Сабақтың мақсаты: Оқушылар



Дата17.12.2016
өлшемі160,58 Kb.
#4071
түріСабақ



Сабақтың тақырыбы: Қазақ - қонақжай халық. 
Сабақтың мақсаты: Оқушылар «қонақжай» сөзін жан-жақты талдап, түсінік алады. 
Білімділік: Түрлі тапсырмалар орындау арқылы білімдерін пысықтайды. 
Дамытушылық: Жаңа әдіс – тәсілдер арқылы сабақтың мақсатына жеткізу. 
Тәрбиелік: Достық қонақжайлық, бауырмалдық қасиеттерін қалыптастыру. 
Сабақтың көрнекілігі: Слайд шоу, кластерлер, үлестірмелі кестелер. 
Сабақтың барысы: 
Сабаққа белсенділігін ояту. 
Алдымен оқушылармен сәлемдесу. Сабаққа қатысуын тексеру. Одан соң оқушыларға бүгінгі сабақтың мақсаты мен тақырыбымен таныстыру. Өткен тақырыптар бойынша балалардың білімін тексеру, бағалау. Оқушылар екі топта отырады. 
II. Модуль. Қазақ отбасында тұру еді. Оқушыларға қазақ отбасы ондағы қағидалар туралы блиц-сұрақтар қою. 
I топқа сұрақтар. 
1. Халқымызда қандай жақсы сал-дәстүрлер болған. (Үлкенді сыйлау-ұлылық) 
2. Отбасы мектебінің ұстаздары кімдер? (әке-шеше) 
3. «Әдепті бала, арлы бала» (Әдепсіз бала сорлы бала) 
4. Қазақ отбасындағы басты міндет етіп нені қойған? (ер азамат болып, халқына еңбек ету.) 
5. Жеті ата туралы мақалдар айт (жеті атасын білмеген- жетесіз) (жеті атасын білмеген- жетімдіктің белгісі) 
6. Енші дегеніміз не? (бала ер жетіп, жеке үй болып бөлек шыққанда ата-анасы беретін мал-мүлік) 
7. Үш арсызға не жатады? (тамақ, күлкі, ұйқы) 
8. Қазақтың ұлттық сусындарына нелер жатады? (қымыз, қымыран, шұбат, боза, айран, сүт т.б.) 
9. Қазақстанның елтаңбасындағы қанатты пырақтың мүйізі неге жеті бөліктен тұрады? (жеті атасын білу) 
10. Қазақтың негізгі ұлттық тағамдары? (бесбармақ, бауырсақ, қуырдақ, жент, сөк) 
II топқа сұрақтар. 
1. Әке тұрып ұл сөйлемейді, шеше тұрып қыз сөйлемейді кімдерге арналады? (отбасындағы ұл мен қызға) 
2. Отбасының берекесін сақтайтын кім? (әйел, ана) 
3. Ағайын деген кімдер? (ең жақын бауырлас адамдар) 
4. Жеті атаға кімдер жатады? (Өзің, әкең, атаң, үлкен атаң, бабаң, түп атаң, тек атаң) 
5. Жасау дегеніміз не? (қыз бала күйеуге шыққанда берілетін дүние мүлік) 
6. Үш байлыққа не жатады? (денсаулық, ақ жаулық, он саулық) 
7. М.Мақатаевтың үш бақытын ата? (бірінші-халқым, екінші-тілім, үшінші-Отаным) 
8. Жеті қазынаға нелер жатады? (жүйрік ат, құмай тазы, майланғыш ау, өткір кездік, сұлу әйел, ер жігіт, қыран бүркіт) 
9. Тәуелсіздік күні қай күн? (16-желтоқсан) 
10. Әке көрген оқ жанар (шеше көрген тон пішер) 

Әр топқа осындай сұрақтардан кейін «Жеті жетім» , «Үш бақытым» өлеңдерін жатқа сұрау. Тақтадағы білімпаздық парағына бағалап отырады. 

Сабаққа ендіру: Ал енді балалар тақтадағы мына суретке қарайық (Ой қозғау) қазақ халқының қонақ күтуі туралы сурет. Ал енді бұдан не түсіндіңдер, яғни бүгінгі тақырыбымыз «Қазақ-қонақжай халық». Мәтінді оқушыларға оқып беремін. Оқушылармен бірлесіп отырып мазмұнын айтамыз. Қазақта «Басшысы жоқ ел-жетім»-деп айтады. Біздің еліміздің ел басы кім? Ол екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтушы , достық көпірін жасаушы, қонақжай адам. Мына суреттерге қарайық. «Елбасының кездесулері» суреттер. Балалар осы мәтінге байланысты екі тақырып бойынша кластер қорғайық. 

Оқушылардың жұмыстарын бағалау. Дәптерлеріне оқулықтардың мына тапсырманы орындайды. 
5-тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздерді пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беріңдер. 
1. Сен қонаққа жиі барасың ба? (мереке күндері, демалыс күндері, туған күніне, жылына, аптасына бір рет, екі рет...) 
2. Кімге қонаққа барасың? (достарыма, ағама, әжеме, сыныптастарыма) 
3. Не сыйлайсың? (гүл, кітап, сағат, көйлек, орамал...) 
4. Отбасың қонақты жиі шақыра ма? (мереке күндері, демалыс күндері, туған күніне, жылына, аптасына бір рет, екі рет...) 
5. Қонақтарды кім қарсы алады? (өзім , ағам, әкем, әжем...) 
6. Қандай сусындар бересің ? (қымыз, шұбат, шырын) 
7. Қонақтарға қандай ыстық тамақ бересің? (ет, палау, мәнті, бесбармақ, бауырсақ....) 
8. Үй иелері қандай болу керек? (қонақжай, көңілді, ашық - жарқын) 

Балалардың тапсырмаларын тексеру. Қара, жап, айт, жаз, тексер тәсілін көрсету. Сабақты қорытындылау . Оқушыларға сабақты түсіндік, түсінбеген жеріміз бар, мүлде түсінбегенін саусақтар арқылы көрсетеді. 

Оқушыларға үй тапсырмасын беру: Мәтінді мазмұнын айту. Қонақ тақырыбына мақалдар тауып жазып келу. Құрметті тәлімгер сайтының қолданушысы «Қазақ – қонақжай халық» - ашық сабақтегін жүтеп көре аласыз. Тәлімгер.орг сайтындағы «Қазақ – қонақжай халық» атты материал танысу үшін берілген. Тәлімгер сайтында сіз кез-келген тақырыпта ашық сабақ, презентация рефератмақалаларды және сабақ жоспарларын таба аласыз. «Қазақ – қонақжай халық» Қазақ тілінен ашық сабақтар материалын жүктеу сілтемесі астында жазылған. Егер сізде ашық сабақтар, рефераттар бар болса сайтта жариялауға болады

Сабақтың мақсаты: 
1.Білімділік: оқушылардың қазақ халқының қонақжайлығы туралы білмдерін бақылау. 
2.Дамытушылық: Теориялық білімдерін практикалық жұмыстарда қолдануға,ойлау еңбегіне,өз беттерімен ойларын жүйелі түрде жеткізуге,қорытынды жасай білуге дағдыландыру. 
3.Тәрбиелік: оқушыларды мәтінді оқығанда ынтамен тыңдауға,есте сақтауға,бағыттау,оқушының зейінін,ойын дамытуға,оқушының іс-әрекетке ұйымдастыру. 
I.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,кезекшілермен әңгімелесу, 
сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту. 
Армысыздар,құрметті біздің қонақтар, 
Қадірлі де ұлағатты ұстаздар. 
Хош келдіңіз бүгінгі біздің сабаққа 
Сабақтың көрнекілігі: Үлестірмелі карточкалар, суреттер, интерактив тақта,презинтациялар. 
ll Үй тапсырмасын тексеру. 
Сабақтың түрі: Аралас сабақ 
Қызығушылығын ояту. 
- Оқушылардың назарын сабаққа аударып, топқа бөлу. 
- Топтарға сұрақтар беру ( карточкаларға жазылған тапсырмалар ). 
«Қазақ – қонақжай халық» мәтінін мазмұндау. 
Сұрақтармен жұмыс. 
1. Зат есім дегеніміз не? 
2. Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді? 
3. Зат есім тұлғасына қарай қалай бөлінеді? 
4. Зат есім құрамына қарай қалай бөлінеді? 
5. Зат есім мағынасына қарай қалай бөлінеді? 
6. Зат есім жалпылай немесе жекелей атауына қарай қалай бөлінеді? 
Сатылай кешенді талдау «Қонақ күту» 
6. Карточкамен жұмыс. 
Берілген сөздерді пайдаланып ,сөйлем құрастыру. 
Енші үлес, қонақасы ішу, ұлы атамыз,қастерлеу, жомарт, дәстүр, 
қонақжай. 
Сұраққа жауап беру. 
1.Сен қонаққа жиі барасың ба? 2.Кімге қоннаққа барасың? 
Не сыйласың? 4. Отбасың жиі қонаққа шақырама? 
5.Қонақты кім қарсы алады? 6. Қандай сусындар бересің? 
7. Қонақтарға қандай сыйлық бересің? 
8.Үй йелері қандай болу керек 
Туынды зат есімді тауып айту 
1.«Қонақжай» деген сөзден көптеу сөз жазу керек. 
2.Өлеңнің ішіндегі бір негізгі зат есімге сатылай кешенді талдау 
- Зат есім түрлерін ата. 
Септе Тойлар 
2. Мәтінмен жұмыс. 
Қазақта қонақ күтудің де жазылмаған , бірақ дәстүр болып қалыптасқан заңы бар. Үй иесі қонақты сыйлап, сый-құрметін көрсеткеннен кейін, ұйықтар алдында отбасының бір мүшесі өз өнерін ортаға салады, өлеңін айтып немесе күй шертіп қонағына құрмет көрсетеді де, қонақтан «қонаққәде» сұрайды. 
Қонаққәде- қонақтың өлең, жыр, қисса, ертегі, терме, толғау ацтып беріп немесе қүй шертіп, өз өнеріменүй иелеріне құрмет көрсететін дәстүрі. 
3. Мәтінді оқып, сұрақ жаса. 
1. Қонаққәде дәстүрін бұрын естідің бе? 
2 .Сен қонаққа барғанда ,сенен үй иесі қонаққәде сұраса ,қандай өнеріңді көрсетесің? 
3 Бұл дәстүрдің жастарға қандай әсері бар? 
4. Мәтің бойынша кластер жасау. «Қазақ халқы» 
5. Саталай кешенді талдау. 
Берілген: Қонақжай 
1.Бұл сөз бір құрамынан тұр. 
2.Құрлысына қарай: дара. 
3.Тұлғысына қарай: негізгі. 
4.Сөзде бір лексикалық, бір грамматикалық мағына бар. 
5.Грамматика мағына: зат. есім. 
6. Мағынысына қарай: жалпы зат есім,деректі, жаңды зат есім. 
Оқушылар презентация жасайды. «Қазақ- қонақжайлы халық» 
8 .Жаттығу жұмыстары: 
3 тапсырма бет 62 . Мақалдың мағынасын аш. 
4 тапсырма бет 62. Өлеңді оқып, нақыл сөздердің мағынасың түсініп айту. 
Кім жылдам? Ойын. 
Ойын «Басқаларды тыңдау» 
Рефлексия 
Сендер бүгін не білдіңдер? 
Қандай тапсырманы орындағанда сендерге қиындық болды? 
Қандай тапсырма сендерге қызықты болды? 
Сендерге сабақ ұнады ма ? Үй жұмысы ережелерді қйталау, 6.тап.бет 64.

2сабак

Сабақтың тақырыбы: Қазақ - қонақжай халық. Дастарқан – отбасының дархандығы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың қазақ халқының салт-дәстүрлері жайлы

түсініктерін жетілдіре отырып, қазақ  ұлтының,тұрмыстық

мәдениетінің ізгілікті рухын сезіндіру.

Дамытушылық: Сөйлеуін, тілін дамыту,өзіндік пікірлерін ашық айтуға,

қалыптастыруға баулу, ойлау қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жас ұрпақты адамгершілікке,ұлтжандылыққа,қонақжайлылыққа

тәрбиелеу, сыйластық пен татулыққа, кішіпейілдікке баулу,

Сабақтың түрі: Аралас,топтық

Сабақтың әдісі:Түсіндіру,ой қозғау бейнелеу,әңгімелесу,аударма, сұрақ- жауап,

топпен, ұжымдық жұмыс,топтастыру,сәйкестендіру,рөлдік

шеберлік,деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық жұмыстар.

Сабақтың көрнекілігі: Мақал-мәтелдер,дәстүрді бейнелейтін суреттер.

Интерактивті тақта,сызбалар,слайдтар

 

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі



Ең алдымен ағаш ыдысқа 3түрлі конфет әкеліп,шашу шашам немесе таратамын.

-Оқушылар,

1)Топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1) Киелі сандардың құпиясы

Үй тапсырмасы:  3топтан киелі сандар туралы сұрау,ерекшелігін айту.

 ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.Слайдты басшылыққа алу

Қазақ халқының қонақжайлылығын,көңілінің дархандығын,дастарханның молшылығын,ерекшелігін түсіндіру.

                                              ІV.Сөздікпен жұмыс

       Қағида-принцип

       Мырзалық-щедрость

       Жөн – жосық-порядок,правила,касающиеся обычаев,традиций

       Құдірет – мощь

       Кие-святость

       Туыстық-қатынас- родственные отношения

       Өсиет-наставление

                                       V. Жаттығу жұмыстары

  3-жаттығу

         І                                             ІІ                                               ІІІ

 Мәтінмен жұмыс                   Диалог                                       3-жаттығу

 Түсінік айту                           Сұхбат                                   Нақыл сөздерді жаттау

 

4-жаттығу. Мақалдың мағынасын аш.



3топ мақалдың  мағынасын ашуы керек.

6-тапсырма Қонақ күтудің жазылмаған заңы «Қонақкәде»

                                                VI.Сергіту сәті.

7-жаттығу

М.Шахановтың «Туған күн кешінде» әнін тыңдап,қонақкәде беру.

                                   VII.Дастарқан - отбасының дархандығы. 

1-жаттығу

3топ қазақтың ұлттық тағамдарын табу, маркер мен плакат тарату.

І топ.Шұбат пен қуырдақ (сөйлем ойлау,синтаксистік талдау жасау)

ІІ топ.Қымыз бен бауырсақ (фонетикалық талдау)

ІІІ топ.Уыз бен бесбармақ (сөйлем ойлау,морфологиялық талдау жасау)

 VIII. Сәйкестендіру сауалнамасы

3-тапсырма                          

Сыбаға Жас босанған әйелге арналып сойылған малдың жас еті.

Қонақасы Бұл-әр жыл сайын қайталанып отыратын қыстық,азық-түліктің мол қоры. Оған түйе,жылқы,сиыр сияқты ірі мал сойылады.

Қалжа Сыйлы қонақтарға,алыстан келген құрметті кісілерге,сойылған малдың басы малға бата жасаған жасы үлкен кісінің алдына қойылады.

Бас тарту Қадірменді,сыйлы адамға арнайы сақталған соғым еті.

Соғым Қонаққа арнап әзірленген тағам,ас.

                                                   ІХ. Деңгейлік тапсырма

Әр оқушы өзінің шама-шарқы бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

ІІІ деңгей Тақырыпқа байланысты шағын эссе жазады.

ІІ деңгей  Тақырыпқа сай мақал жазып,мағынасын ашу

І деңгей    Өлең шығару

 Қ.Мырзалиевтің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру»өлеңін жаттау.

           Тақырыпқа сай мақалдар жазып келу.               XІІ.Бағалау

 

                            Шаңырағым – шаттығым



«№16 Д.Жазықбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп»

мемлекеттік мекемесі

мемлекеттік тіл пәні мұғалімі

Сланова Фарида Қойшыбайқызы

Құлсары қаласы

 

 



9-10-11 сынып,ұстаздар ата-аналар

Ашық шара: Шаңырағым – шаттығым

Шараның мақсаты: Отбасылық сайысқа, ізеттілік құндылықтары туралы     

                                  түсініктерін кеңейту. Ата-ана мен бала арасындағы өзара   

                                  қатынастарын   дамыту. Инабаттылыққа, достыққа,сыйлыққа,

                                  қамқорлыққа тәрбиелеу.

Шараның міндеттері: Ой-өрісін кеңейту,тілін байыту,өз ойларын ашық 

                                      жеткізіп,пікірлерін ортаға салу,ой бөлісу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайдтар,плакат,маркер,киіз үй макеті

Шараның түрі: тренинг

Шараның әдісі: ой бөлісу,сұрақ-жауап,бақылау,бағалау,ой өрбіту,іздену.

    І.Психологиялық ақуал

Жүректен-жүрекке ыстық лебіз тілеу.

    ІІ.Топқа бөлу.

І.Оқушылар

ІІ.Ата-аналар

ІІІ.Ұстаздар

а)топ ережесін шығару

б)қорғау

    ІІІ.Ұяшық арқылы қызық сұрақтар

1.Қар жана ма?

2.Әппақ қарға бола ма?

3.Қой мен қасқыр ойлана ма?

4.Инемен құдық қазуға бола ма?

5.Адамның қай мүшесі қорқақ?

(топ бірін-бірі бағалайды)

    IV.Кім шапшаң?Кім тапқыр?

(Сурет артында мақал-мәтел бар,сонын жалғасын табу).Бұл жерден бақылаушы сайланады.Ол 3 топты бағалайды,баға береді.Жасыл  қағазды көтерсе – толық жауап берді деген сөз,сары қағазды көтерсе- жауап толық емес болғаны.Әр жауаптан соң,формативті қол соғып,команда қолпаштап қояды.

    V.Видеороликті талқылау. «Рахмет, саған Анашым!»

І топ.Келеңді жағын айтады.

ІІ топ.Келеңсіз жағын айтады.

ІІІ топ.Өте жоғары деңгейде айтады.

    VI.Сергіту сәті

     VII.Постер қорғау – қағазға гипотеза құру.

1.Бақытты жанұя

2.Жанұядағы жан-жал

3.Отбасы мейрамдары

Осы жерде,3плакат пен маркерлер таратылады.

а)сурет арқылы 

б)сызба арқылы

в)жазба арқылы

г)әр түрлі фантазияда бейнелейді.

(Бұл жерде кошбасшы тақтаға шығып,плакаттарын қорғайды.

Екі жұлдыз,бір тілек арқылы бағалау беріледі.

        VIII.Шеберлік,рөлдік іскерлік ойын.

     3топ отбасы туралы сюжетті бейнелеуі керек немесе отбасы туралы мақалды басшылыққа алуға болады.

Топ бір –біріне баға береді.

        IX.Отбасы туралы әсерлі әңгіме.

    Әңгімені ортасынан үзіп,сұрақ қойып жалғасын сұраймын,қатысушылардың ойларын бақылаймын.

        X. Қорыту. Ұстаз сөзі

    Көңілді видеоролик көрсетіледі.Осындай әдемі әсермен «Шаңырақ шаттығының»жылуын тілей отырып,барлығына киіз үйді сыйлыққа таратамын.

Асқар тауы- сүйеніші әкесі,

Мөлдір бұлақ – тіреуіші анасы.

Жасыл құрақ – келешегі баласы,

Біріге олар болады мықты отбасы.

Шаңырағының ордасын,

Періштелер қорғасын.

Тіккен әрбір отауға,

Тәңірім жақсылық жолдасын!

        XІ.Кері байланыс.

Қатысушылар өз тілек – ойларын,жүрек стикерлер арқылы ашық жазып,үлкен киіз үйге әкеп жапсырады.

       ХІІ. Алған менің әсерім...

            «Ашығын айтсам ...»


  1. Әке тұрып ұл сөйлемейді, шеше тұрып қыз сөйлемейді кімдерге арналады? (отбасындағы ұл мен қызға)

  2. Отбасының берекесін сақтайтын кім? (әйел, ана)

  3. Ағайын деген кімдер? (ең жақын бауырлас адамдар)

  4. Жеті атаға кімдер жатады? (Өзің, әкең, атаң, үлкен атаң, бабаң, түп атаң, тек атаң)

  5. Жасау дегеніміз не? (қыз бала күйеуге шыққанда берілетін дүние мүлік)

  6. Үш байлыққа не жатады? (денсаулық, ақ жаулық, он саулық)

  7. М.Мақатаевтың үш бақытын ата? (бірінші-халқым, екінші-тілім, үшінші-Отаным)

  8. Жеті қазынаға нелер жатады? (жүйрік ат, құмай тазы, майланғыш ау, өткір кездік, сұлу әйел, ер жігіт, қыран бүркіт)

  9. Тәуелсіздік күні қай күн? (16-желтоқсан)

  10. Әке көрген оқ жанар (шеше көрген тон пішер)

 

Әр топқа  осындай сұрақтардан кейін «Жеті жетім» , «Үш бақытым» өлеңдерін жатқа сұрау. Тақтадағы білімпаздық парағына бағалап отырады.

 

Сабаққа ендіру:  Ал енді балалар тақтадағы мына суретке қарайық (Ой қозғау) қазақ халқының қонақ күтуі туралы сурет. Ал енді бұдан не түсіндіңдер, яғни бүгінгі тақырыбымыз «Қазақ-қонақжай халық». Мәтінді оқушыларға оқып беремін. Оқушылармен бірлесіп отырып мазмұнын айтамыз. Қазақта «Басшысы жоқ ел-жетім»-деп айтады. Біздің еліміздің ел басы кім? Ол екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтушы , достық көпірін жасаушы, қонақжай адам. Мына суреттерге қарайық. «Елбасының кездесулері» суреттер. Балалар осы мәтінге байланысты екі тақрып бойынша кластер қорғайық.

 

Оқушылардың жұмыстарын бағалау. Дәптерлеріне оқулықтардың мына тапсырманы орындайды.



5-тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздерді пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Сен қонаққа жиі барасың ба? (мереке күндері, демалыс күндері, туған күніне, жылына, аптасына бір рет, екі рет…)

  2. Кімге қонаққа барасың? (достарыма, ағама, әжеме, сыныптастарыма)

  3. Не сыйлайсың? (гүл, кітап, сағат, көйлек, орамал…)

  4. Отбасың қонақты жиі шақыра ма? (мереке күндері, демалыс күндері, туған күніне, жылына, аптасына бір рет, екі рет…)

  5. Қонақтарды кім қарсы алады? (өзім , ағам, әкем, әжем…)

  6. Қандай сусындар бересің ? (қымыз, шұбат, шырын)

  7. Қонақтарға қандай ыстық тамақ бересің? (ет, палау, мәнті, бесбармақ, бауырсақ….)

  8. Үй иелері қандай болу керек? (қонақжай, көңілді, ашық — жарқын)

 

Балалардың тапсырмаларын тексеру. Қара, жап, айт, жаз, тексер тәсілін көрсету. Сабақты қорытындылау . Оқушыларға сабақты түсіндік, түсінбеген жеріміз бар, мүлде түсінбегенін саусақтар арқылы көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет