Сабақтың мақсаты: Өмір шындықтан қаланғанда ғана нағыз өмір екндігін түсіндіру



бет1/11
Дата27.11.2019
өлшемі187,3 Kb.
#52446
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1-34саб 6-сынып-1

Өзін-өзі тану сабағының жоспары Мектеп .75 мектеп-гимназиясы Күні: 4.09.18ж1 сабақ Тақырып Ақиқатты іздеу жолында Құндылық : Ақиқат Қасиеттер: ойдың, сөздің және істің бірлігі, өз-өзіне адал болу, жақсыдан жаманды ажырата білу, қайырымдылық. Пән мұғалімі: Сейденова А.Т. Сыныбы: 6 «а,ә,б,в,г»

Сабақтың мақсаты: Өмір шындықтан қаланғанда ғана нағыз өмір екндігін түсіндіру.

Міндеттері: Білімділік: - ойдың, сөздің және істің бірлігі парасаттылықтың негізі екендігін ұғындыру;

Дамытушылық: - өз-өзіне адал болу, жақсыдан жаманды ажырата білуге баулу; Тәрбиелік: - қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: дәйексөз,

стикер қағазы.



Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

(5 «Т» -ны сақтау) Тәртіп,Тыныштық, Тазалық, Татулықты сақтауға шақыру, Талап.

Жағымды көңіл-күйге ену «Орманға саяхатқа» шығамыз.


2.Үй тапсырмасы:

- Жазғы демалысты қалай өткіздіңдер? Әңгімелеп беру.





3.Дәйексөз

Шоқан Уалиханов



«Тек ақиқат, білім ғана күдік туғызбайды,

ол өмірді бағалауға үйретеді»

  • Ақиқат дегенді қалай түсінесің?

  • Күдік деген не?

  • Сен үшін Өмірің қаншалықты қымбат?




4. Әңгімелеу. Бек Тоғысбаев; Нұғыман Баяндин.

Адам адамгершілігінің негізі жөнінде

  • Ертедегі философтар неліктен ақиқат пен бақытты адамның рухани өзін-өзі жетілдіруінің негізі деп санаған?

  • Шоқан ақиқатты ең жақсы игілік ретінде қарастыру арқылы не айтқысы келді деп ойлайсыңдар?

  • Шоқанның өмір жолын адамзатқа қызмет ету жолы деп айтуға болама? Неліктен?

  • Шоқанның «кез-келген жағдайда да адам болып қалу» деген ұстанымын қалай түсінесіңдер?

  • Шоқанның ақиқат «ізгі ниет, ізгі сөз және ізгі іспен өмір сүруде» деген пайымдауының мағынасын қалай түсінесіңдер? Мысал келтір.

  • Ақиқатты қалай танып білуге болады? Өз пікіріңді білдір.

  • Жалпы ақиқат дегенді қалай түсінесің? Өзің ақиқатты қайдан іздейсің? Сеніңше ақиқатқа жетудің жолдары қандай?




5. Шығармашылық жұмыс; топпен жұмыс:

1 – топ: Кестеде берілген ұғымдарға сәйкес мағыналарын табу.

Ұғым

Анықтамалары

1.Адамгершілік
2.Адамзат
3.Ақиқат
4.Ізгілік
5.Игілік

А) Адамдарға деген адагершілік , сүйіспен- шілік қатынас, бұл өзге адамға жақсылық жасаудың негізі;

Ә) Ырыс, несібені, рухани және мәдени байлықты білдіретін жалпы ұғым; адамның белгілі бір қажеттерін қанағаттандыратын, оның мүддесіне, мақсаты мен ниетіне сәйкес келетін нәрселер.

Б) Бүкіл адам баласы.

В) Адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. «Кісілік», «Изгілік», «Имандылық» тәрізді ұғымдармен мәндес.

Г) Таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестігі.



2 – топ: Төмендегі сөз тіркестерін пайдаланып, «ізгі ниет, ізгі сөз және ізгі іспен өмір сүретін» адамға мінездеме беріп, оның портретін жасаңдар.

Тиісті сөздер мен сөз тіркестері: ізгілік, беделді, зеректі, адам тағдыры, адамзатты сүю, болашақ, рухани, игілік, адамзат бақыты, өзін-өзі жетілдіру, мәнді өмір, адам болып қалу.


3 – топ: Қазақтың ұлы ақыны Абайдың 32 – қарасөзінен берілген үзінділер бойынша ойларын ортаға салу. Бұл сөздердің қазіргі таңда қаншалықты өзіңе қатысы бар деп ойлайсың?

  • ....ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек.

  • Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын! Бұл беріктік бір ақыл, ар үшін болсын!

4 – топ: Қазақтың ақыны, ойшылы Шәкәрімнің «Бар ғылым- ның түп атасы – таза ақыл мен ойлау» деген ойын талқылау.

Ақиқатпен қарулансаңыз , кім болса мейлі сол айтсын, әркімге бір жалтақтап, көзсіз ере бермейсіз, таразы да, қазы да өз бойыңызда, барлығы да әшкере болып тұрмай ма! Хош әуелі кез- келген істің басы – оның ақиқатын, ретін білмектікте екені даусыз. Олай болғанда ше, адам емдеудің ретін біліп алмай, дәрігер ем жасамақ па, болмаса кез келген адам ретін білместен ұшақ айдай ма, немесе зәулім үй тұрғызама, немесе қандайда бір техниканы жөндемек пе. Жоқ әлде жалаң ойыңа ғана сүйеніп, қиынның-қиыны адамдардың сан қилы қатынастарын реттемек пе?! Әрине жоқ. Мың жерден ақылды болсаң да, қандай да бір зат немесе құбылыстың ақиқатын танытар хақ білім алмасаң , оған тіпті маңайлауға да болмайды! Аса қауіпті! Міндетті түрде бүлдіресің! Бұл баз біреудің жеке қалауы емес – бұлжымас жаратылыс заңдылығының талабы.





6. Топпен ән айту.

Жас ұландар әні Сөзі: Серік Ақсұңқарұлы

Әні: Есжан Әміров






7. Үйге тапсырма

Келесі сабақ: «Ақиқат жайлы мен не ойлаймын өз ойларыңды жазып келу.






8. Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып , барлығымыз бірге

Ақиқат, аөиқат, ақиқат бар жерде.

Ақиқат, аөиқат, ақиқат бүкіл әлемде.






Ақиқат – қателіктегі ақиқат, жіберген қателігіңді мойындап оны ешқашан қайталамау; - жақсы іс-әрекеттегі ақиқат, дандайсымай, өзіңді жоғары санамай, міндетсінбей ол сенің істеуің керек іс деп біліп адами қалпыңда қалу.

Өзін-өзі тану сабағының жоспары Мектеп: №75 гимназиясы Күні: 11.09.18ж2 сабақ Сабақтың тақырыбы: Ақиқатты іздеу жолында Құндылық : Дұрыс әрекет Қасиеттер: Өсек айтпау, басқалар туралы жамандық ойламау, өз-өзіне сенімді болу, әдепті болу. Мұғалім: Сейденова Адиса Сынып: 6 «а,ә,б.в,г»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өмірдегі орнын дұрыс әрекетте болғанда ғана табатынын түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: - Өмірде басқалар туралы жаман ойламауға үйрету;

Дамытушылық: - өз-өзіне сенімді болуға ықпал жасау;

Тәрбиелік: - өсек айтпауға, әдепті болуға тәрбиелеу.

Ресурстар: дәйексөз,

стикер қағазы.



Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

(5 «Т» -ны сақтау) Тәртіп,Тыныштық, Тазалық, Татулықты сақтауға шақыру, Талап. Жағымды көңіл-күйге ену. «Су асты патшалығына саяхақа » барамыз.


  1. Үйге тапсырмасын сұрау.

«Ақиқат жайлы мен не ойлаймын өз ойларыңды жазып, оқу.




. 3. Дәйексөз

«Адам туа жаман болмайды, жүре жаман болады»






  1. Әңгімелесу.

Ақиқат айнасы (аңыз) Ғалым Бақыткерейұлы

  • Балалар арасында айна үшін туған үлкен даудың себебі неде деп ойлайсыңдар?

  • Аңыз неліктен «Ақиқат айнасы» деп аталынған?

  • Сенің пайымдауың бойынша ақиқат деген не? Мысал келтір.

  • Өзіңнің күнделікті өміріңде осындай ақиқат айнасы керек пе? Неліктен?

  • Өзің ақиқат айнасынан нені көргің келеді?

  • Ақиқатқа апарар жол қандай деп ойлайсыңдар?




  1. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс:

1-топ: 12-13 беттегі Ақиқат туралы жазылған өлең жолдарын оқып, ақиқат жайлы түген ойларыңды сыныптастарыңмен бөліс.

2-топ: Төменде берілген Ақиқат жайлы қанатты сөздердегі негізгі ойды анықтап, бүгінгі өмірмен байланыстырып, өз ойларыңмен бөліс.

... «Адам бойындағы асыл қасиеттерді дамыту үшін алдымен батылдық керек. Батылдық болмаса, адам баласы қалайша ақиқат іздейді, қалайша сүйіспеншілікті қорғайды»? М.Ганди


... «Ақиқат жол-жөнекей жұлып ала салатын гүл емес, ол ұзақ жолдың түпкі мақсаты». Гераклит
... «Ақиқатты көрем десең,

Бас көзімен қарама.

Жүрегіңнің аш көзін,

Жанның сырын арала» Шәкәрім
3-топ: 13-14 беттегі Жағдаятты оқып, өз шешімдерің мен өз тұжырымдарыңды айтыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.

  • Сенің бойыңдағы жан құмарыңа нелер жатады?

  • Ақиқатқа жету үшін қай құмарлық маңызды?


4 – топ: Ақиқат құндылығына қатысты сөздерді тауып, сөзжұмбақты шешу:













1




2




3 а







д











а

г



ү

н

и

е

т

а

н

ы

м

і

а
















з

л

м







а



з

г

і

л

і

к










т

к




е



















р






9ш

ы

н

д

ы

қ

і







и

л

қ

і

а

к

т






6. Топпен ән айту.

«Сен маған сүюді үйреттің» Ә:ЕрболБайырбеков,

С:АқмаралЛеубаева

1.Сен маған сүюді үйреттің, 2. Кім дос,кім дұшпанды үйреттің, Ұмытып кеткен едім. Уайымшыл бір мұң едім. Басымды июді үйреттің, Иіскеп қысқанды үйреттің,

Тәкаппар өктем едім ... Құшақсыз бір гүл едім. Шынайы күлуді үйреттің, Шынайы күлуді үйреттің,

Нөсерлі көктем едім. Нөсерлі көктем едім

Өмірді сүруді үйреттің,

Ұстазсыз мектеп едім.



Қайырмасы: Сен маған ұшқанды үйреттің,

Тордағы бұлбұл едім.

Сезіммен құшқанды үйреттің,

Күдікшіл құмбыл едім. 






7. Үй тапсырмасы

Келесі сабақ: «Табиғат – баға жетпес сый» жобасының жоспарын түзіп келу






Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып , барлығымыз бірге

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде. . Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.





Мектеп:75 гимназия Күні: 18. 09.18ж3 сабақ Сабақ тақырыбы: Адамның мүмкіндіктері Құндылық : Дұрыс әрекет Қасиеттер: шындықты айту, уәдені орындау, тілалғыш болу. Мұғалім: Сейденова Адиса Сынып: 6 «а,ә,б.в,г»

Сабақтың мақсаты: Өмірдегі орныңды анықтауда талаппен талпынудың мәнін түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: - Шындықпен кез-келген шыңға апаратынын үйрету;

Дамытушылық: - уәдені орындауға, берген сөзде тұруға дағдыландыру;

Тәрбиелік: - батылдыққа, тілалғыштыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: дәйексөз,

стикер қағазы.



Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

(5 «Т» -ны сақтау) Тәртіп,Тыныштық, Тазалық, Татулықты сақтауға шақыру, Талап.

Жағымды көңіл-күйге ену. «Су асты патшалығына саяхат»





2.Үй тапсырмасын сұрау.

«Табиғат – баға жетпес сый» жобасының жоспарын түзіп келу



  1. Дәйексөз

«Ойға алғанның бәрін адамның ынта-жігерімен жүзеге асыруға болады» Халық даналығы




  1. Әңгімелеу Жүсіпбек Айтмауытов

Неге арналсаң, соны істе

  • «Неге арналсаң, соны істе» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Өмірден нақты мысал келтір.

  • «Өз орнындағы адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ» деген тұжырыммен келісесің бе?

  • Өз мүмкіндіктері мен қабілетінің арқасында жетістікке жеткен кімдерді білесің? Әңгімелеп бер.

  • Өз бойыңдағы мүмкіндіктерді ашуға көмектескен жағдай болды ма? Өзіңді басқа қырыңнан қалай танисың?




  1. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Қанатты сөздерді оқып ой-тұжырымыңды айт;

... Адам - таңғажайып құбылыс! Оның жан дүниесі, ақыл-ойы, жан-жақты талант қабілеті – құдіреттілік табиғаты, мүлдем беймәлім, әрі ешқашанда танып- білу мүмкін емес.

Шоқан.У.

... «Адамның басшысы – ақыл, жетекшісі – талап, шолушысы – ой, жолдасы – кәсіп, қорғаны – сабыр, қорғаушысы – мінез» Би-шешендер

2 – тапсырма: «Қабілет» әңгімесін оқып, кестені толтыру. 18-бет.

Мәтін бойынша

Менің пікірім

Өмірмен байланысты мысал

Қабілет







Парасат







Даналық








Қорытынды: Адам алдына нақты мақсат қоя білуі керек. Мақсаты айқын адам оған қол жеткізуге талпынады. Мақсатқа жетуге талпыныс – адамды сенімді, жігерлі, күшті етеді.





  1. Үйге тапсырма

Келесі сабақ: «Адамның мүмкіндіктері шексіз» тақырыбына эссе жазып келу.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет