Сабақтың мақсаты Өткізу форматы Қатысушылар



Дата06.01.2022
өлшемі265,42 Kb.
#109783
түріСабақ
Байланысты:
1-сабақ 02.09
8 кл №2 бжб каз.т, Кеңес Срсп (8)9апта, Дата орталықтар. Бұлтты есертеулер қағидаттары

Өткізілу уақыты

2020 жылғы 2 қыркүйек

Өткізілу уақыты




Сабақтың мақсаты




Өткізу форматы




Қатысушылар

7 сынып оқушылары

Сабақтың тақырыбы

Қазақ халқының ауа райын болжауы

Оқу мақсаты

7.Т/А1. Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау.

7.О1. Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер)ақпаратты интерпретациялау



Сабақ мақсаты




Сабақтың ұзақтығы

40 минут

Сабақ құрылысы

Қызығушылықты ояту:

  1. Сен ауа райын болжай аласың ба?

  2. Қазақ халқының астрономиялық түсініктері жайлы не білесің?



Жаңа сабақты меңгерту:

1-тапсырма. Төмендегі сөздердің қайсысы бас әріппен жазылатынын айт. Тасымал қалай жасалатынын көрсет.
Адам, сәбит мұқанов, күн (ғаламшар атауы), шотландия, қазақстан, тайбурыл, ақбозат (жұлдыз атауы), жайлау, жұлдызнама, жұлдыз, жетіқарақшы, дауыл, қазақтар, ырым.
2-тапсырма. Мәтінді оқып, тақырыбын қой.

Ауа райын болжау – белгілі бір аймақтың алдағы уақыттағы ауа райы жағдайы туралы ғылыми мәлімет. Бұрын күн сәулесін, бұлттарды және басқа да табиғат құбылыстарын бақылай отырып, ауа райын алдын ала болжайтын.

Ұлан-байтақ кең далада мал бағып, ұзақ күндерді табиғат аясында, түндерді жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізген қазақ халқы табиғат құбылыстарын бақылаудан туған ккөпжылдық тәжірибелерін қорытып, аспан әлемі туралы астрономиялық түсініктер мен ілім жинақтаған.

Табиғат құбылыстарының айналып келіп отыруын – күн мен түннің, жыл мезгілдерінің, ай жаңалануының алмасып отыруын мұқият бақылап, есептей білудің қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі үшін орасан зор тәжірибелік маңызы болған. Қазақтар осы есеп арқылы жайлауға қай уақытта көшу, күзеу және қыстауға қашан келу, қойды қай уақытта қырқу, қай мезгілде мал төлдету, соғымды қашан сою, егінді қай мезгілден бастап


салу, шөпті қашан шабу сияқты шаруашылыққа қолайлы мерзімдерді дәл басып, нақты белгілеп отырған.

Бұл табиғат құбылыстарының өзгерісін, жұлдызды, аспанды бақылаудан туған. Халықтың ғасырлық тәжірибесінде жинақталған астрономиялық түсініктер мен білімдер негізінде байырғы қазақ күнтізбесі жарыққа шықты.



Қазақтар шетсіз, шексіз кең далада мал бағу, көшіп-қону, жолаушы жүру, түн қату және аң аулау, төрт құбыланы анық айыру, қараңғы түндерде жұлдызды аспанға қарап, бағыт-бағдарды белгілеу, өткел, суат, қоныс, құдықтарды дәл табу сияқтыларды ұрпақтарына үйретіп, айтып отырған.

(С. Қалиев «Қазақ халқының салтдәстүрлері» кітабынан)

Кері байланыс


Үй жұмысы




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет