Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ауызша қосу және азайту тәсілдерін



Дата08.06.2018
өлшемі52 Kb.
#41331
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ауызша қосу және азайту тәсілдерін

қолдануға машықтандыру. Екі таңбалы сандарды оқу,

Жазу және салыстыруға жаттықтыра түсу.

Дамытушылық: Оқушылардың математика еліне ойша саяхат жасау арқылы, ақыл-ойын, ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін, сондай-ақ тіл байлығын және сөздік қорын дамыту. Танымдылыққа, ізденімпаздыққа баулу. Пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Оқушылардың дәптерге көркем, таза жазуларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу. Достық қарым-қатынас, ұжымдық іс-әрекет тәрбиесін беру.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа білімді дамыту.

Сабақтың әдәс-тәсәлдері: Көрсету, түсіндіру түсіндірмені есептеу, құрастыру, сұрақ-жауап,ойын,көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: Математика еліне саяхат картасы, құрастырмалы кеме, ойын материалдары, алма ағашы, үлестірмелі таратпалар (теңіз балықтары, ертегі кейіпкерлерінің суреттері, сыйқырлы пішіндер)
Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

2. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын алғызу.

3. Сабаққа назарын аудару.
Олай болса, бүгінгі сабағымызда «Білім теңізінде» кемемен жүзе отырып, «математика» еліне саяхат жасаймыз. «математика» деген ғажайып елге жету үшін білімімізді ортаға салайық. «Математика» еліндегі үлкен олжаға жету үшін жолдағы кедергілерден сүрінбей өтуіміз керек. Ал балалар олай болса «Математика» еліне саяхатқа шығуға дайындалайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Біз теңізде жүзуіміз үшін не қажет? (Кеме)

Мына геометриялық пішіндерден саяхатқа шығатын кемені құрастырайық. Кеме бөліктерінің артында үйге берілген тапсырмалар бар. Сол тапсырманы дұрыс шығарғанда ғана кемені дұрыс құрастыра аласыңдар.
32 + 6 = 32 + 6 = 87 – 5 = 87 – 50 =

30 2 30 2 80 7 80 7

ІІІ. Жаңа білім беру.

  1. Оқушылардың дәптерлеріне күннің ретін, жаңа сабақтың тақырыбын жаздыру.

  2. Мына картадағы «Білім» теңізі. Осы «Білім» теңізінің үстінен кемемен жүзе отырып, бірнеше аралдан өтіп «Математика» еліне жетуіміз керек. Онда бізді үлкен олжа күтіп тұр. Ал, балалар саяхатқа шығуға дайынбыз ба? Олай болса, бәріміз бірге ұранымызды айтайық.

Біз ақылды баламыз,

Есеп, жұмбақ, ойынның,

Жауабын тез табамыз.

Туын ұстап білімнің,

Саяхатқа шығамыз.

  • Жарайсыңдар, оқушылар! Барлығымыз көзімізді жүмып, әсем әуенді тыңдай отырып, өзімізді үлкен кемеде отырмыз деп есептейік. Қане, оқушылар, «Математика» еліне саяхатқа шығайық!


Үнтаспа тыңдалады.

Оқушылар, біз кемемен теңізде жүзіп келеміз. Судың түсі көгілдір, мөп-мөлдір, толқып жатыр. Біз теңіздің ортасына келіп қалған сияқтымыз. Күн шуағын шашып тұр. Теңіздің ортасында шағалалар ұшып жүр. Ең алдымен «Сандар аралына» келіп тоқтайық.

Шағала деген не?

Ол қандай құс?

«Арал» дегенді қалай түсінесіңдер?

Бұл аралда сендерге «Жетпей тұрған сандар» ойыны беріліп тұр екен. Ойындағы тапсырманы өте жақсы орындаған оқушыларға «Білім» теңізінің алтын балықтарын таратамын.
Оқулықпен жұмыс.

1-тапсырма: Оқы:

а) Елтай 12 мысал және 3 есеп шығарады. Елтай барлығы неше тапсырма орындады?

12 + 3 = 15

Жауабы: Барлығы 15 тапсырма орындады.
ә) Елтай орындаған барлық тапсырманың 5-еуінің шешуін дәптерге жазды. Ол әлі неше тапсырманың шешуін жазуы керек?

15 – 5 = 10

Жауабы: 10 тапсырма жазуы керек.

Сендер бұл тапсырманы өте жақсы орындадаыңдар. «Сандар аралында» білімді екендеріңді көрсете білдіңдер. Олай болса, «Білім» теңізінде жүзе отырып, «Теңдеулер аралына» аялдайық. Бұл аралда сендерді ертегі тыңдау күтіп тұр екен.

  • Ертегі дегеніміз не еді?

Ертегіден нені білеміз?
«Достық – ізгілік алаңы»
Бұрын қоян қасқырды көрсе, алды - артына қарамай, тұра қашатын. Бұл жолы олай болмады. Қасқырды жөнге салмақ болған ақ қоян оны үйіне шақырды. Орындыққа отырғызып, аспай-саспай ақыл айта бастады.

  • Жасың болса талайға келді, бір өзгермейсің. Анамды сан жылаттың, баламды сан жылаттың. Малын себепсіз қырып, бар адамды өзіңе жауықтырдың. Осың дұрыс па?

Қасқыр өз ісіне қиналып, бір бозарып, бір қызарды. Басын шайқап қойып, соңғы сөзін айтты.

  • Ия, өз ісіме өкінемін! Сен кешірші мені, ақ қоян. Бұл сенің достық сөзің ғой. Келші, құшақтысып достасайық. Енді ешкімге жауыздық жасамаймын. Уәде беремін. Уәдеде тұру – үлкен ерлік қой, - деді шын ұялып.

Бірде орман ішінде келе жатты. Талдың түбінен көжекті көрді. Ата жауын көргенде, көжек байғұс дір етті.

  • Мені жемеші, қасқыр аға! – деп жылады

  • Айтпа олай деп, көжегім! Мен сенің әкеңмен дос болдым. Айтқан сөзін қош көрдім.

Көжек аулақта қалды, қасқыр тау жаққа кетті. Анадайдан байқады, жайлып табын-табын сиыр, үйір-үйір жылқы жүр.

Жауыздығы есіне түсіп, «барайын ба?» деп оқталып тұрып, берген уәдесі есіне түсті.

Сөйтті де: «Ей, аңдар мен жануарлар, мені тыңдаңдар. Еркін жайылыңдар, мен сендермен доспын», - деді.

Аңдар рахаттанып жайылуға кірісті, қасқыр өз өмірінде жасаған жақсы ісіне мәз болып, рахаттанды. Барлық аңның арманы орындалып, тыныш тірлік басталды.
Осы ертегі бізді өандай болуға шақырады?

  • Ертегі сендерге ұнады ма?

  • Ертегі кейіпкерлерін қазақша, орысша, ағылшынша атаңдаршы.

Ертегі кейіпкерлерін геометриялық пішіндерден құрастырып берілген теңдеуді шешу, қандай пішіннен құрастырылып тұрғанын атау. Есепті өте жақсы шығарған оқушыға ертегі кейіпкерлерінің суретін тарату .

«Сынап көру» тәсілімен.


4 + а = 10 а – 4 = 6

Келесі: «Сиқырлы үшбұрыштар» аралына жол тартайық. Бұл аралда сендер екі топ болып ойын ойнайды екенсіңдер.




Қосындысы 15 санын беретін бірліктерді теріп жаз.

15





Қосындысы 100 саны шығатын ондықтарды теріп жаз.

100
«Сиқырлы үшбұрыштар» аралығындағы «Демалыс» алаңына барайық.

  • «Демалыс» алаңына не үшін барамыз?

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды соғайық,

Бір отырып, бір тұрып,

Орнымызды табайық.

Демала отырып бесінші тапсырманың бірінші бағанын 1-ші қатар, екінші бағанын 2-ші қатар өздік жұмыс түрінде орындау.

Салыстыр:

3 дм * 13 см 5 дм 2 см * 5 дм

4 дм * 14 см 2 дм 3 см * 3 дм

9 см * 1 дм 7 дм 6 см * 7 дм

8 см * 1 дм 4 дм 4 см * 4 дм

2 дм * 20 см 3 дм 7 см * 37 см

50 см * 5 дм 59 см * 5 дм 9 см

Сендер сиқырлы пішіннің сиқырын аша білдіңдер. «Демалыс» алаңына барып, демалып та алдыңдар. Енді «математика» еліне қарай жол тартайық.

Міне балалар «Білім» теңізіндегі орналасқан аралдардағы тапсырмаларды еш кедергісіз орындап, «Математика» елі «Олжа» аралына да келіп жеттіңдер. Бұл аралды сізді не күтіп тұр екен?

«Олжа» аралында үлкен алма ағашы тұр. Бұл алма ағашы сендерге алмаларын тарту етпекші. Алмаларды теріп алу үшін сендерге бірнеше сұрақ беріп тұр екен. Осы сұраққа дұрыс жауап бере алсаңдар алмаларды теріп, үлкен олжаға ие боламыз.

Білімді бекіту:

1 дм = ? см 1 мин = ? сек

1 м = ? дм 1 сағ = ? мин

1 м = ? см 1 ғасыр = ? жыл
Қорытынды:

Оқушылар сендер бұл сабақта «математика еліне саяхат» жасай отырып білімдеріңді шыңдап дамыта түстіңдер. Аралдардағы бірнеше тапсырманы өте жақсы орындап «Білім» теңізінің алтын балықтарына, ертегі кейіпкерлеріне, сиқырлы пішіндерге ие болдыңдар. Енді міне «Олжа» аралының да тапсырмасын орындап үлкен олжаға кенелдіңдер. Сендерге алма ағашы алмаларын тарту етті.
Үйге; 5, 6 тапсырма.

Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет