ОҚУ МАҚСАТЫ 11.1.1.3 - зерттеу тақырыбына сәйкес модельдеу әдістерін қолдану;
Сенің білетінің: модельдеу әдісінің не екенін және модельдеу әдістерін қолдану.
Сенің меңгеретінің: зерттеу тақырыбына байланысты модельдеу әдістерін қолдану.
Жетекші ұғымдар
Модель
Модельдеу
Модельдеудің география ғылымындағы маңызы
Географиялық модельдеу әдістері
Модельдеудің негізгі принциптері
Ой қозғау
1. Модельдеу не үшін қажет? 2. Модельдеудің қандай түрлерін білесіздер? 3. Дайын географиялық картаны шындықты тану үшін модель деп есептеуге бола ма?
Модель және модельдеу түсінігі Модель – нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді. Нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.
Модельдеу – құбылыстарды, процестерді немесе нысандар жүйелерін олардың модельдерін құру және тану жолымен зерттеу. Модельдеу процесінде олар басқа қосалқы немесе жасанды жүйемен ауыстырылады. Үлгілеу жолымен анықталған заңдылықтар мен үрдістер нақты шынайы бейнеге таралады. Модельдеу зерттеуді жеңілдетеді, еңбекті аз қажет етеді және көрнекі етеді. Ол тікелей өлшеуге келмейтін нысандарды (мысалы, жер ядросы) тануға жол ашады.
YOUR TITLE YOUR TITLE YOUR TITLE ТЕКСТ Нысанның болашағына қатысты белгісіздіктердің көп болуы Модельдеудің негізгі принциптері және түрлері
Модельдеудің негізгі принциптері – ұқсастық (аналогия) және жүйелілік. Жүйелілік модельдеудің аналитикалық және синтетикалық тәсілдерін де болжайды. Модельмен әртүрлі нұсқаларды, әсер ету жолдарын зерттей отырып эксперимент жасауға болады. Бұл бір нысанның көптеген үлгісін жасауға болады дегенді білдіреді.
Географияда кеңінен қолданылатын модель түрлері
Аэрофотосурет
тер
профильдер
Кестелер
Графиктер
Диаграммалар
Блок-сызбалар
карталар
Спутниктік кескіндер