1 СЫНЫП
КОМПОЗИЦИЯ
5 ТАПСЫРМА.
Тақырыбы: Ритм және ритмикалық қимыл. Композициядағы динамика мен статика.
Сабақтың мақсаты: Өрнектегі ритмикалық құрылымының әдісін үйрету және оны тақырыптық композицияда қолдану.
Қолданылатын көрнекіліктер: Оқу көрнекіліктері, репродукциялар, суреттер.
Сабақтың тәрбиелік мәні: Оқушыларды қазақтың ұлттық ою-өрнек өнерінің ерекшеліктерімен таныстыру, төл мәдениетін қастерлеуге баулу және олардың ұшқыр ой, әсемдік талғам, белсенді біліктілік, шеберліктерін дамытуға ықпал ету.
Сабақ жоспары: 1. Жаңа тақырып.
2. Көрнекіліктерді көрсету
3. Ою-өонек туралы әңгіме.
4. Методикалық тапсырма.
5. Өзіндік жұмыс.
6.Қателерін жөндеу.
7.Жұмыстарын талдау.
8.Баға қою.
Сабақ барысы: 1 САБАҚ.
-Жаңа сабақты түсіндіру. Сәндік қолданбалы өнер мен станокты шығармалардағы ритмика мен ритмикалық қимыл. Композициядағы өрнек элеметтері. Ою-өрнек түрлері: геометриялық, өсімдік типтес, зоомофтық және космогониялық болып төрт түрге бөлінеді. Оюдың құрылымын шеңбер төрт бұрыш немесе ромбының ішіне салады. Композициядағы «динамика» мен «статика» түсінігі. Диагональ бойынша элементтерін орналастырып сюжеттің динамикасын көрсету. Ою элементтерінің қайталану динамикасымен интервалдарының сақталуы.
-Көрнекіліктерді көрсете отырып оюлардың түрлері мен атауларын айтамын.
-Нобайын ізденіп салу.
-Композициялық шешімін табу. Қағазға дұрыс орналастыру.
-Өзіндік жұмыс.
-Кеңес беру. Оюлардың қайталанып келгенде пішімдерінің бірдей болуын динамикасымен интервалдарының сақталуы айтамын
-Композициялық қателерін жөндеу.
-Боялудың алғашқы кезеңі.
-Кеңістікті көрсету.
-Қателерін айтып, оларды жөндеу.
-Оқушыларға кеңес беру.
-Жұмысты аяқтау.
-Сабақ соңында оқушылармен бірге жұмыстарын талдау.
-Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |