Сабақтың тақырыбы: § Қазақтың ғұлама ғалымы Ш. Ш. Уалиханов. Сабақтың мақсаты : Білімділік



Дата25.08.2017
өлшемі34,9 Kb.
#26679
түріСабақ
Қазақстанның физикалық географиясы.Күнделікті сабақ жоспары

Сынып: 8

Сабақтың тақырыбы: § 9. Қазақтың ғұлама ғалымы Ш.Ш.Уалиханов.

Сабақтың мақсаты :

Білімділік – Ш.Уалиханов өмірі мен ғылыми зерттеу жұмыстарына арнап жазылған әдебиеттермен таныстыра отырып білімдерін шыңдау.

Дамытушылығы – Ш.Уалихановтың география қоғамының мүшесі, этнограф, тарихшы болғаны туралы еңбектерімен таныстырып, ойларын дамыту.

Тәрбиелілігі – Ш.Уалиханов еңбектерін оқуға, өмірі, ғылыми еңбектеріне арналған қосымшы әдебиеттермен танысуға, оқуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жалпылама баяндау.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың жабдықталу көрнекілігі: 1.Қазақстанның физикалық картасы.

2.Қосымша әдебиеттер.



Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесіп, олардың сабаққа даярлығын тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру:

а).Әл-Фараби дүниеге қай жерде келді?

ә).«Екінші Аристотель» дегеніміз кім?

б).Фараби еңбектері қай жерде сақталған?

в).Фараби неше ғылыми еңбек жазған?

Көкейтестілік:

а).Тірек білімдер (Қандай қоғамдарға аса мән беріледі).

ә).Қызығу тудыруға ықпал ету амалдары.

б).Жұмыс барысын бақылау түрлері, өзін-өзі байқау тәсілдері.

Жаңа сабақты оқып үйрену

Ш.Ш.Уалихановты (1835–1865) география саласындағы саяхатшы, әрі географ-ғалым ретінде ерекше тұрғыдан қарауымыздың өзіндік себептері бар. Шындығында да, біз басқа зерттеушілердің қызметін сөз еткенде олардың Қазақстан территориясының белгілі бір бөліктерін ғана географиялық тұрғыдан танып-білу ісіне қосқан үлесін баяндаумен шектелсек, ал Ш.Ш.Уалихановқа жалпы мағынасындағы аса зерделі тұңғыш отандық географ-саяхатшы ретінде қараймыз.

Міне сондықтан да Ш.Уалихановтың өзі зерттеген аймақтың табиғаты мен физикалық-географиялық ерекшеліктерін танып-білуге ғана емес, сонымен қатар олардың әлеуметік және әдет-ғұрпына, салтына, тіліне, көне аңыздарына да зер салды.

Жүріп өткен жерлердің зерттеу деңгейіне және олардың танып-білуге қолайлылығына қарай Шоқан өз саяхаттарын екіге бөлді: бірінші кезең Жоңғарды аралап, Жетісу, Іле өлкесі арқылы Ыстықкөлге барған жолды қамтиды. Бұл жерлердің физикалық-геграфиялық сипаты орыс саяхатшыларының зерттеулері бойынша белгілі деп есептеген Уалиханов өз еңбектерін олар елемей немесе аңғармай кеткен деректермен толықтырды.

«Менің саяхатымның екінші кезеңі Сырдария өзенінің негізгі саласы болып табылатын Нарын өзенінің жоғарғы сағасынан басталады. Бұл ара осы меридианда Семенов сапарының ең шырқау шегі. Одан әрі менің алдымда әлі зерттелмеген, адам аяғы баспаған мүлде меңіреу өңірі жатты», - деп жазды. Шоқан Уалиханов саяхатының бұл кезеңі өте-мөте жемісті әрі географиялық жаңалықтарға толы.

Шын мәнісінде Ш.Уалиханов Қашқарияға барар жолында Орталық Тянь-Шаньды меридиан бойынша солтүстіктен оңтүстікке қарай өтіп, оның жоталарын түгелдей дерлік аралап шықты. Осы сапарда ол бірнеше жаңалықтар ашып, оларды тұңғыш рет суреттеп жазды. Жетімшоқы, Шоқырқорым тауларын, Нарын, Қарасай, Қаракөл өзендерінің алқаптарын және т.б. ғалым ашқан сол жаңалықтардың қатарына жатқызуға болады.

Шоқан сапарда жүргенде ұдайы күнделік жазып отырды, аса зор қауіп-қатерге қарамастан, ол тіпті Қашқарияда да осы дағдысынан әсте жаңылған жоқ.

Ол Орта Азияның көне карталарын зерттей отырып, өзі жүріп өткен экспедиция жолының тұтас картасын жасады. Ғалымның «Жоңғария очерктері», «Алтыншар туралы...» және т.б. еңбектері жарық көрді. Сол сияқты ол парсы, араб («Бабыр-наме», «Тарихи-Рашида», «Тазкирян ходжаган» және т.б.) мәтіндерімен де жұмыс істеді. Петербургта Азия департаменті жанындағы жоғары мектепте ол Азияға қызмет істейтін адамдар үшін түрік тілдерінен сабақ берді.

Ш.Ш.Уалиханов өз еңбектерінде Жоңғар Алатауының, Солтүстік және Ішкі Тянь-Шаньның өзен торлары жөнінде аса маңызды мағлұматтарды мәлімдейді. Ыстықкөлге сапар күнделігінде ол Қазақстан өзендері – Аягөз, Ақсу, Лепсі, Іле, Шелек, Шарын жөнінде көптеген қызғылықты деректер келтіреді. Өзендердің жалпы сипаттамасымен қатар Шоқан олардың геологиялық құрылымын, алқаптарының жаратылысын, ағу бағытын анықтап, климатын және өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сипаттап жазды.

Жаңа сабақты бекіту

а).Туған өлкесін зерттеуге Ш.Уалиханов қандай үлес қосты?

ә).Қазақстан аумағын зерттеген зерттеушілер еңбегінен Шоқан зерттеулерінің қандай ерекшеліктері бар?

б).Ш.Уалихановтың «Қашғарияға саяхат» еңбегі қалай болды?

в).Ш.Уалиханов өмірі, жастық шағы?

г).Ш.Уалихановтың ғылыми еңбектері?



5.Үй тапсырмасы

§9. Қазақтың ғұлама ғалымы Ш.Ш.Уалиханов.



6.Оқушы білімін бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет