Асцидиялар
Ұрығында бастама ішектің болуы ата тегінде ас корыту мүшелерінің болғандығын дәлелдейді. Ас қорытуы сыртта жүруіне байланысты погонофораларда ас қорыту жүйесі мүлде жойылған.
Эволюция процесінің нәтижесінде козғалмай тірпшгік еткендіктен қүрылысы карапайымданған организмнің тағы бір түрі — асцидия (35-сурет). Асцидия хордалылар типінің бір тип тармағы — қабықтыларға жататын, теңізде тіршілік ететін жануар. Қапшыкка ұқсаған денесі сыртынан қабыкпен қапталған, табанымен теңіз түбіне бекініп, қозғалмай тіршілік етеді. Денесінің жоғары жағында 2 тесігі бар, оның біреуінен су ішке асқазанына өтеді, екінші тесіктен су сыртқа шығарылады. Тыныс алу мүшесі — жұтқыншакта орналаскан желбезек саңылаулары. Жүмыртка салып көбейеді. Жұмыртқадан баканың итшабақтарына ұқсас қозғалғыш, хордасы бар дернөсілдер дамиды. Дамып шыққан дернөсілдері бірнеше сағаттан соң теніз түбіне бекініп, денесі қарапайымданып, өзгеріске ұшырайды. Қабықтылар төменгі сатыдағы хордалылардың карапайымданған бір тармағы болып саналады.
Жер астында және қараңғы үңгірлерде тіршілік ететін жануарлардыц дегенерациясының мысалдары.
Югославия мен Оңтүстік Австрияның үдгірлерінде космекенділер класына жататьш тритонға үксас протей тіршілік етеді. Өкпесінен басқа басының екі жағында сыртқы желбезектері бар. Суда желбезектерімен, құрлыкта өкпесімен тыныс алады. Жер асты үңгірлеріндегі суда мекендейтіндіктен дене пішіні жыланға ұқсас ұзын, мөлдір, түссіз, пигменті болмайды. Көздері терімен жабылған, уыл-дырығынан дамыған итшабактарьшда көздің бастамасы бар. протейдің арғы тегінін жер үстінде тіршілік еткендігін жөне коздері болғандығын аңғаруға болады. Үңгірде тіршілік ететін организмдерде көру мүшесі, пигменті жойыльш, белсенділігі төмендейді.
Сулы ортада тіршілік етуге көшкен гүлді өсімдіктердің жапырак тақталары жіп тәрізді жіңішкерш, шашақталып, тарамдалып кетеді.
Өткізгіш ұлпалары дамымайды. Газды алмастырып, суды буландырып тұратын тыныс тесіктері жойылады, тек гүлі ғана өзгермейді (су сарғалдағы, балықты мүйізжапырак, т.б.). Кұрылым деңгейінің қарапайымданып, эволюцияльщ өзгеруінің генетикалық негізі — мутация. Мысалы, кейбір мүшелердің жетілмей қалдық күйінде сақталуы, альбинизм (пигментінің болмауы), т.б. сияқты мутациялар табиги сүрыпталу аркылы жойылмаса популяцияларға тез таралады.
Биологиялық эволюция бағьптарының арасындағы арақаты нас. Идиоадаптацияға қараганда ароморфоз сирек байкалады, дегенмен ароморфоз органикалык дүние дамуының жаңа кезеңін аныктайды. Ароморфоз басқа тіршілік ортасына кіретін жаңа жоғары жүйелік топтың пайда болуына себепші.
ІІІ.. 1. Биологиялык регрестің биологияльш. прогрестен кандай айырмашылығы бар?
2.Дегенерациянын қанша жолы бар?
3. Жануарлардағы дегенерация мысалдарын талдап беріндер.
4.Өсімдіктердегі дегенерация мысалдары қандай?
В. 1- Паразит құрттардың (сиыр таспа күрты) миллиардтап жұмыртка салуының себептерін калай түсіндіруге болады?
2. Паразит құрттардын жойылған мүшелерінін орнына пайда болған мүшелердід. кұрт үшін кандай маңызы бар?
3. Арамсояудың тамыры мен жапырактарынын жойылу себептерін қалай түсіндіресіңдер?
4.Арамсояу немен және калай қоректенеді? Органикалық зат түзе ме?
С. 1. Сұңғыланың жапырактарының қабыршаққа айналу себебін түсіндіріңдер.
2.Қозғалмай бекініп тіршілік ететін погонофорадағы дегенерациянын мысалдарын талдаңдар.
3.Погонофораларда ас қорыту мүшесі болмаса денесінде ас қалай корытылады?
4.Қозғалмай бекініп тіршілік ететін тағы қандай организмді білесіндер, сипаттап беріңдер.
I Протей кайда тіршілік етеді? Дегенерация мысалдары арқылы түсіндіріңдер. Сулы ортада тіршілік ететін өсімдіктердегі дегенерацияға мысалдар келтіріндер.
ІV. § 22
V. Аромарфоз.Идиоадаптация. Дегенерация. Құбылыстарын тұсіндіру.
11сынып. Биология. 3,5.11.2009
Cабақтытың тақырыбы: Эволюцияның негізгі заңдылықтары.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды эволюцияның негізгі заңдылықтары.мен т аныстыру.
2.Оқушылардың дүниенің бір тұтастығы тірі организмнің дамуы туралы ғылыми көзқарас қалыптастыру.
3. Оқушылардың тіл байлығын дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Сабақтың түрі : аралас
Сабақтың пәнаралық байланысы: география,экология.
Сабақтың әдісі:, перфокартамен жұмыс
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақ .
ІІІ. Бекіту
ІV. Үйге тапсырма беру.
V. Бағалау.
І. Амандасу,оқушыларды түгелдеу,сабақ р ақсатымен танысу..
ІІ.§ 23. Дивергенция, конвергенция, параллелизм
Дивергенция, конвергенция, параллелизм — тірі организмдер топ-тарыныц эволюциялык формалары.
Дивергенция (латынша "divergo" — кері шегінемін) деп туыс формалардағы белгілердің ажырауын айтады. Ол табиғатта үдайы жүретін процесс. Бір аймақта қореқ қорын біркелкі қабылдайтын ұқсас жануарлар болса, корек таусылғанда олар қоperi мол басқа орындарға ауысады. Бір аймақта сыртқы ортаға талабы әр түрлі организмдер тіршішк етсе арасында бәсеке аз болады. Эволюция барысында алғашкы бір турден бірнеше түрлердің шығуын Ч. Дарвин белгілердің ажырауы немесе дивергенция деп атады.
Конвергенция (латынша "conergo" — үксас болу) деп организмдер-дің туыстық жағынан алыс болғанымен мекен (тіршілік) ортасы бірдей, сыртқы пішінінің бір-біріне ұқсас болуын айтады. Мысалы, дельфиндер сүтқоректілер класына жатады, соған қарамастан дене пішіні балықтарға ұқсайды. Дене пішіні сүйір, артқы аяктары жоқ, алдыңғы аяқтары жүзбе қанатқа айналған. Жүзбе канаттары судың терендігіне оң мен солға бұрылу, су бетіне көтерілу жөне тежеу кызметін аткарады. Арқа жүзбе қанаты жылдам жүзгенде ауыр денесі жан-жағына ауып кетпес үшін кажет болса, қүйрық жүзбе канаты есу қызметін атқарады. Сондыктан дельфиннің құйрық жүзбе қанаты балықтікі сияқты тік емес көлбей орналасқан. Бір-бірімен туыстығы болмаса да, жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуіпілігін көреетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |