Сабақтың мақсаты: Өмір шындықтан қаланғанда ғана нағыз өмір екндігін түсіндіру



бет6/11
Дата27.11.2019
өлшемі187,3 Kb.
#52446
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1-34саб 6-сынып-1


Сабақ тақырыбы: Адамдық борышың

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: басқа мәдениеттің құндылығын түсіну, толеранттылық (кеңпейілділік); қоршаған ортаны қорғау, ақжарқындылық.

Мұғалiм: Сейденова Адиса Төребекқызы Сынып:6 «а,ә,б,в,г»

Сабақтың мақсаты: Сөз бен істің бірлігі тек ақиқатта екендігін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - ойдың, сөздің және істің бірлігін дағдыландыруға үйрету;

Дамытушылық: - өз-өзіне адал болуға, жақсыдан жаманды ажырата білуге ықпал ету; Тәрбиелік: - уәдеде тұруға, шыншылдыққа тәрбиелеу.




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 5 «Т» ережесін сақтау.

Тыныштық сәтi. Жағымды күйге ену «Нұрға бөлену»




2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Менің азаматтық борышым» тақырыбына жазған эсселерін оқу.




3.Дәйексөз. В.Сухомлинский

Адамның нағыз байлығы затта емес,

Ақыл-парасатта, рухани байлықта

- Өзің байлық деп нені санайсың?

- Рухани байлық дегеніміз не?

- Өзің байлығыңның бағасын бере аласың ба?






4. Әңгiмелеу (сұхбат). Өтебай Тұрманжанов

Шелекпен егін суарған бала

  • Арықтағы колхоздың суына тимей, шелекпен су тасып егінін суарған баланың әрекетінен қандай ой түйдіңдер?

  • Шәкәрім атамыздың «Жүрегі таза адам ешқашан қиянат жасамайды» деген сөзін қалай түсінесіңдер?

  • Адамның бойындағы қандай қасиеттері оның адамдық болмысын көрсетеді?

  • Өзің бау-бақшада, саяжайда жұмыс істеп көрдің бе? Қандай сезімде болдың?




5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма:

... Мейірімділік, қамқорлық, татулық, ізеттілік ұғымдарын пайда- лана отырып;



Оқушы мен мұғалім,

Сатушы мен тұтынушы,

Әжесі мен немересі арасындағы қарым-қатынас диалогын жасау.

2-тапсырма: Жағдаяттарды шешу.

Интернатта оқитын Самал мерекелік демалысқа орай ауылға үйіне автобуспен жолға шықпақ болды. Билетті алдын ала сатып алып, автобустың жүрер уақытына бірнеше минут бұрын автобекетке келді. Кассада билет қалмағанын байқады. Қасына бір қарт әжей келіп, одан билетін сатуын жалынып сұрады, себебі сол ауылға жедел баруы тиіс, жақын туысы қатты науқастанып жатыр екен. Егер билетін сатар болса, мейрамға қарсы үйіне бара алмайтынын ойлаған Самал сәл кідіріп қалды.



  • Самал қандай шешім қабылдайды деп ойлайсыңдар? Неліктен?

Айбек пен Ердәулет бір сыныпта оқитын жақын достар. Екеуі де домбыра үйірмесіне барады. Қазақтың дәстүрлі әндерін сүйіп тыңдайды. Екеуінің де арманы дәстүрлі әндер концертіне барып, халық әндерін жанды дауыста тыңдау болатын. Бір күні аудан орталығында болатын концертке баруға тегін билет берілді. Бірақ жалғыз билет. Сынып үздігі болғандықтан мұғалім билетті Айбекке ұсынды. Оның қуанышында шек болмады. Жабырқап отырған Ердәулеттің қасына келіп, үнсіз ойланып тұрды.



  • Айбектің орнында болсаңдар қандай шешім қабылдар едіңдер?


3-тапсырма: «Алғыс» Ділдә Матайқызы мәтінін оқып, сұрақтарға жауап беру.

  • «Жақсылыққа-жақсылық - әр адамның ісі, жамандыққа –жақсылық – ер адамның ісі» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Басқаларға жақсылық жасаған кезде қандай сезімде боласыңдар? Әңгімелеп беріңдер.




Топпен ән айту

Жақсы адамдар Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар






7.Үй тапсырмасы.

1. Келесі сабақ: «Менің отбасым» тақырыбына сурет салу, коллаж жасау, эссе жазып келу.






Өзін-өзі тану сабақ жоспары

75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .01.19ж17 сабақ Тақырып: Отбасының жылуы Құндылық : Дұрыс әрекет. Қасиеттер: Әдепті болу, өз-өзіне сенімді болу, әділеттілік, отбасындағы парызын орындау.



Мұғалім : Сейденова Адиса Төребекқызы Сынып: 6 «а,ә,б.в,г»

Сабақтың мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынастағы дұрыс әрекет құндылығының мәнін түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: - отбасындағы парызын орындауды үйрету;

Дамытушылық: - өз-өзіне сенімді болуға баулу;

Тәрбиелік: - әдепті, әділетті болуға тәрбиелеу.

Ресурс

тар стикер қағазы.



Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

(5 «Т» -ны сақтау) Тәртіп,Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру.

Жағымды көңіл-күйге ену. «Ата-әжеміздің жайлауына»



Үй тапсырмасын сұрау.

«Табиғат баға жетпес сый» жобасын жасап, толықтырып, қорғау.

Хрустальный грусть




Дәйексөз Л.Н.Толстой

Үйінде бақытты адам – әлемде бақытты адам

  • Бақытты адам, қандай болады?

  • Сен бақыттысың ба?

  • Бақытты дегенді қалай түсінесің?




Әңгімелесу

Ата-анам - ізгі адамдар Думан Анаш

  • Ата-ананың бойындағы қандай ізгі қасиеттер ерекше сүйсіндіреді?

  • Ата-ананың рөлі туралы әңгімелеп беріңдер?

  • Автор қандай құндылықты бойына сіңіріп өсті деп ойлайсыңдар?

  • Ата-ана мен Отан алдындағы парызды қалай түсінесіңдер?

  • Жүрегі сүйіспеншілікке толы адам болу үшін қандай қасиеттерді өз бойларыңда дамытқыларың келеді?

Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Мақалдың жалғасын жазу;

Ата көрген оқ жонар, ............ Шеше көрген тон пішер.

Гүл өссе жердің көркі, ........... Қыз өссе елдің көркі.

Балапан ұяда не көрсе, .......... Ұшқанда соны іледі.

Ата-ананың қадірін, ............ Балалы болғанда білерсің.

2-тапсырма: Абайдың қарасөздерінен үзіндіні оқып, бүгінгі өмірмен байланысы туралы ойыңды айтып бер.


  • Адамның адамшылдығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.алаға көбінесе үш алуан мінез жұғады: біріншісі – ата-анадан, екіншісі – ұстаздан, үшіншісі – құрбысынан.

3-тапсырма: Ата-аналарыңның, туыстарыңның арасында берік байланыс орнатудағы жауапкершілік туралы эссе жазу.




Ұлттың да , мемлекеттің де ұйытқысы – отбасы. Біз әрқайсымыз бір-бір отбасының өкіліміз. Ұлттың ұлт болып қалыптасуы мен өсу-даму бағыты тікелей ұрпақ тәрбиесіне байланысты. Елімізде отбасы ұғымы абыройлы, асқақ түсінікке айналуы тиіс. Ұлы жазушы М.Әуезовтің «Бала ата-ананың тағылымы арқылы өседі» деген ұлағат- ты сөзін әр отбасы бойтұмарына айналдыруы керек. Отбасы ең алғаш баланың қалыптасуына ықпал ететін әлеуметтік орта. Отбасы баланың тұлғалық қасиетіне негіз қалайды. Мәселен отбасы мүшелерінің мәдени деңгейі баланың түрлі әлеуметтік құндылықтарды игеруіне игі әсерін тигізеді. Отбасының жылуы мен берекесі ананың ақылы мен парасатында. Болашақ ұлт тұлғаларының ұжданы мен келбеті ананың жүрегі мен қан тамырының тазалығында. Отбасы атқарар маңызды шаруаның үлкені – ұлтжанды, елшіл азамат тәрбиелеу.




Топпен ән айту Ата-әже Н.Төлендиев.

Қалмасын деп қатардан Қанша көрдім дегенмен,

Ойлайтынын сезем мен. Көрмегенім көп менің

Айналайын атамнан Қанша білдім дегенмен,

Айналайын әжемнен Білмегенім көп менің

Мақтанбаймын бекер мен, Мен дегенде ештеңе

Өшпейсіңдер санамнан Аямайтын осылар

Айналайын әкемнен Таңертең де кешке де

Айналайын анамнан. Аялайтын осылар

Күн сияқты ашылар Қалай жаман боламын

Қамқоршымда осылар. Мен бақытты баламын

Қ-сы: Атаааааааа Әжеееееее

Мен сіздерді сүйіп өтемін

Анааааааа Әкеееееееее

Силаймынғой бәріңді

Мен сіздерге қарап өсемін




Үйге тапсырма:

Келесі сабақ: «Менің ата-анам» тақырыбында эссе жазып келу.






Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып, барлығымыз бірге

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде.

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.






Өзін-өзі тану сабақ жоспары

Мектеп №75 мектеп гимназиясы Күні .01.19ж №-18 сабақ Тақырып: Отбасының жылуы Құндылық : Сүйіспеншілік Қасиет: кешірімді болу, шынайылық, отбасы мүшелеріне риясыз қызмет ету, жанашырлық.

Мұғалім : Сейденова Адиса Төребекқызы Сынып: 6 «а,ә,б.в,г»

Сабақтың мақсаты: түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: - отбасы мүшелеріне риясыз қызмет етуді үйрету;

Дамытушылық: - кешірімді болуға ықпал жасау;

Тәрбиелік: - шынайылыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу.

Ресурс

тар: стикер қағазы.



Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

(5 «Т» -ны сақтау) Тәртіп,Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру.

Жағымды көңіл-күйге ену. «Орманға саяхат»


Үй тапсырмасын сұрау.

«Менің ата-анам» тақырыбында эссе жазып, оқу.

Хрустальный грусть



Дәйексөз

«Әке – асқар тау, Ана – мөлдір бұлақ,

Бала - жағадағы құрақ»

  • Теңеулерді мысалмен түсіндір.

Әңгімелеу Болатбек Мұхтар

Менің анам

  • Ананың балаларына деген сүйіспеншілігінің мәні неде деп ойлайсыңдар?

  • Ананаң тәрбиесі авторға өмірлік сабақ болды ма?

  • Адамның бойындағы қандай қасиеттер оны «кемел адам» биігіне жетелейді? Неліктен?

  • Қасым Аманжолдың: «Отбасы – бір мемлекет» деген өлең жолын қалай түсінесіңдер?

  • Ата-ананың үмітін ақтау үшін қандай қасиеттерді бойымызға сіңіруіміз керек? Әңгімелеп беріңдер.




Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Төмендегі өлең шумақтарын оқып, сый мен құрметтің нәтижелерін (себебі мен салдарын) тауып, айтып беріңдер.

Ата Апа

Ата үлкен кәріміз Мейрімді апалар

Қуат берер дәріміз. Балалар кеп бата алар.

Әулиедей аялап, Қалтасына кәмпит сап

Ардақтаймыз бәріміз. Немереге апарар.

Тәте Аға

Таудай менің талабым Қиындықтан қыңбайды

Айна мен ақ тарағын Атам сөзін тыңдайды.

Алып беріп тартпадан Жұмсап мені жұмысқа

Тәте көңілін табамын. Үлкендігін бұлдайды.

Мен

Атам не айтса көнетін

Апама көңіл бөлемін.

Мен осы үйдің кенжесі

Бәрі жақсы көретін.

2-тапсырма: Ғабиден Мұстафиннің нақыл сөздерін оқып, отбасы мүшелерінің қандай дұрыс әрекет жасайтынын талдап, отбасылық құндылықтарды айту.

  1. Анаң – асыл қазынаң, әкең – асқар тау.

  2. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.

  3. Бала – өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі.

  4. Балаға сіңірген ата-ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Балаға деген махаббатқа ешбір махаббат теңдесе алмайды, ол өле-өлгенше сусындайтын махаббат.

3-тапсырма: Сара Алпысқызының «Өмір әдебі» кітабынан үзіндіні оқып, өз ойларыңды ортаға салыңдар.

.... Ата-ананың қай-қайсы болса да, балалары қабілетті, тапқыр, талантты болып өссе, олар басқа балалардан артық болса деп армандайды. Алайда меніңше қымбатты достар, бұл туралы емес, бала жақсы Адам болса деп армандау керек. Ол адамдарға пайдалы болып, қоғамға зардап келтірмей пайда әкелетіндей етуі керек.




Топпен ән айту

Жанұям Қуаныш Жаманқұлов

Ой ойлатқан талай-талай өтті күндер алыс,

Міне бүгін біз де үй-жай, ол да біздің парыз.

Өз үйіміз бір отан береке,

Қандай қызық бір қыдырсаң жанұяңмен бірге.

Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған,

Аман жүрсін бауырымыз алыстағы аңсаған.

Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған

Ең керегі – тату-тәтті болсын менің жанұям.

Жанұяның бір қызығы арадағы бала

Онсыз үйде болған емес құт-береке сірә.

Жастайымнан еркелетіп өсірген

Аман болшы, теңдесі жоқ Ата менен Ана!





Үйге тапсырма

Келесі сабақ: «Достар құшағында» Сағи Жиенбаев сөзіне жазылған өлең жолдарын жаттап келу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет