

- Оқушылардың «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісін игеруін қамтамасыз ету;

- оқушылардың (қазақстандық патриотизм, патриоттық акт, «Мәңгілік Ел», азаматтық, ұқсастық, менталдық, жалпы ұлттық бірлік, жалпы ұлттық идея, қоғамдық келісім, төзімділік) ұғымдарын меңгерулеріне көмектесу;

Дамытушылық:


  • оқушылардың мәселелерді тұжырымдай білулерін дамыту, оларды шешу жолдарын ұсыну;

  • оқушылардың қатынастық мәдениетін (араласа білу, монологтік және диалогтік сөз құру) дамыту;

  • сыни ойлау, жеке, топтық жұмысты ұйымдастыру, диалог жүргізе білуді дамыту;

  • оқушылардың зияткерлік және шығармашылық тұлғалық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік:

- «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеялар негізінде патриоттық тәрбие міндеттерін шешуге көмектесу;

- жаңа қазақстандық патриотизмді және белсенді азаматтық көзқарасты тәрбиелеуге мүмкіндік туғызу;

- құнды қасиеттерді: қазақ тілін құрметтеу, қазақ халқының, әр халықтың, этникалық топтардың әдет-ғұрпын, дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу.



  1. Сабақтың қорлары


Безендіру:

1. Мемлекеттік рәміздер;

2. Стенд (слайд) «Біртұтас Болашақ Ұлт - Мәңгілік Ел», (Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясының фотосуреттері);

3. Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөздерінен үзінді. 2014 жылғы 15 желтоқсан; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» халыққа жолдауы; 2050-Қазақстан жолы: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ:

«Халықтың өмірі әрбір келесі ұрпақпен жалғасады. Сондықтан халықтың Мәңгілігінен асқан арман жоқ. Мәңгілік Елдің бұл идеясы, ертеңгі күнге жол ашатын, болашаққа сенім артатын, мықты тұрақтылықтың символы...»;

«Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан 2050» стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы»;

«Біз, қазақстандықтар, біртұтас елміз! Біздің тағдырымыз ортақ – ол Мәңгілік Ел, біздің ұлы Қазақстан! «Мәңгілік Ел» – бұл біздің жалпықазақстандық үйіміздің ұлттық идеясы, ата-бабаларымыздың арманы. Жиырма бес жылдық тәуелсіз дамуымызда барлық қазақстандықтарды біріктіретін және болашақ еліміздің іргетасын қалайтын жаңа басты құндылықтар құралды. Ол аспаннан алынған теория емес. Бұл құндылықтар – Қазақстан жолындағы уақыттың тезінен өткен тәжірибесі ».

4. Музыкалық безендіру: Патриоттық тақырыптарға арналған аудио-бейнематериалдар; Отан және Астана туралы өлеңдер; Заманауи Қазақстанның жетістіктері туралы кітаптар және т.б.

5. «Ұлт бірлігі – Қазақстанның экономикалық дамуының негізі» тақырыптық көрмеге арналған материалдар: кітаптар, қазіргі Қазақстан жетістіктері туралы суреттер; анықтамалық материалдар;

6. Оқушылардың жеке жетістіктерінің түрлі формадағы көрінісі: (презентация, көрсетілім, ел алдына шығу және т.б.).


Сабақтың барысы: Қайырлы күнғ құрметті оқушылар! Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен 1 қыркүйек білім күнімен шын жүректен құттықтаймын. Биылғы оқу жылы сендер үшін сәтті, жемісті жыл болсын!

Сергіту сәті: «Шаңырақ» (оқушылар шеңберге тұрып, жіп орамын бір – біріне лақтырып отырып, шаңырақ құрайды, жіптің ұшын алған оқушы келесі оқушыға өзінің тілегін арнайды).

Топтарға бөлінеді.

Мұғалім: Қазір Сіздерге интерактивті тақтада бір бейнетаспа көрсетіледі, видеоны мұқият қарап, өздеріңнің осы видеодан алған әсерлеріңді, сезімдерінді, ойларыңды айту қажет. Және бүгінгі алғашқы сынып сағатымыздың тақырыбын ашсаңдар (топтарға тапсырма).

Видео көрсетілім («Көк тудың желбірегені» РИО олимпиада ойындарының жеңімпаздары, оқушылар өз ойларымен бөліседі)



Мұғалім: Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Мен елімнің патриотымын»

  • Патриот деген сөзіне қандай анықтама бересіңдер? Мысалдар келтіре аласыңдар?

Мұғалім сөзі: Патриоттық (πατριώτης грек тілінен – отандас, patria латын тілі – отан) – Отанға сүйспеншілік, оған деген адалдық, өзінің іс-әрекеттерімен оның мүдделеріне қызмет етуге ұмтылу. (Философиялық энциклопедиялық сөздік – М.: Совет энциклопедиясы. Бас редакция: Л. Ф. Ильичёв, П. Н. Федосеев, С. М. Ковалёв, В. Г. Панов. 1983.)

Патротизмнің әлеуметтік-психологиялық мәнін дәлме-дәл бейнелеп көрсететін патриотизмнің құрылымдық компоненттері: патриоттық қатынас, патриоттық сана, патриоттық құндылықтар, патриоттық мағыналар, патриоттық сезімдер, патриоттық уәж, патриоттық тәртіп болып табылады.

«Мәңгілік Ел» Патриоттық актісіне сәйкес патриотизм, тұлғаның құрылымында құндылық-мағыналық қатынас ретінде үш: когнетивтік (өз халқының тарихы, мәдениеті, дәстүрін білу, мемлекеттің берекесін экономикалық іс-әрекеттері жетістігі жағдайы ретінде бағалау); тез әсерленушілік (дамыған патриоттық сезімдер, қоғамға және мемлекетке оң әсерлі көзқарас); қылықтық (әлеуметтік маңызды жобаларға, еңбек істеріне қатысу, жеке патриоттық қылық тәжірибесі) компоненттерімен ұсынылады.

Қазір әлемде адамзатты бүтіндей қозғап өтетіндей күрделі процестер өтіп жатыр, қалыпты қалу үшін ел мықты, бірлікте және рухани бай болуы керек. Мемлекет басшысы қазақстандықтарды этникааралық келісімді сақтауға және үкімет пен мемлекеттік ұйымдардың ғана емес, қоғамның күшін біріктіруге шақырды. Қазір бұрынғыдай емес біз бірлікте болуымыз керек. Бұл дегеніміз - Қазақстанды мекендеген барлық ұлттардың мақсаттары мен ниеттері бір.

Негізгі бөлім: қазір сендердің топтарыңа белгілі тақырып ұсынылады,

берілген тақырыпты ортаға салып, өз ойларыңмен топта талқылап, өз таныстырылмдарыңды, жобаларыңды әзірлеу керек. Бұл тапсырмаға 8 мин уақыт беріледі.



  1. Қазақстан халқының мәдени көптүрлігі.

  2. Мемлекеттік тіл – қоғамдық бірігу негізі.

  3. Үштілділік ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің басты жағдайы ретінде.

Жұмыстарың рахмет, берілген тақырыптарды барынша ашып, сыныптастарыңа таныстырдыңдар. Қазір сергіту сәті ретінде сұрақ жауап ойынын ойнап жіберейік. Тақырыптар бүгінгі тақырып төңірегінде болады.

Сұрақтар топтамасы: 15 сұрақ (Мәңгілік ел, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы, Астана, Қазақстан тарихы бойынша)

Шығармашылық тапсырма: Қазір топтарға патриоттық ән немесе өлең шығару тапсырмасы беріледі. Тақырып «Мәңгілік ел» өздеріңнің шығармашылық қабілеттеріңді көрсетуге уақыт келді. Топтарға 7 мин уақыт беріледі.

Рефлексия.

Рефлексия «мен» - (әрбір оқушының) ойын айтуы арқылы жүргізіледі. Жазып аяқтаңдар және естірте оқыңдар:



  • Мен ... екенін бүгін білдім.

  • Мен ... туралы ойладым.

  • Мен ... екеніне тым сенімді бола түстім.

  • Мен ... екенін түсіндім.

  • Менің көңіл күйім .... екенін сеземін.


Сабақтың қорытындысы.

Міне осымен бүгінгі «Мен елімнің патриотымын» атты бірыңғай сынып сағатымыз өз мәресіне жетті. Бүгін барлықтарыңыз өз ойларыңды айтып, өз сезімдеріңді, өз бойларыңдағы күш-жігерлеріңді таныта білдіңдер. Сабақтың соңыңа барлықтарымыз «Мәңгілік ел» патриоттық актісін қабылдап, бүгінгі сабақты аяқтаймыз.
«Мәңгілік Ел» патриоттық актісі
«Халық өмірі оның келесі ұрпағымен жалғасып отырады. Сондықтан Халықтың Мәңгілігі туралы арманнан асқақ арман жоқ. Мәңгілік Ел – бұл ертеңгі күнге есік ашатын, болашаққа сенімді арттыратын идея, бұл – кері қайтпайтын және берік тұрақтылықтың символы...»

Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінен

2014 жылғы 15 желтоқсан.
Біз, байырғы қазақ жерінде бір тағдыр және тарихи жады арқылы байланысқан, Ұлы Дала Елінің даңқты тарихы мен дәстүрлерін жалғастырған Қазақстан азаматтары, көптеген ұрпақтың Тәуелсіздік туралы арманын іске асырып, болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті парызымызды, бейбітшілік пен келісімнің, бірлік пен тұтастықтың маңыздылығын сезініп, қоғам мен мемлекеттің жоғарғы мүдделерін негізге ала отырып, Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі жылында осы

М Ә Ң Г І Л І КЕ Л П А Т Р И О Т Т Ы Қ А К Т І С ІН

қабылдаймыз.

Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығымен жаңа Қазақстанның тарихын жазудың биік мәртебесі мен жауапкершілігі біздің ұрпақтың үлесіне тиді.

Елбасының маңына топтасу арқылы біз ұлы жетістіктерге толы жолдан өттік және бүгінде өзімізді Тәуелсіз Қазақстанның – қуатты әрі табысты мемлекеттің азаматымыз деп мақтанышпен айтамыз.

Біз, Қазақстан азаматтары, Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи «Тәуелсіздік толғауын» негізге ала отырып, Болашағы Біртұтас Ел – Мәңгілік Елді құру жолында біргеміз.

Мәңгілік Елдің өзегінде қарапайым, түсінікті және біздің әрқайсымыз үшін ең қымбат ақиқаттар – отбасымыздың амандығы, қонақжайлық және еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және бірлік, ертеңгі күнге деген сенім ұғымдары орныққан.

Біз Мәңгілік Елдің мызғымас Жеті тұғырын нығайтуға, сақтауға және ұрпақтан ұрпаққа аманат етуге шақырамыз.



Мәңгілік Ел, бұл – Тәуелсіздік және Астана.

Біз Тәуелсіздікті нығайтудың тарихи ұлы миссиясына адал боламыз.

Біз Астананы халқымыздың гүлденуі мен қуатының жарқын белгісі ретінде әрқашан мақтан тұтатын боламыз.

Мәңгілік Ел, бұл – Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.

Біздің Отанымыз бір, ол – Тәуелсіз Қазақстан, біздің еліміз бір – тағдырымыз ортақ.

Бейбітшілік пен келісімнің ұлы ісіне адал халықтың ғұмыры мыңжылдықтарға жалғасады.

Мәңгілік Ел, бұл – Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият.

Азаматтық және рухани құндылықтардың бірлігі бізге өз жолымызды табуға және өзімізді бүкіл әлемге мәшһүр етуге мүмкіндік берді.

Біз еліміздің бірегей рухани келбетін айқындайтын діндер мен өркениеттердің жаһандық сұхбатын одан әрі жан-жақты дамытатын боламыз.

Мәңгілік Ел, бұл – Инновация негізіндегі тұрақты экономикалық өсім.

Біз мемлекеттің индустриялық және инновациялық күш-қуатын дамытып, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап, қоғамда білім мен ғалымдық культін елдің зияткерлік іргетасы ретінде бекітетін боламыз.



Мәңгілік Ел, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.

Елдің барлық табыстары мен жетістіктері – барша қазақстандықтардың күн сайынғы қажырлы еңбегінің нәтижесі.

Біз елдің әрбір азаматының жасампаздық әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасай отырып, еңбексүйгіштік және жауапкершілік, Еңбек Адамына құрмет сынды құндылықтарымызды нығайтамыз.

Мәңгілік Ел, бұл – Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы.

Біз ортақ тарихи мұрамызды мұқият сақтайтын боламыз.

Біз Қазақстан халқының мәдени әралуандығын арттыра түсеміз.

Біз мемлекеттік тілді қоғамды біріктірудің негізі, үштілділікті Елдің бәсекеге қабілеттілігінің басты шарты ретінде дамыту қағидатын ұстанатын боламыз.

Біз – Үлкен Ел – Үлкен Отбасымыз.

Мәңгілік Ел, бұл – Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Біз өз жетістіктерімізді қорғауға тиіспіз.

Ұлттық қауіпсіздікті нығайту әрбір азаматтың, өз елі патриотының қасиетті парызы болып саналады.

Біз бейбітшілік пен келісім идеясын ілгерілете отырып, еліміздің халықаралық аренада мойындалған беделін нығайта түсетін боламыз.

Біз Мәңгілік Елдің қастерлі құндылықтарын басшылыққа аламыз.

Біз Отанымыздың көк байрағын асқақтата көтеріп, еліміз жеткен жаңа биіктерде желбірететін боламыз.

Бұл – біздің болашақ ұрпақ үшін, Қазақстан халқының амандығы мен гүлденуі үшін жасаған саналы таңдауымыз!

Біртұтас Еліміз – Мәңгілік Ел қуатты болсын!

Қазақстанның мәңгілік мекені – Ұлы Дала Еліне бата қонып,

бақ дарысын!
Алға, Қазақстан!

Технологиялар: іскерлік ойындар, дискуссия.



Сабақ материалы.


  1. Қазақстан халқының мәдени көптүрлілігі


«Мәдениет - ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады»

Н.Ә. Назарбаев


Қазақ халқы көпғасырлық тарихы бар, әлемдік өркениет қазынасына енетін мәдени құндылықтардың иесі болып табылады. Ескерткіштердің көптүрлілігі мен саны бойынша Қазақстан Индия, Қытай, Жерорта теңізі және Қиыр Шығыс мемлекеттері сияқты елдерге орын бермейді және ашық аспан астында өзіндік мұражай болып табылады.

Қазақстанның мәдени мұрасы өзіне оның территориясында тұратын халықтардың мәдени құндылығының көптүрлілігін сіңірген. Бұл - 25 мыңнан аса жылжымайтын тарих, археология, сәулет және монументті өнер ескерткіштері, экспозициядағы және 89 мемлекеттік мұражай қорындағы 2 млн. 56 мың мәдени құндылықтар бірлігі, 3495 мемлекеттік кітапханаларда сақталатын 66 млн. 840 мың том кітаптар, сирек кездесетін қолжазбалар мен басылымдар.

Қазақстанның тарихы «орталық» жағдайы – еуразиялық - планетаның ең кең континентінде – оның көптеген белгілі өркениетті процестер мен оқиғаларға қатысын қамтамасыз етеді. Ежелден кең байтақ қазақ жері бүкіл еуразиялық кеңістіктің мәдени бесігі болды. Ертеде Қазақстан даласы бойынша Шығыс пен Батысты байланыстыратын Ұлы Жібек жолы өтті. Керуен жолының бағытында көптеген мәдениеттер, салт-дәстүрлер, ислам, христиан, будда және конфуциандық діндер болды.

Сол дәуірдің мұрасы тарих пен мәдениеттің сансыз көп ескерткіштері болып табылады. Бұл ежелгі, ортағасырлық, шығыс сәулет өнері мен мәдениеттің нағыз қазынасы. Осындай 218 нысан Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерінің Мемлекеттік тізіміне енді.

Бүгінгі күні осы ескерткіштердің көбі ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік маңызы бар ескерткіштері ретінде танылды. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік Мұра Орталығымен Дүниежүзілік Мұра ескерткіштері тізіміне Қожа Ахмет Яссауй кесенесі және Алматы облысындағы Тамғалы петроглифтер кешені енгізілді. Қазақстанның мәдени бренді Алтын Адам ескерткіші, Қожа Ахмет Яссауй кесенесі, Отырар, Түркістан қалалары.

Қазақстанның музыкалық мұрасы да бірегей. Халық арасында «Құдай әр қазақтың жанына ол туылған сәттен бастап күй бөлігін салған» деген сөз бар. Мүмкін, XVIII-XIX ғасырлардағы қазақтардың өмірі мен тұрмысын бақылаған «сырттан» келген адамдардың көзге бірден түсетін халықтың шығармашылыққа, музыкалық-ақындық суырып-салмалыққа шапшаңдығына, сәбилерден қарттарға дейін барлық халықтың музыкалық шығармашылыққа еліктіргіштігіне таңырқай және таңдана қарауы бекер емес. Шаруашылықтың көшпелі және жартылай көшпелі түрі халықтық музыкалық аспаптар мен дәстүрлердің ерекшелігін анықтады. Ең танымал және белгілі лиро-эпикалық қазақ поэмасы «Қыз-Жібек» ЮНЕСКО желісі бойынша әлемдік мәдени мұраға енгізілді.

Қазақстанның әдеби мұра қорында әлемдік гуманистік рухани мәдениет қазыналары саналатын, өткеннің көрнекті ойшыл ғалымдарының: әл-Фараби, Қорқыт-ата, Абай, Шәкәрім еңбектері, халық ауыз әдебиеті ескерткіштері бар. Жыл сайын 21-мамыр қарым-қатынас пен даму жолындағы дүниежүзілік мәдени әралуандылық күні ретінде атап өтіледі. Ол 2002 жылы желтоқсанда Дүниежүзілік мәдениетті дамыту күнінің орнына БҰҰ Бас Ассамблеясымен жарияланды.
2. Мемлекеттік тіл – қоғамды біріктіру негізі.
Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес мемлекеттік тіл қазақ тілі болып табылады, сондықтан мемлекеттік тілге және оның мәртебесіне қойылатын талаптар, біртіндеп, дәйекті түрде қазақ тіліне жақындауы тиіс, мемлекеттік тілде жұмыс істеу моделінің негізгі параметрі болуы қажет. Барлық Мемлекеттік орган деңгейлері және олардың жетекшілері қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін жүзеге асыруда негізгі жауапкершілікті атқарады. Мемлекеттік тілді меңгеру қазақстандық патриотизмнің құрамдас бөлігі болып табылады.

«2011-2020 жылдары Қазақстанда тілдердің дамуы мен қызмет етуі» жобасында Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтаудағы, яғни қазақ тілінің шоғырландырушы рөлін, ұлттық біртұтастықты нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең көлемді қызмет етуін қамтамасыз ететін үйлесімді тілдік саясат атап көрсетіледі. Алдағы уақытта қазақ тілі ұлтаралық қатынас тілі болуы қажет.

Мемлекеттік тілдік саясаттың басты бағыттарының бірі барлық азаматтардың арнайы белгілі көлемде мемлекеттік тілді меңгеруі үшін жағдай жасау болып табылады. Осы мақсатта этникалық, демографиялық, кәсіби ерекшеліктеріне сәйкес халық топтарын мемлекеттік тілге міндетті, тегін оқыту бойынша орталықтар құрылды.

Мемлекеттік қаражатпен мемлекеттік тілді оқыту бойынша телевизияға, радиоға жаппай ақпараттар, газеттерде бағдарламалар, сабақтар, бөлімдер енгізілді.

Барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес түрдегі мектепке дейінгі мекемелерде, жалпы білім беретін мектептерде, орта арнайы және жоғары оқу орындарында қазіргі іс-жүргізуге, тұлғааралық және іскерлік қарым-қатынасты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мемлекеттік тілді оқыту қамтамасыз етілген.

Халықтың мемлекеттік тілді меңгеруі, оны оқу орындарында оқу әр түрлі этникалық және әлеуметтік қолданушы топтарға бағытталған қолжетімді және тиімді әдістерді, танымал өздігінен үйреткіштерді, тілашарларды, сөздіктерді жаппай шығарумен бекітілуде. Өкінішке орай, орталықтардың тілді қарқынды оқыту әдісін енгізу бойынша жұмысының жинақталған тәжірибесі әлі де республиканың барлық оқу орындарының игілігіне айналмады.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметкерлер, сонымен қатар, ғылым, мәдениет, білім, денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету саласының қызметкерлері үшін мемлекеттік тілді меңгеруге қойылатын талаптар орнатылған, сонымен қатар, мемлекеттік тілді меңгерген мемлекеттік мекемелер мен орындар қызметкерлерін материалдық ынталандыру жүйесі қарастырылған.

Мемлекетаралық қатынас тәжірибесінде мемлекеттік тілді қолдану міндетті нормаға айналады. Ресми тұлғалардың қатысуымен болатын барлық шаралар қажет болған жағдайда басқа тілге синхронды аудармамен қамтамасыз етілген, мемлекеттік тілде өткізіледі. Заңнамалық актілер, ресми тұлғалардың баяндамалары, қызметтік құжаттар, әдеттегідей мемлекеттік тілде дайындалады.

Тіларалық коммуникацияны қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік өкімет органдарында және басқармаларда тілдік аударманың мемлекеттік қызметі ұйымдастырылған. Барлық мемлекеттік мекемелердің штаттық кестесінде мемлекеттік тілден және мемлекеттік тілге аудармашылар қызметі қарастырылған. Осы мақсатпен жоғары оқу орындарында аудармашы кадрларды дайындау кеңейтілді. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті және Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті аудармашылар даярлаудың орталығы болып табылады.

Бірақ сонымен қатар, Қазақстан этностарының тілдері мен мәдениеті бойынша мамандар дайындау үшін факультеттер құру өзекті болып қалуда, әзірге өзбек тілі мен ұйғыр тілін оқыту бойынша осындай факультеттер бар.

Мемлекеттік, кәсіпкерлік, банктік құрылымның, қоғамдық бірлестіктердің бірлескен күшімен қазақ тілін қолдаудың қайырымдылық қоры құрылды. Орыс тілінің қызмет ету саласын сақтау Қазақстанның интеграциялық процеске ұмтылуымен, ТМД елдерімен біртұтас мәдени және білім беру кеңістігін сақтаумен қамтамасыз етіледі.

Қазақстан халықтарының тілдерін дамытуды нақты жағдайлармен қамтамасыз ету, ана тілін меңгеруге талабы бар барлық адамдар үшін мүмкіндіктер жасауды білдіреді. Бұл ана тілінде орта білім алу арқылы немесе ана тілі міндетті тіл ретінде оқытылуы, мұғалім кадрларды дайындау, оқу, оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттердің, газет және журналдардың басылып шығуына көмек көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Бұндай жұмысқа халықтардың мәдени-тілдік қызығушылықтарын көрсете алу қабілеті бар, ұлттық-мәдени орталықтардың белсенді араласуы оның тиімділігін қамтамасыз етеді, олардың көпшілігінің Қазақстан диаспораларының этникалық ұлттарының негізгі бөлігі өмір сүретін елдермен, сонымен қатар, саны аз халықтардың тілдері бойынша Еуропа бюросымен және басқа да халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастары қалыпқа келтірілген.

Шет тілдерін зерделеуде айтарлықтай басымдылық ағылшын тіліне беріледі, бұл Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақ, орыс ағылшын тілдерінің үштұғырлығы туралы мәдени бағдарламасымен түсіндіріледі, сонымен қатар қытай, түрік тілдерінің беделі де артып келеді. Республикада ағылшын, түрік, қытай тілдерін тереңдетіп оқытатын мамандандырылған мектептер жүйесі бар.

Мемлекеттік тілдің әлеуметтік қызметін кеңейтетін мәртебесі, онда болып жатқан инновациялық өзгерістерге жан-жақты ғылыми талдау жасауды талап етеді. Қазақ тілінің бірегейлігін және стандарттылығын қамтамасыз ететін, оның орфографиялық, орфоэпиялық және тыныс белгілік ережелер жүйесін жасау алғышартты міндет болып табылады.

Қазақ терминологиялық лексикасының корпусын құру өте қажет.


3. Үш тілді білім беру - ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің басты шарты.
22 қыркүйек Республика Президентінің Жарлығымен Қазақстан халқының тілдері күні деп жарияланды.

Тарихи қалыптасу бойынша Қазақстан аумағында 100-ден астам тіл қолданыста және дамуда, ал қазақ тілі - мемлекеттік тіл.

«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасында атап өтілгендей бағдарламаны жүзеге асырудың негізі «Мемлекеттік тіл – ұлттық бірліктің басты факторы» , Қазақстанның барлық азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеруі, мемлекеттік тілдің қолдану мәртебесін көтеру бойынша жүйе құру жұмыстарын ұйымдастыру көзделеді.

Мемлекеттік ұйымдарда, сондай-ақ жергілікті басқару органдарында мемлекеттік тілмен қатар, ресми түрде орыс тілі де пайдаланылады.

Мемлекеттің негізгі Заңы – ҚР Конституциясында – орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі деп жазылған.

Бұл орыс тілінің қазіргі уақыттағы бар, толық көлемдегі әлеуметтік функцияларын сақтауға кепілдік береді.

Болашақта орыс тілі ғылым мен техника әр қырынан алынатын басқа да ақпараттың негізгі көздерінің бірі, жақын және алыс шетелдермен байланыс құралы болып қала бермек. Орыс тілінде алынатын білімнің қажеттілігін елдің экономикалық және ғылыми-техникалық даму мүддесі анықтайды.

Орыс тілі дүниежүзіне кең таралған, әлемдік тілдердің бірі. Оны Қазақстанның барлық халқы біледі және оқиды. Орыс тілін білу біздің тәуелсіз еліміздің халықтарын жақындатады, республикалар және басқа да шет ел халықтары арасындағы достықты нығайтады.

Қазақстанда орыс тілінің тамыры тереңде және бәсекеге қабілеттіліктің маңызды құралы ретінде қаралады.

«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасында Қазақстанда орыс тілінің коммуникативтік-тілдік кеңістіктегі жұмыс істеуін сақтауда, оны үйренуде қолайлы жағдай жасау үшін жүйелі жұмыс ұйымдастыруды көздейді.

Мемлекеттік тілден өзге Қазақстанда шағын этникалық тобынан құралған басқа тіл тасымалдаушылары да ұсынылды. Әдетте, ол тілдер отбасы-тұрмыстық қатынастар саласымен шектелген.

Біздің Президентіміз Н. Ә. Назарбаев білім мен ғылымға көп көңіл бөледі. Оның «Тілдердің үштұғырлығы» жобасында былай делінген: «Қазақстанды бүкіл әлем тұрғындары үш тілді жетік меңгерген және пайдалануға тиісті жоғары білімді ел ретінде қабылдауы тиіс. Қазақ тілі бұл – мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – біздің мемлекетіміздің экономикасының жаһандық дамуының табыс тілі . Назарбаев курсы - орыс тілін сақтау, ағылшын тілін Enjoy English жұмыс дәптерлері бойынша үйрену, қазақ тілін дамыту болып табылады.



Ана тілін меңгеру– оны сақтаудың шартты негізі және мемлекет Қазақстан халқының өзгеде тілдерін үйрену және оның жұмыс істеуі үшін жағдай жасау міндетін өз мойнына алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет