Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер бөлімін қорытындылау.
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктер бөлімінен алған білімдерін жинақтап қорытындылау және бір-бірімен білім алмастыру арқылы толықтыру.
Білімдік мәні: Өсімдіктер бөлімі жөніндегі теориялық білімдерін меңгертіп, оны іc- жүзінде қолдануға үйрету.
Дамытушылық мәні: Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдерін белсенді қолдану арқылы оқушыларды жеке, жұппен, топпен жұмыс істеу, басқаларды тыңдау, өз көз-қарастарын дәлелдеп қорғай білу, біліктіліктерін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Өсімдіктер бөліміндегі білімдерін жүйелеп біртұтастыққа қарастыру, оқушылардың ақыл-ойын, ғылыми дүние танымдылығын қалыптастырып, тірі табиғатпен ізгілікті қарым-қатынаста болуға, экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Міндеттері: Органикалық дүниенің ерекше бір тобы- өсімдіктер, олардың мүшелерінің сыртқы, ішкі құрылысы, түрлері, көбеюі, табиғаттағы маңызы жөніндегі теориялық білімін практикада пайдалануды іске асыру.
Көрнеклік құралдар: Кеппешөптер, табиғи материалдар. Комьютерлік слайдтар, видио фильм.
Сабақ әдісі: Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы:
Сабақтың құрылымы:
Топтар өздерін таныстыруы.
«Қызығушылықты ояту» кезеңінде «РАФТ» әдісі қолданылады.
«Мағынаны ашу» кезеңінде «Қызықты репортаж» көрсету.
«Ой толғаныс» кезеңінде «Экипаж» ойыны.
Қосымша деректер.
І. Әр топ өздерін таныстырады, өсімдік аттарына байланысты, өз ұрандары болады.
І.«Қызығушылықты ояту» кезеңінде өз ойларын дәптерге жазып, ортаға салады.
ІІ. РАФТ әдісі. ( Р- Рол- өсімдік, А – Аудитория- адамдар, Ф – Форма- хат, арыз, мінездеме, Т – Тақырып- Өсімдікті қорғау.) Өсімдіктер атынан адамдарға жолдау.
ІІ Мағынаны ашу мен Ой толғаныс кезеңінде
ІІІ. «Қызықты репортаж» әр топтың видео көріністері.
І топ «Қыстағы өсімдік көрінісіне тоқтау»
ІІ топ. «Бөлме өсімдіктері»
ІІІ топ «Дәнді дақылдар»
ІV топ. «Жеміс- жидектер» cауда орталығындағы»
ІV «Экипаж» ойыны. Оқушылар карточка таңдау арқылы топқа бөлінеді:
І. топ. Сайлау, ІІ топ. Барлығы, ІІІ. топ. Делегат, ІV топ. Сенім . осы топтар бойынша мұғалім оқушылардың білімін тексереді.
1. Сайлау карточкасын алған топтан мұғалім бір оқушыны өзі сайлап, сұрақ береді.
2. Барлығы карточкасын алған топтан барлық оқушыдан сұрайды.
3.Делегат карточкасын алған топ іштерінен бір оқушыны дайындап, өздері делегат ретінде сабақ айтуға жібереді.
4. Сенім карточкасын алған топ жетекшісі оқушылардан сұрайды, бағалайды, мұғалім сенеді.
Қойылатын сұрақтар:
Төменгі сатыдағы өсімдіктерді атап, біржасушалы және көпжасушалы өсімдіктерді салыстыр.
Споралы өсімдіктердің түрлері, сипаттама беріңіз.
Ашық тұқымды өсімдіктердің ерекшеліктері.
Жабық тұқымды өсімдіктердің ерекшеліңтері.
Даражарнақты өсімдіктер деп аталуы, тән ерекшеліктері.
Қосжарнақты өсімдіктер деп аталуы, тән ерекшеліктері.
Итмұрын, картоп, асбұршақтың гүлдерінің формуласын жазып талдау.
*♀♂Ca5 Co5 A∞G∞-итмұрын. *♀♂Ca (5) Co (5) A 5G (2)- картоп.
↑♀♂Ca (5) Co1+2+(2) A5 G1- асбұршақ.
Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтарын ата.
Оңтүстіказиялық тропиктік орталық.
Шығысазиялық орталық.
Оңтүстік-батысазиялық орталық.
Жерортатеңіздік орталық.
Абиссиналық орталық
Орталық америкалық орталық
Андылық (Оңтүстік америкалық ) орталық.
Есеп: Орта жастағы үйеңкі ағашының тамырлар жиынтығының салмағы 5 кило делік. Ал ағаш тамырының 1 кило салмағының тыныс алуына 1 кило оттегі жұмсалатын болса, үйеңкінің тамыры 1 айда,
1 жылда қанша оттегін қажет етер еді?
Шешуі: 1. Ағаш тамырының 1 тәулікте қанша оттегін жұмсайтынын табамыз: 1*5=5 г.
2. 1 айда, 1 жылда қанша оттегін қажет ететінін шешеміз:
1) 5*30=150 г. 2) 5*365=1825 г.
Жауабы: 150 г, 1825 г.
Қорытынды: Біз бүгін өсімдіктер бөлімінен алған білімдерімізді қорытындылап, толықтырдық, бір-бірімізден білім алмастырдық. Сонымен өсімдіктер дүниесінің бірлесітігін Флора дейміз. Ал енді біз жануарлар дүниесінің бірлестігін Фаунаны қарастырамыз. Осыны дәптерлеріңе жазып алыңыздар.
Үйге тапсырма: Жануарлар дүниесінің Фаунасы жайлы қызықты деректер жинақтаймыз. Жекеленген оқушыларға: 1. Ш.Қ.О. бойынша «Қызыл кітапқа» енген жануарлар туралы деректер. 2. Жануарлар суреттерін жинақтау.
Қолданылған әдебиет.
Энциклопедический словарь юного биолого.
7 класс оқулығы. Биология салауаттылық негізі.
ІV «Экипаж» ойыны. Оқушылар карточка таңдау арқылы топқа бөлінеді:
І. топ. Сайлау, ІІ топ. Барлығы, ІІІ. топ. Делегат, ІV топ. Сенім . осы топтар бойынша мұғалім оқушылардың білімін тексереді.
1. Сайлау карточкасын алған топтан мұғалім бір оқушыны өзі сайлап, сұрақ береді.
2. Барлығы карточкасын алған топтан барлық оқушыдан сұрайды.
3.Делегат карточкасын алған топ іштерінен бір оқушыны дайындап, өздері делегат ретінде сабақ айтуға жібереді.
4. Сенім карточкасын алған топ жетекшісі оқушылардан сұрайды, бағалайды, мұғалім сенеді.
Қойылатын сұрақтар:
1.Төменгі сатыдағы өсімдіктерді атап, біржасушалы және көпжасушалы өсімдіктерді салыстыр.
2.Споралы өсімдіктердің түрлері, сипаттама беріңіз.
3.Ашық тұқымды өсімдіктердің ерекшеліктері.
4.Жабық тұқымды өсімдіктердің ерекшеліңтері.
5.Даражарнақты өсімдіктер деп аталуы, тән ерекшеліктері.
6.Қосжарнақты өсімдіктер деп аталуы, тән ерекшеліктері.
7.Итмұрын, картор, асбұршақтың гүлдерінің формуласын жазып талдау.
8.Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтарын ата.
9.Есеп: Орта жастағы үйеңкі ағашының тамырлар жиынтығының салмағы 5 кило делік. Ал ағаш тамырының 1 кило салмағының тыныс алуына 1 кило оттегі жұмсалатын болса, үйеңкінің тамыры 1 айда,
1 жылда қанша оттегін қажет етер еді?
Бөлме өсімдіктері үнемі пайдалы ма?
Бөлме өсімдіктері өте пайдалы. Олар бөлменің ауасын тазартады, ондағы көмір қышқыл газын сіңіріп, оған оттегін бөліп шығырыды. Ал егер өсімдіктердің көлемі үлкен болып, бөлмеге жарықтың енуіне кедергі жасаса, ол зиянды. Сондай ақ өсімдіктер күтілмесе, онда оның жапырақтары «шаң-тозаң жинағышқа» айналып, түнде олар да оттегін сіңіреді. Сөйтіп, бұл жағдайлар өсімдіктердің пайдасынан гөрі зиянын арттырып, бөлме ауасын «тарылтады». Сондықтан бөлме өсімдіктерінің жапырақтарының шаң-тозаңдарын ылғалды шүберекпен сүртіп, тазартып отыру қажет.
Традесканция. Тропикалық Америкадан келген. XVII ғасырда өмір сүрген ботаник Д.Традесканттың фамилиясымен аталды. Өте нәзік болсада күй талғамай өсе береді. Жапырағынан хлорофилл дәндері жақсы көрінеді. Сазды батпақты жерден шыққандықтан, суды жақсы көреді.
Фукция. Отаны Мексика. 1969 жылы ботаник Фукстың есіміне сай қойған. Гүлдері өте әдемі, қызыл, көк және сары түсті. Жапырақтары сабаққа қарама-қарсы орналасқан.
Бегония. Африка мен Американың субтропикалық ормандарында өсетін көп жылдық өсімдік. XVII ғасырда өмір сүрген ботаник М.Бегонның құрметіне сай аталды.
Қазтамақ. Оңтүстік Африканың субтропикалық белдемнен келген. Ғылыми атауы пепаргония. Себебі, аналығының мойыны тырнаның тұмсығына ұқсаған өте ұзын. Сондықтан атын гректің «тырна» деген сөзінен қойылған. 200-ден астам түрлері бар. Эфир майын көп бөліп шығаратындықтан хош иісті. Әтір жасау, конфет жасау, темекі өнеркәсібінде қолданады.
Бір өсімдіктің «томат» және «помидор» деп аталуы, және бұл өсімдік Россияға қалай таралған?
Бір өсімдіңтің «томат» және «помидор» деп аталуы мынадай жағдайларға байланысты. Бұл өсімдікті француздар «пом д амур» деп атаған. Негізінде оған итальяндықтан қойған атау лайықтау болып шыққан. Олар «помо д оро», яғни « помидор» - «помидор» - «алтын алма» деген ат қояды. Ал ежелі ацтектер «томатль» - «томат» деп аталатын.Бұл -«ірі жидек» деген ұғымды білдіреді. Ғылыми әдебиеттерде «томат» деген ұғымды жиі пайдаланады. Помидордың Отаны – Перу. Роммияға ол алғаш рет 1850 жылы Европадан әкелінген. ІІ Екатеринаның елшісі бірнеше жемісін әкеліп, қонақтарға сыйлайды. Қонақтар помидордың жемісі ғажап, тамаша екен де, дәмі айтарлықтай емес екен деп бағалана да, оны алғашында дәрілік өсімдік ретінде өсіреді. Бұл дақыл енді дәулетті семьялардың дастарханынан орын алып, бірте – бәрте бүкіл елге таралды.
Күнбағар Россияға қалай таралған?
Галандияға барған бір сапарында І Петр ерекше гүлді күнбағарды ұнатады. ХVII ғасырдың соңында ол Петербургке күнбағардың тұқымдарын жібереді. Жақсы өніп - өсіп шыққандары бұл елге кеңінен таралады. Ал күнбағардан май алуға болатындығынорыс агрономы А.Т.Болтов 1779 жылы анықтады.
Картоп Европаға қалай таралған?
Ең алғаш Франция королевасы Мария-Антуанетта картопты насихаттау үшін оның гүлін шанына қыстырған екен. Бұл сәндік король сарайы қызыметкерлерінің барлығына лезде мода болып, кеңінен тараған. Осыдан кейін Францияда картоп өсіру қолға алынады. Тіпті король ХVІ Людовик картопты кеңірек наихаттау мақсатында қала маңындағы өз бақшасына тек қана картоп отырғызып, оны күзетуді бұйырды. Бір қызығы: картоп ұрлаушыларды тек қана айыптап, «ұрыларды ұстамауға» міндеттейді. Бұл әрекет картоптың сол елде кең таралуына қолайлы жағдай туғызған. Картоптың отаны Чили болып саналады. 1560 жылдары Испанияға әкелінген картоп кейін Европа мен Азияға таралады. Ал Россияға ол
І Пертдің ұснуы бойынша 1700 жыл әкелінген.
Жүгері туралы не білесің?
Европалықтар Оңтістік Американы ашқан кезде «манс» деп аталатын, осы күнгі жүгері дақылдарын кездестірген. Оның алғашқы өкілін Европаға Христофор Колумб әкелген. Бұл данасын Х.Колумб испан короліне сыйға тартады. Ал біздің жүгерінің алғаш орныққан жері Молдавия болған. Дала ауылына кең таралуына оның мол өнім, көк балаусаны аса көп беруі де себепші болды. Бір жылдық астық тұқымдас жылылықты сүйетін өсімдік. Дара жынысты, бір үйлі өсімдік. Жүгері 12-140 С-та қаулап өседі. Аталық гүлшоғыры – собық. Тамыр жүйесі – шашақ, қосалқы тамырлары болады. В,Е дәрімендері, техникалық май, линолеум, желім, жасанды жібек алынады. Азот, фосфор тыңайтқыштары қажет.-
Күріш Қазақстанға қалай келген?
Күріш – астық тұқымдастарының бірі, 20 – ға жуық түрі бар. Отаны – Оңтүстік – Шығыс Азия. Қазақстанның суармалы жерлерінде өседі. Біздің еліміздің Қызылорда облысында, Алматы облысында, Бақанаста қызыл күріш егіледі. Гүлшоғыры сыпыртқы, аталығы -6, жемісі- дәнек. Жылу сүйгіш өсімдік. В дәрумені, қағаз, крахмал, сприт, бұйым, қатырма қағаз. Мал азық, азық түрінде алынады. Күріш қазақ халқына өте ұнап, оны қайткенде де Қытайдан шығармақшы болыпты, бірақ шашының арасына, киіміне тықса да шекарадан өткізе алмапты. Бір шаруа қайтсем де күрішті Қытайдан алып шығамын деп ант беріпті. Сөйтіп шаруа Қытайға барып күріш плантациясында 2 жыл жұмыс істейді. Шаруаның аяғы әбден быт – шыт болып жарылады. Сол аяғының жарылған жеріне күрішті тығып, бетін батпақпен жауып әкелген.
Тары – жылу сүйгіш өсімдік, құрғақшылыққа төзімді. Гүлдері сыпыртқы гүлшоғырына жиналған, гүлі – қос жынысты. өздігінен тозаңданады. Сабан сабақты, шашақ тамырлы, қатар жүйкелі жапырақты. Отаны – Қытай. Тары жармалық дақыл ретінде өсіріледі.
Ағаштар жапырақтары неліктен күзде түсе бастайды?
Сары күзде ағаш жапырақтарының өз- өзінен түсіп жатқанын жиі байқаймыз. Бұл – ағаш тіршілігін ерекше құбылыстардың бірі. Мұның өзіндік мәні бар: егер жапырақтар ағаш бұтағында қыста да сақаталып қалатын болса, қыста жауған қар ағаш бұтағын жапқанда оған жапырақ салмағы қосылып, бұтақты майыстырар еді; екіншіден, жапырақта өсімдікке қажетсіз заттардан құтылады; үшіншіден, өсімдік қыста тіршілігін баяулатады, жапырақтың түсуі бұл құбылысқа да үлкен септігін тигізеді.
Гүлдің қандай түсті болғанын қалайсыз?
Қызыл – белсенділік пен өмірлік күш қуатың белгісі. Бұл түсті батыл, табанды, ерік-жігерлі адамдар ұнатады. Олар қызба, әсершіл, қызуқанды келеді. Негізінен олар жетекшілер.
Қызғылт – жалынның түсі, негізінен ол адамдар ыстық қанды келеді. Олар жарқын, айрықша адамдар. Көптің ішінде ерекшеленіп тұрады. Жұрттың назарын өзіне аударып алады. Алға қойған мақсаттарына жету жолында өмірлерін қиюға әзір.
Сары – жылу мен жарықтың түсі. Бұл адамдар көпшіл, достыққа берік, еркіндікке талпынғыш. Ол бәрінен де өз еркіндігін биік қойып, әр түрлі шектеулерді жек көреді.көңіл күйі тез өзгергіш, оптимист адам.
Алқызыл – нәзік жанды ұяң жандардың түсі. Осындай адамдар туралы жұрт өмірдің тек жақсы, жарқын, жақтарын ғана елеп ескеріп, қараңғы тұстарын ескергісі келмейді. Аузын ашса жүрегі көрінетін, кіршіксіз, табиғи болмысты биязы және әдемі заттармен жайлылықты сүйетін адам. Оған сезімталдық, нық сенімділік қасиеттері де тән.
Ақ – шаттықтың түсі. Ақ түсті ұнататындар өте әсершіл, қызба келеді, тез еліктегіш. Мұндай адамдар кейде өзінің ықпалында қалады, өзгенің ықпалында да кетеді. Оларға өздерін демеп, бағыттап отыратын сенімді достар ауадай қажет.
Көк – адамдар арасындағы жақсы қарым – қатынасты ең жоғары бағалайтын адамдар. Олар достықты бағалап, ал махаббатты бәрінен жоғары қояды. Олар зұлымдықты, салқындықты, араздықты ұнатпайтын ақ тілекті жандар.
Қайың. Морфологиялық сиапаттамасы: түссіз тамырлы, жапырақтарын түсіретін, ақ түсті діңгегі және жіңішке бұтақтары салбыраған күйде. 20м биіктікке дейін өсетін. Ересек ағаштарының діңгегінің төменгі жағы қара терең жарылған қабықты, олар басқа қайыңдардан ерекшелігі осы. Қайық бұтақтақтары
Достарыңызбен бөлісу: |