Пікір алысу, сұрақ жауап
1.Адамды сұлу ететін не нәрсе?
2.Әсем, сұлу нәрсе көргенде қандай сезімде боласыңдар?
3.Жан сұлулығын қалай түсінесіңдер?
Тапсырма
Ш. Сариевтің «Сұлулық» өлеңін оқып, сұлулықты қалай түсінетіндерін әңгімелеп айтып беру тапсырылады.
Тапсырманы орындау барысында оқушылар айнала қоршаған дүние толған сұлулық, тек соны байқап, көре білу керектігін түйсінеді. Өлеңді өз ойларымен жалғастырып айтса да болады.
Сұлулық Ш. Сариевтің
Жұлдыздардың жанарында-сұлулық,
Ақша бұлттың тамағында-сұлулық,
Түнерген тау қабағында-сұлулық,
Балбұлақтың сылдырында-сұлулық,
Айдын көлдің самалында-сұлулық,
Ұшар құстың баласында-сұлулық,
Гүл біткеннің арасында-сұлулық,
Елік-киік даласында-сұлулық,
Атар таңның шуағында-сұлулық,
Ай үздігіп қарасында-сұлулық,
Ғашықтардың көңілінде-сұлулық,
Сүйген адам өмірінде-сұлулық,
Сенгендердің сенімінде-сұлулық,
Не бір күй мен не бір әнде-сұлулық
Не бір ғажап,не бір үнде-сұлулық.
Жаңа ақпарат
Сұлулық адам жанын марқайтатын, көзін қуантатын, тамсантып тәнті ететін, таңырқатып, сүйсіндіретін көрініс.
Айналадағы дүниенің әсемдігін түйсіну сұлулық пен ұсқынсыздықты айыра алуға, бағалай білуге үйретеді.
Сұлулық адамның ізгі сезімдерін тербеп, көңілі мен жүрегін баурап алады.
Мәтінмен жұмыс
Көз жауын алатындай адамның әдемі, көрікті, көркем сипатын суреттеуде оқу материалының мәні зор. «Қыз Жібек» жырынан үзінді.
Мәтін соңында ұсынылған сұрақтарға жауап бере отырып, Қыз Жібектің сұлулығын сипаттайтын жырдың мазмұнында айтылған «сәулеті, келбеті, дидары, құрағы, шырағы, пырағы, ақтығы, қызылы, ажары, шырайы» деген сөздерге мән беру.
Сонымен қатар, жырдағы Қыз Жібектің сұлулығын көріктей түсетін оның кебісі, маңдайы, көзі, шашы, сырғасы, құлағы бойы, беті, білегі, аузы, мінезі назар аудару.
Қыз Жібектің тән сұлулығымен қоса, жан сұлулығының да ерекше екен!
Қыз Жібек
(Жырдан үзінді)
Қыз жібектің құрметі,
Жиһаннан асқан сәулеті,
Ләйлі-Мәжнүн болмасв,
Өзгеден артық келбеті.
Үш Қызы бар қасында-ай.
Өзі он төрт жасында-ай,
Кебісінің өкшесі
Бұхардың гауһар тасындай.
Ақ маңдайы жалтылдап,
Танадай көзі жарқылдап,
Алтын шашбау шашындай-ай,
Қыз Жібектің дидары-
Қоғалы көлдің құрағы,-
Көз сипатын қарасаң-
Нұр қызының шырағы.
Дүр жауһар сырғасын
Көтере алмай тұр құлағы.
Бой нұсқасын қарасаң,
Биіктер мінген пырағы.
Қыз Жібектің артығы-
Наурыздың ақша қарындай.
Ақ бетінің қызылы-
Ақ тауықтың қанындай.
Екі беттің ажары-
Жазғы түскен сағымдай.
Білегінің шырайы-
Айбалтаның сабындай...
Оймақ ауыз, құмар көз
Іздеген ерне табылдай-ай.
Өткірлігін байқасаң,
Ұсталар соққан кетпендей....
Нұр тұқымын еккендей,
Екі ауыз сөз сөйлескен
Мұратына жеткендей.
1.Қыз Жібектің тұлға ретіндегі әсемдігін неден байқадыңдар?
2.Сұлулықтан қандай әсер алдыңдар?
«Сұлулық сезімдері» М.Жұмабаев
а) Мәтінмен таныстыру
ә) Мазмұнын түсіндіру
б) Іштей оқу
Жаратылыстың сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады.
Үлбіреген гүл, қүңіренген орман, сылдыраған су,
Былдырлаған бұлақ, шексіз-щетсіз қара көк теңіз, түрлі шөптермен толқынданған дала, бұлтпен бел алысқан биік тау, күннің ойыншыл алтын сәулелері, ерке сұлу ай, жұлдызды түн, міне, осылар адам жанында бір ләззат, бір сұлулық толқынын оятады.
Сәулет, сұлу сурет, мүсіндеу сықылды әсерлер адамның көру сезімін оятып, сұлулық толқынын оятады. Ал енді өнердің тылсымды жанды билеп алып кететін ән, музыка, поэзия, күй сықылды әсерлері есту сезімін сиқырлап балап, адам жанында сұлулық толқындарын туғызады.
Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сұлу, ләззат іздеуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан тыйылуына көп көмек көрсетеді.
а) Табиғаттың сұлулығы неде?
б) Адамның көру, есту сезімдерін тудыратын сұлулық дегенді қалай
түсінесіңдер?
в) Адамға сұлулық қаншалықты қажет?
Шығармашылық жұмыс
«Әсемдік» ұғымының жағымды жақтарын және жағымсыз жақтарын атап жазуды тапсырады.
Жағымды жақтары жағымсыз жақтары
Жақсы, әдемі, сұлу, ақылды, иманды, тәртіпті, адамгершілікті, жағымды, сыпай, тіл алғыш.
|
Дәйексөз
Сырты сұлуға көз қызығады, іші сұлуға жүрек қызығады. Ғ. Мұстафин
Өзіммен-өзім
Көздеріңді жұмып, манаураған қалыпқа келіңдер.
Мен өз ағзамның қорғаныс күшіне сенемін.
Мен жайдары, ақ көңіл және белсенді бола бастадым.
Менде бәрі де жақсы, өзім ойлағандай –мен бақыттымын.
Жүректен жүрекке Сөзі Қ. Қазыбековтікі Әні М. Омаровтікі
Қыз сыны
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек,
Тұрғандай өзі қимылсыз билеп.
Иықтан шашың төгіліп жерге,
Күмісті шашбау жарасып белге.
Қиылған қасы, қарақат көзі,
Жүректі баурап, оятар сезім.
Тал бойың нәзік қызғалдақ гүлдей,
Дидарың нұрлы шуақты күндей.
Жаңарып қайта, жаңарып көне,
Ләззат алар көрген жан сенен.
Көркіңнен сенің айналдым, еркем,
Халқымның салтын сақтаған көркем.
Жаңаөзен қаласы №2 орта мектеп мемлекеттік мекеме
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Әсемдікке ұмтылайық»
6 «а» сынып
Өзін-өзі тану пән мұғалімі: Кемеева З.С
2014/2015 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |