Сабақтың тақырыбы: «Ағаш ек» С. Шаумаханов
Сабақтың мақсаты:
-
Мәтін мазмұнын түсініп, идеясын ашу арқылы оқушыларды дүниежүзілік мәселелер туралы сөзге тарту
-
Дүние тану пәнімен байланыстыра отырып оқушылардың жан-жақты танымын кеңейтіп, білуге құштарлығын арттыру, дамыту.
-
Отан мен туған жер табиғат ұғымдарының бірлігін жасампаз адамзат істері арқылы түсінуге мүмкіндік беру. Экологиялық мәселе шешімін іздеуге талпыныс арқылы оқу, жазу, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Ағаш түрлері, семантикалық кесте, бәйтерек суреті, балға, шеге. Қ.Мырза Әлі, С.Шаухаманов портреттері.
Сабақтың түрі: Дамытпалы аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
А.Меңжанова «Болайықшы осындай»
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Қ.Мырза Әлі «Бірінші рет балға ұстаған балаға»
- Қ.Мырза Әлі кім? (Слайд)
Балға мен шегенің өмірдегі маңызы (Слайд)
Балға:
Басы үлкен балғамын,
Биік менің талғамым
Соғып қисам- қыңырды,
Түзетіп талай алғанмын.
Шеге:
Шеберге керек шегемін,
Құрылысқа келгенмін
Аяқ-басы сынғанның,
Бүтіндеп бәрін бергенмін.
2. Өлеңді мәнерлеп оқу (Слайд)
- Автор ойы, бізге не айтпақ болған?
Епті бол, олпқ болма, еңбек ет өнер сырын ұғасың.
-
Осы шегемен балғаны пайдаланып, табиғатқа қандай пайдалы іс істер едің?
-
Ұя жасау, тырма жасап ауланы тазарту т.б
ІІІ. Негізгі бөлім:
Қызығушылығын ояту.
-
Көктем мезгілі кезіндегі атқарылатын ең бір жақсы, игілікті шара не? (Слайд)
А) наурыз көже пісіру
Ә) ән айтып, би билеу
Б) ағаш отырғызу.
ІV. Жаңа материалды меңгерту.
-
Олай болса бүгінгі біздің жаңа сабағымыз ағаш отырғызуға байланысты екен
Автор туралы қысқаша түсінік: (Слайд)
Мәтіннің авторы Сейілбек Шаумаханов.
Дәптермен жұмыс.
1939 ж. 5 мамыр
Сейілбек
Шаумаханов
Еңбек Қызылорда обл.
ардагері Жаңақорған ауд.
қоғам қайраткері
-
Мәтінді оқымас бұрын ағаштар туралы не білеміз?
Ойын: «Бұл қандай ағаш?» (Слайд)
-
Қазір ағаштар көрсетіледі, көрсетілген ағаштың атын өздерің тауып, сол ағаш туралы не білесіңдер? Ортаға салың. Сол тапқан ағаштарың топтарыңның аты болады.
Қайың
Емен
Бәйтерек
Терек
V. Мағынаны тану кезеңі:
Оқулықпен жұмыс. Топтық жұмыс.
-
Мәтінді 4 бөлікке бөлу, әр топ сурет сала ма, топтастыра ма, өздерің білесіңдер, жазып қорғау.
Топта ақылдасады, ойларын ортаға салады, бөлу.
І топ-Ағаш-байлық
ІІ топ-Ағаш-қорған
ІІІ топ-Ағаш-өмір
ІV топ-Бабалар өсиеті
Көзіңді қалдыр-бұлақ көзін аша жүр, (Слайд)
Ізіңді қалдыр-жақсылық мұра шаша жүр.
Өзіңді қалдыр-бау өсіріп, жаса нұр.
Экологиялық дабыл! (Слайд)
«Табиғат менің көзіммен» Ой толғаныс 1-минут
-
Егер мен ақын болсам......
-
Егер мен суретші болсам.........
-
Егер мен Қоршаған ортаны қорғау министрі болсам............
Қорытындылау:
-
Топырақ орманы болғанда ғана Отанға айналады.
Ататүрік
Жасыл әлем өшпей соқсын жүрегі!
Благодар орта мектебі
Ашық сабақ жоспары
Пәні: қазақ әдебиеті
Класы: 4 «Ә»
Оқытушы: Б.Ш.Ахаева
2012-2013 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |