Ұстазым менің, ұстазым!
Сабақтың мақсаты: Мұғалімге тән қасиет адамгершілігі, сыпайлығы, ұқыптылығы мәлім.
Білімділік: Оқушының сөздік қорын молайту, тілін дамыту, ойын, қиялын, шығармашылығын дамыту.
Дамытушылық: Оқушыны логикаға, шапшаңдыққа, тез сөйлеуге үйрету.
Тәрбиелік: Адам еңбегін бағалай білуге үйрету, оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: пікір – талас сабақ
Сабақтың типі: ашық сабақ
Сабақтың барысы:
1 – жүргізуші: Сіңірген ойға, санаға
Сөздердің таңдап сұлуын.
Біліммен қоса балаға
Ұсынған жүрек жылуын, - дей отырып жүрегінің әр бөлігін оқушыларға арнайтын ұстаздарды төл мерекелерімен шын жүректен
құттықтаймыз!
Еңбектеріңіз жемісті, табыстарыңыз мол болсын!
2 – жүргізуші: Ұстаз... Ұстаздың мен үшін де, сен үшін де, бәріміз үшін де орны бөлек.Осынау өмірдегі жандардың бәрі де ұстаз алдынан түлеп ұшты.
Әлемге, еліне пайдалы, танымал тұлғаларды тәрбиелеу ұлы ұстазға байланысты деп білемін.Ұстаз адамзат баласының бойына білім атты «шаһарды» қалайды.Сондықтан, «Ұстазды атаңнан да әзіз тұт» деген мақалға жүгінген дұрыс.Ұстаздың еңбегі - ізгіліктің інжуіндей қымбат еңбек.
«Қыран құс түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» деген нақылдың өзі ұстаз – адам тағдырын шешуші тәлімгер дегенді білдіреді.
1 – жүргізуші: Дарытқан білімі үшін ұстаз деген асыл жанға мың алғыс айтсақ та жетпейді.Өйткені ұстаз еңбегі орасан зор еңбек.
Сенің де, менің де, бәріміздің де өмірімізге бағыт – бағдар берген, білім нәрімен сусындатқан, өмірге кірпіш етіп қалаған ұстаздай ардақты жанды ғұмыр бойы ардақтап өтуге тиіспіз.Бұл біздің парызымыз.
1 – оқушы: Ұстаз болу мәртебелі дәреже,
Кез – келгеннің ол қолынан келе ме?
Ұстаз болу – ұлағатты ұлы есім,
Шәкірттері сүйіп өтер, сене де.
Жас ұрпаққа білім беріп шаршамай
Қиындыққа төзе білген жасымай
Ұстазым деп жыр төгеді көңілден
Ұлы адамдар өмірдегі қаншама.
Тұла бойдан шашылғандай шұғыла,
Ұстаз жүрек шәкірттерін ұғына
Күлімсіреп қарсы алады жалықпай
Үйретеді өмірдің қыр - сырына
2 – оқушы: Ұстаз сені әрбір адам бағалар,
Сенен ұшқан білім алып ағалар.
Сенен ұшқан дарынды да, дана да,
Сен арқылы мына ғалам жаңарар
3 – оқушы: Ұстаз деген – сөйлер сөздің сәні,
Ұстаз деген – осы өмірдің мәні.
Жалпы қауым тәлім алып одан
Ұстазына бас иеді бәрі!
Ұстаз деген – тәрбиеші тұлға
Білім берген ұлға және қызға
Құрметтейді сыйлап, ардақ тұтып
Шәкірттері бөле ән мен жырға
4 – оқушы: Ұстазым, асыл ардағым
Сіңірген бақыт бұлағын
Ұстаздар айтқан ақылын
Жүректен ұғып тұрамын
5 – оқушы: Арттырған шәкірт талғамын,
Ұстаздар – үміт ардағым.
Өзіңнен үміт нәрін ап
Қырандай алға самғадым.
Сөйлесе тілі балдайын
Ұстазым, гүлдей жайнадым
Көркейіп өсіп келеміз
Жапырақ жайған талдаймын.
Сонымен біз бүгінгі ашық сабағымыз жабық деп жариялаймыз! Қош, сау болыңыздар құрметті қауым!