Сабақтың тақырыбы: Менің әуес ісім – ән айту. Дауысты дыбыстар .
Сабақтың мақсаты: « Менің әуесім –ән айту» тақырыбы бойынша білімдерін қалыптастыру.Дауысты дыбыстарды ажырата білуге дағдыландыру.
Міндеттері:
-Топтарды қалыптастыру, бір-бірімен белсенді қарым-қатынас жасауға үйрету;
- Диалогтық оқыту арқылы сыни тұрғыдан ойлауға төселдіру;
- қалай оқу керектігіне және өзін-өзі бағалай алуға үйрету;
- Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін жаттықтырып, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету; оқушылардың тіл байлығын дамыту, сөйлеу әрекеті дағдыларын шыңдау, еріндік , езулік дауыстылар туралы білімдерін бекіту.
Қазақстан Республикасының атақты әншілерімен танысып, құрметтеуге баулу.
Көрнекілігі: Сурет, тірек сызба, кесте,тапсырма сұрақтары, интерактивті тақта, слайдтар, бағалау парақшалары.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Пән аралық байланыс: музыка, орыс тілі
Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ –жауап, «миға шабуыл» әдісі, интерактивтік тақтаны пайдалану, шығармашылық, ізденіс,семантикалық картамен жұмыстар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1) Сәлемдесу;
2) Сыныптың сабаққа әзірлігін тексеру;
3) Топқа бөліну: (стикерлерді таратамын сол стикерлердің түсі бойынша 2 топқа бөлінеді)
4) Психологиялық жағымды ахуал туғызу: балалар тілек тілейді.
5) Топ басшысы тағайындалады. Топ басшыларына бағалау парағы тапсырылады. Олар өз топ мүшелерінің жұмысын бағалап отырады.
6) Сабақтың құрылымымен танысады.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
(Мұғалім:Мен сендерге стикерлер таратамын, берілген стикерлердің түсіне қарай екі топқа бөлінеміз.)
- Бүгінгі сабағымызды жақсы көңілмен бастайық! Қайталандар!
«Айдай арайлап,
Күндей күлімдеп,
Жұлдыздай жарқырап
Қазақ тілін бастаймыз!» /оқушылар айтады/
-Рахмет, отырыңдар.
-Сыныпта кім кезекші?
-Сыныпта кім жоқ?
-Балалар өткен сабақта қандай тақырыпты өттік? /Менің әуес ісім – спорт түсіру./ Дұрыс айтасыңдар. Өткен сабақта «Менің әуес ісім – спорт» тақырыбын өттік.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
Мұғалім: Үй жұмысын тексерейік!
3.Жаңа сабақ.
Мұғалім: Сабақты әнмен бастау «Атамекен» Е.Хасанғалиев. Мына әнді тыңдағанда қандай әсер алдыңыз.
Әлемге әйгілі туындылар пайда болған.
- Олай болса бүгінгі біздің сабағымызды мына өлең жолдарымен бастағым келеді.
Дәйексөз:
Құлақтан кiрiп, бойды алар,
Әсем ән мен тәттi күй.
Көңiлге түрлi ой салар.
Әндi сүйсең, менше сүй.
(Абай)
-деп Абай атамыз айтқандай бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ? Менің әуес ісім – ән айту.Сабақтың мақсатын анықтайық. /Сабақтың мақсатын айта кету/.
Балалар, дәптерлеріңді ашып, бүгінгі тақырыпты жазыңдар.Сызбаны толықтырған соң, қысқаша өз әуес істерің туралы айтып кетейік.
1.Сызбаны толтыру. ФЛИПЧАРТ
Берілген сызбаны толтырыңдар. Өз әуес істерің туралы әңгімелеңдер
Менің әуес ісім
Әр бала өз әуес ісі туралы айта кетті, енді оқулығымызды ашып 1 – тапсырманы орындайық. Оқулықтағы ашамыз. Сабаққа кірісеміз. Бүгінгі сабақта сендерге сәттілік тілеймін.
2.Оқулықпен жұмыс. 1-тапсырма. Берілген диалогті оқып, өзара сөйлесіңдер.Диалогке ат қойыңдар. (Диалогқа қандай ат қояр едіңдер? Бұл диалогта біз не байқадық? Әнге әуестілігін, сүйіспеншілігін білдіріп тұр.)
3.«Сөздіктер сөйлейді» әлемі. /слайд/ Жаңа сөздермен танысу. (1-тапсырмадағы жаңа сөздермен танысайық).
Пікір – мнение
Қадірлеу – уважать Әуес - склонный
Кәсіп ету – здесь: заниматься әуесқой – любитель
4.Сөздерді сәйкестендір: ФЛИПЧАРТ (Сөздіктегі сөздерді қатыстырып, оларды сәйкестендірейік)
Пікір любимое дело
Әуес песня
Ән мнение
Ән айту склонный
Сүйікті іс петь песню
(Ендігі кезекте жаңа сөздерді қатыстырып, сөз тіркестерін құрастырайық)
5. Жаңа сөздерді қатыстырып сөз тіркестерін құрастыру.
Жақсы пікір, үлкендерді қадірлеу, ән айту кәсіп ету, ән айту, сүйікті іс.
-Балалар қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?
6.Тақтамен жұмыс. Фонетикалық талдау.
(Ендеше тақтамен жұмыс жасау үшін алдыңғы Абай атамыздың өлең жолдарына оралайық.
Осы өлең жолдарынан 1-топ «әсем ән», 2-топ «тәтті күй» сөздеріне фонетикалық талдау жасайық.)
7. Ізденіс жұмысы. Қазақстанның белгілі әншілері туралы мәлімет жинап келу. Оқушылардың дайындап келген Қаз-ның белгілі әншілері туралы мәліметін тыңдайық.
Рахмет балалар осы жинап берген мәлімет үшін .Енді балалар келесі тапсырманы орындау үшін тақтаға назар аударыңдар.
8. Тапсырма. Сөйлемді көшіріп жазыңдар.
Әсет әнші болуды армандайды.Біз ән айтқанына риза болдық.Ол халқына сыйлы әнші.Мен қазақша әндер айтып жүрмін.Олар қазақ әншілері жайлы сөйлесті.Оқушылар ән үйірмесі туралы сөйлесті
9 Бекіту. Ойын. (Ойын ойнайық . «Кім жылдам? атты тапсырмасын ауызша орындайық.
10.Бекіту. Семантикалық картамен жұмыс. ФЛИПЧАРТ
Дауысты дыбыстардың жіктелуі бойынша белгіле. (Бүгінгі сабақты қорытындылау үшін мен семантикалық картаны 2 топқа беремін.Сол картаны дұрыс толтыру керек. Жауабын сосын тексереміз дұрыс па, әлде бұрыс па) Ақ парақ тарату.
Дыбыстар
жуан
Жіңішке
ашық
қысаң
еріндік
езулік
А, Ұ, И, О, Ы, Ө, І, Е, Ә, У, Э
11.Қорытынды: Сұрақтар қою арқылы сабағымды қорытындылаймын.
1.Мектептегі қоғамдық шараларда ән айтасың ба?
2.Қазақша әндерді тыңдағанды ұнатасың ба?
3.Қазақ әншілерінің қайсысынан үлгі аласың?
(Балалар, «Менің әуес ісім – ән айту» жөнінде мәліметтерге сүйеніп осы сабақта алған білімді болашақта әрі қарай
Бағалау. ( Бүгінгі сабақтан алған әсерлерімізбен бөлісейік.Стикерлерді жабыстырады смайликтерге. Бағалап кету сабақ бойынша 4-5 оқушыны ).
Бағалау белгілер бойынша жүргізіледі
Керемет!
Өте ұнады белсенді қатыстым
Өзімді топ мүшесі сезіндім
Ұнады
* Қатыстым
* Өз бетіммен жұмыс жасадым
Онша қызықтырған жоқ
Өзгертіп, басқаша істер едім
Қызықтырған жоқ
Ұнаған жоқ
Үй тапсырмасы: «Менің сүйікті әншім » тақырыбына мінездеме жазып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |