Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақтың көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері



Дата08.06.2018
өлшемі82,12 Kb.
#42046
түріСабақ


А. Амреева,

Астана қаласы, №70 мектеп-лицейі,

біліктілігі жоғары деңгейдегі

бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Ғ. Мүсірепов «Автобиографиялық әңгіме»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға  қазақтың көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері

Ғ. Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығы  туралы әдеби білім бере отырып,

автобиографиялық (өмірі жайлы) әңгімесін меңгерту және 63% білім сапасына жету.


Ұйымдастыру кезеңі

мотивация


Үй жұмысы тексерілмейді- бұл жаңа тақырып.

Карта бойынша жұмыс жасау реті түсіндіріледі.Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі. ООМ бойынша жұмыс.

Оқушылардың субъектілік тәжірибесін өзектендіру.

Өткен сабақ тақырыбы бойынша

қарама –қарсы сұрақ қою. ООМ бойынша материалды бекіту үшін тексеру жүргізіледі.

Бірінші белгі. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша «плюс» немесе «минус» белгілері қойылады.

Жаңа тақырып бойынша есте сақтау және зейінді дамыту.

Тірек сөздер тақтада



Ғ.Мүсірепов , наурыз күні ,молда

Нағашы, балық аулау, букварь,

Бекет Өтетілеуов ,оқытушы,

инспектор, мектеп, аударма,

Қос шалқар, есеп ,оқу.


Екінші белгі. Есте сақтауға және жазуға 14 сөз -1 минут 15 секунд беріледі. Есте сақтау бойынша бір сөз шегерілуге рұқсат беріледі.

Ұғынуды ұйымдастыру

Оқушылар оқулықтан бір парақты 3 минут ішінде оқып шығуы тиіс.Оқушыларға оқыған білімдеріне қатысты сұрақ-жауап алынады.

Үшінші белгі. Оқу уақыты

6 -сыныпқа: 3 минут мәтіннің бір парағына.



Түсінудің алғашқы тексерілуі.

Қарама-қарсы сұрақ

1.Автобиографиялық әңгіме қай жазушының шығармасы? (Ғ.Мүсірепов)

2.Автобиографиялық әңгіме мазмұны не жөнінде? (Өмір туралы)

3.Шығарманың негізгі кейіпкері кім? (Ғ.Мүсірепов)

4.ХХ ғасырдың бас кезінде біздің қазақ даласының ең суық жағын жағалайтын халқымыз қайда тұрған? (Киіз үйде)

5.Атақты жазушы Ғ.Мүсірепов ескіше жыл басы деп саналатын қай күні дүниеге келген ? (Наурыз күні)

6.Қайсар болушы ең, жыламайтын едің деп кім Ғабитті үнемі мадақтап отыратын? (Анасы)

7.Балалардың тілін сындыру үшін ауыл адамдары кімді жалдапты ? (Молданы)

8.Әке – шешесінен күнде еститін жақсы сөздерінің бірі қай сөз еді? (Оқу оқисыңдар)

9.Молда балаларды қайда оқытқан? (Әр баланың үйінде бір апта жатып оқытады.)

10.Бір үйде шамамен неше бала отыратын? (Жиырма шақты)

11.Екі жыл оқытып, екі бұзаулы сиырын алып кеткен молданың оқытқаны біздің авторға қалай әсер етіпті? (Ештеңені аңғармағанын айтады.)

12.Белгілі 16- жылғы ара жұмысқа Ғабитті кім сұрап алады? (Нағашысы)

13.Нағашысының Ғабитті сураудағы басты мақсаты не еді? (Шаруасына бас – көз болу, көмектесу.)

14.Нағашысының елі қандай шаруашылық пен айналысқан? (Егін егі, балық аулау т.б.)

15.Обаған өзеніне жақын тұратын елдің көрші ауылында не бар екен?. (Екі сыныптық орысша мектеп бар)

16.Ғабит осы аталған мектептің қай сыныбына барды? (Бірінші)

17.Орыс мектебіне барудағы мақсаты не еді? (Білімін кеңейту еді, орысша білім алу.)

18.Ол үлкен мағынада ағартушы болатын тілегі бар адам қай кейіпкердің сөзі? (Ғабит Мүсірепов)

19.Ғабиттің есінде Бекет Өтетілеуов қандай ұстаз болып қалған? (Жақсы оқытушы және ондай ұстазды өмірінде сирек кездестіргенін айтты.)

20.Бекет Өтетілеуов қай ақын жазушылардың шығармаларын аударған? (Крылов, Пушкин, Лермонтов)

21.Ғабит Бекеттің қай сөзін үнемі жадында ұстайды? (қандай іске кіріссең де, таза қолмен кіріс)


Төртінші белгі.Әр оқушыға ООМ бойынша 1 сұрақ қойылады.

Қойылған әр сұраққа, нақты әрі мүдірмей тез жауап берген оқушыға «плюс» белгісі қойылады, ал жауап бере алмаған жағдайда «минус» белгісін алады.




Түсінуді сыни тексеру .

Сын тұрғысынан сұрақ.

1.Автобиографиялық әңгіме жазушының досы жайлы жазылған шығармасы? (жоқ, дұрыс емес, өзінің балалық шағы жайлы жазылған)

2.Автобиографиялық әңгіме мазмұны өмір туралы. (Иә, автобиографиялық әңгіме өмір туралы)

3.Шығарманың негізгі кейіпкері Бекет Өтетілеуов. (Дұрыс емес, жазушының өзі)

4.ХХ ғасырдың бас кезінде біздің қазақ елі киіз үйде тұрған. ( иә, дұрыс қазақ халқы киіз үйде тұрған)

5.Атақты жазушы Ғ.Мүсірепов ескіше жыл басы деп есептелетін Наурыз күні дүниеден өтті. (Дұрыс емес, дүниеге келген.)

6.Қайсар болушы ең, жыламайтын едің Ғабиттің қайсарлығын еске алып үнемі әкесі мадақтап, қолпаштап отыратын. (Дұрыс емес, анасы мадақтап отыратын.)

7.Балалардың тілін сындыру үшін ауыл адамдары орыс мектебінен Бекет Өтетілеуовті алдыртыпты. (Дұрыс емес, молданы)

8.Автордың әке – шешесінен күнде еститін жақсы сөздерінің бірі «оқу оқисыңдар» дегені есте жақсы сақталған екен. (Дұрыс, Әке – шешесінен еске алғанда осы сөзді де еске алатын.)

9.Молда балаларды арнайы ауыл мектебінде оқытқан. (Дұрыс емес, әр баланың үйінде оқытқан.)

10.Бір үйде шамамен алғанда жиырма шақты бала отыратын. (Дұрыс, бір үйде шамамен жиырма шақты бала отыратын)

11.Екі жыл оқытқан молдаға автор өзінің рахметін айтып, қажетті білімін де алған. (Дұрыс емес, Молданың оқытқанынан қажетті ешнәрсе де ала алмаған.)

12.Белгілі 16- жылғы қара жұмысқа Ғабитті нағашысы көмектесуге сұрап алады. (Дұрыс, 16-жылғы қара жұмысқа Ғабитті нағашысы сурап алады.)

13.Нағашысы Ғабитті орысша оқысын, көзін ашсын деген ниетте сұрап алған.( Дұрыс емес,шаруасына бас – көз болу, көмектесуге.)

14.Нағашысының ауылы мал шаруашылығымен айналысқан. (дұрыс емес, егін егу, балық аулау т.б.)

15.Обаған өзеніне жақын тұратын елдің көрші ауылында орысша мектеп бар екен. (Дұрыс, сол ауылға қарама- қарсы тұратын ауылда орысша мектеп бар.)

16.Ғабит молдадан сауатын ашқаннан кейін осы орысша мектептің екінші сыныбына бірден түседі. (Дұрыс емес, бірінші класына түседі.)

17.Орыс мектебіне барудағы Ғабиттің мақсаты орысша тіл сындыру, білімін кеңейту болатын. (Дұрыс, білімін кеңейту.)

18.Ол үлкен мағынада ағартушы болатын тілегі бар адам деп, Ғабит өзінің ұстазы Бекет Өтетілеуовке баға берген екен. (Дұрыс, Ғабит өзінің ұстазы Бекет Өтетілеуовке үлкен мағынадағы ағартушы деп баға берген.)

19.Ғабит өзінің ұстазы Бекет Өтетілеуовті еске алғанда мұндай ұстазды өмірінде сирек кездестіргенін айтты. (Дұрыс, Ғабит еске алғанда ұстазы Бекет Өтетілеуов сияқты ұстаздардың сирек кездесетінін айтты. )

20.Бекет Өтетілеуов Крылов, Пушкин, Лермонтов секілді орыс халқының ақын жазушыларының шығармаларын аударған. ( Дұрыс, Крылов, Пушкин, Лермонтов шығармаларын қазақша аударған)

21.Ғабит ұстазы Бекеттің «қандай іске кіріссең де, таза қолмен кіріс» деген сөзін үнемі жадында ұстайтын. (Дұрыс, Ғабит мұны мәңгі есте сақтап қалды.)





Тақырыптық сөздік қор

«Қайсар бала» тақырыбына эссе жазу.


Бесінші белгі. 5 минутта 50 сөз. Әрбір сөз сөйлем мүшесі болу керек.

Бағалау

4-5 белгі-5 ұпай

3 белгі-4 ұпай

2 белгі-3ұпай

1 белгі-2 ұпай



Сапа нормативі карта бойынша орындалады. Егер де оқушылардың 63%

5 ұпайдан алса, сапа нормативі бала санын 0,63-ке көбейтуден шығады.



Үй тапсырмасы

101 – 104 бет оқу, мазмұндау.

4 -тапсырманы жазбаша орындау.


4 белгіден кем алған оқушылар үй тапсырмасын орындайды.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет