Қоректік орталарды дайындау технологиясы Қоректік орталар құрамы Өсімдіктер жасушалары мен ұлпаларының культурасын өсіруге арналған орталар компоненттерін 6 топқа бөлуге болады, бұл бастапқы концентрленген ерітінділерді сақтау және дайындау ретін көрсетеді. Бұл келесі топтар:
бейорганикалық қоректік заттар – макроэлементтер;
микроэлементтер;
темір көзі;
органикалық қоспалар (витаминдер);
көміртегі көзі;
органикалық қоспалар (өсімдіктің өсуінің реттегіштері). Оқшауланған жасушалар мен ұлпаларды көпкомпанентті қоректік орталарда өсіреді. Олар құрамы бойынша ерекшеленеді, бірақ, барлық, орталардың құрамына міндетті түрде өсімдікке қажетті микро- және макроэлементтер, көмірсулар, витаминдер, фитогормондар және олардың синтетикалық аналогтары кіреді. Көмірсулар (әдетте бұл сахароза немесе глюкоза) 2-3% концентрацияда кез-келген қоректік қоспа құрамына кіреді. Олар қоректік компонет ретінде қажет, себебі көптеген каллус ұлпаларында хлоафилл болмағандықтан олар автотрофты қоректенуге қабілетсіз. Сондықтан оларды шашыраңқы жарықта немесе қараңғыда өсіреді. Тек мандрагор, амарант және кейбір басқа өсімдіктер каллустарын қалыпты жарықта өсіруге болады. Кейбір орталардың құрамы 2 кестеде көрсетілген.