Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дара және күрделі сан есім туралы түсінік беру. Міндеттері



Дата22.06.2017
өлшемі145,97 Kb.
#19825
түріСабақ
Сабақ тақырыбы: Дара және күрделі сан есім.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дара және күрделі сан есім туралы түсінік беру.
Міндеттері:
1. Білімділік: Сан есімнен алған білім дағдыларын кеңейту, сан есімнің құрамдық түрлерін меңгерту, мәтіннен дара, күрделі сан есімдерді таба білуге үйрету;
2. Дамытушылық : Оқушылардың тілін және ойлау қабілетін дамыту, талдай білу дағдыларын қалыптастыру;
3. Тәрбиелік : Балаларды кішіпейілділікке, адамгершілікке, ынтымақтастыққа, тіл тазалығын сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: , цифрлар, нақыл сөздер, слайд.
Әдіс-тәсілдер: СТО стратегиялары
Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, дүниетану, математика, әдебиеттік оқу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту , ойын сабақСабақтың барысы:
1Қызығушылықты ояту. (Слайд 1,2)
а)Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім.
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім!
–  Кемеңгер ғұлама ақын-жазушылармыздың тілі, туған тіліміз-қазақ тілі сабағын бастаймыз. 

ә)-Балалар алдымызда қандай мереке келе жатыр?

-Бүгінгі сабағымыз «Наурыз» мерекесіне байланысты болмақ.

-Наурыз мейрамы жайлы не білеміз?

-Сабақта ұлттық ойындардан сайыс өткіземіз,сондықтан топтарға бөлініп алайық.

1-топ «»     Слайд №3

2-топ «»

3-топ «»
2Үй жұмысын пысықтау. «Жұптасып» тексеру арқылы үй жұмысын тексеру.


3.«Ой қозғау» стратегиясы.  «Бәйге» ойыны /дұрыс жауап берген топ бір белгі алады/
Әр топ соз таптарына түсінік береді.Топтан 1 спикер шығып қорғайды.
1 топ- «Зат есім»                  Слайд № 4

2 топ- «Сын есім»

3 топ- «Етістік»
Бірлесіп «Сан есім» туралы білгендерін айтады.

4Мағынаны ашу. «Болжау» стратегиясы
Мұғалім: (слайд 5)
Ø Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру барысында «Болжау стратегиясын» қолдану. Ең бірінші терме диктант өткізу, содан кейін сан есімдердің жазылуына назар аударту, балаларды өздері ережені айта білуге бағыт жасап отыру.
Терме диктант. Сөйлем ішінен сан есімдерді теріп жазыңдар.Ø
   Күн жүйесінде тоғыз ғаламшар бар.Жер үшінші ғаламшар.Күн жүйесіндегі ең жолы қысқа – Меркурий.Ол сексен сегіз тәулікте бір айналып шығады.

(Сан есімдерді жазып айырмашылығын дәлелдейді.    Слайд №6)


– Сан есім қалай жазылады? Дара сан есім және күрделі сан есім екенін қалай білдіңдер? Ережені айтып көріңдерші.

(Ережемен таныстыру, мысал келтіріп түсіндіру, слайд № 7 )


5. Оқулықпен жұмыс

8 – жаттығу     «Көкпар» ойыны

1.Кит жайлы мағлұмат    слайд № 8     №9,10

2.Сөйлемдерді оқыту

3. Сөйлемдерді тақдада жазу

Отыз, жүз жиырма, жүз жиырма, елу, мың, сексен бір.

 

6. Сергіту сәті  

1-топ     көңілді шумақ 1 санымен      слайд №11

2-топ   ребус    Тіл – қылыштан өткір  слайд №12

3-топ   көңілді   шумақ  3 санымен      слайд №13

9- жаттығу «Теңге  алу» ойыны слайд №14

Ең мағыналы сөйлем құраған бала 1 алтын теңге алады.

15, 47, 165, 1991

10 – жаттығу слайд №15

Сан есімдерді сөзбен жаз.

Тоғыз,он бір, жиырма жеті, жүз сексен тоғыз, алты жүз қырық.

(Карточка таратып жұмыстарын жинап тексеру)

 

7. « Ой  толғау»   Киелі сандар жайлы не білесің?  Слайд №16

3, 7, 9-сандары

7 саны жайлы не білесің?    Слайд №17

7 ата, 7 қазына, 7 жұт, 7 ғайып

Наурыз көженің құрамы

8. Қорытынды

Тест тапсырмасын орындатып жұптарымен алмасып тексеру



  1. Сан есім қандай сұраққа жауап береді?

а) қандай? қанша?  ә) не? нешінші? б) қанша? неше?

2. Сан есім  . . .  болып бөлінеді

а) есептік, реттік, қатарлық        ә) қатарлық, кезектік

б) есептік, реттік

3. Есептік сан есімді көрсетіңдер:

а) бес         ә) бесінші        б) он екінші

4. Күрделі сан есімді көрсетіңдер

а) бес-алты      ә) елу бес, сексен екі

б) қырық, елу, жүз

5. Жұмбақты шешіңдер.

Басында таяғы бар,

Төрт аяғы бар,

Сегіз тұяғы бар,

Иегінде сақалы бар

а) ешкі         ә) қой         б) арқар

6. Көп нүктенің орнына керекті сан есімді жазыңдар

. . .  рет  өлшеп,  . .  . рет    кес.

а) бір, бес         ә) жеті, бір        б) бір, көп



9.Үйге тапсырма

10. Бағалау

Жұмбақ шешу.(слайд 12).Ø


Бір алаша төселген,                            2. Басы да екеу,
Екі ауылды жалғайды.                       Аяғы да екеу. (Қайшы)
Өмірінде еш адам                           3.Он-он бесі жиылды,
Оны жинай алмайды. (Жол)            Бір белдікпен буылды. (Сыпыртқы)
4. Бір үйім бар ақ тас,                             6. Үй ішінде
Есігін ешкім таппас. (Жұмыртқа)           Отыз екі батыр
5. Үш-төрт қана тісі бар,                          Кіргендерді
Шөп көтерер күші бар. (Айыр)               Отап турап жатыр (Тіс)

Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі сан есім Cабақтың мақсаты: білімділік; сан есімнің құрамына қарай және мағынасына қарай бөлінуімен танысады, олардың жазылу емлесімен танысады. Дамытушылық; өздері қорытынды жасай білуге, ойлау, есте сақтау қабілеттерінің артуына ықпал ету,тілдің үш тұғырлылығын ұстануға баулу Тәрбиелілігі; ұлтжандылылққа, патриоттық сезімдерге баулу Әдісі: СТО әдістері Көрнекілігі: электронды оқулықтар,слайдтар,ойын атрибуттары. Сабақ барысы. І.Ұйымдастыру Оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын,оқу-құралдарының түгелдігін тексеру, ІІ.Үй жұмысын тексеру ІІІ.Қызығушылықты ояту. Сандар әлеміне саяхат. Бұл қай сөз табы? Сұрақтары: Мысалдары: Неше?қанша? бір,екі,он,жиырма Нешінші? үшінші Нешеу? Бесеу,алтау Нешеден?(қаншадан?) оннан, Сан есімнің құрамына қарай бөлінуі:дара,күделі Сан есімнің мағынасына қарай бөлінуі : Сұрақтары: Мысалдары: есептік, реттік, жинақтық болжалдық, топтау, бөлшектік. Кім бірінші? (көркем жазу) 461-жаттығу. Жеті он жеті Алты жүз жиырма алты Сегіз жүз отыз сегізінші ІV . Мағынаны тану Таңғажайып төрттік.(сұрақтар қою арқылы сөйлемдерді ашу,тақтаға жазу) 462-жаттығу.Сандарды сөзбен жазып,дара күрделі екенін атау.Олардың жазылу ережелерімен таныстыру. Інім 7 жаста,мен 11 жастамын.Ол 1-сыныпта,мен 4-сыныпта оқимын.2004 жыл.Бір тәулікте 24 сағат бар. Бұл кім? 463-жаттығу Мен –баласы даланың Бес жасынан ат жалында ойнаған, Ақ шабақша Ертіс бойын жайлаған, Жеті түнде бес жүз қойдың түс кейпін, Бес саусақтай,түгендейтін,түптейтін, Мен-баласы даланың, Кең далама тартып туған баламын. М.Әлімбай. автор туралы:1923 ж29 қазанда Павлодар облысы,Шарбақты ауданы,Маралды ауылында дүниеге келген.Көп жылдар бойы «Балдырған »журналының редакторы болған.180 әнге өлең жазды,64 төл тума және аударма кітаптың авторы.Шығармалары 20 тілге аударылған. Тапсырмалар.Сан есімді табу.Күрделі сан есімді тақтаға жазу. «Жеті түнде,бес саусақтай» деген сөз тіркестерін қалай түсінетіндері өз сөздерімен айтқызу. Сиқырлы бес жұлдыз 464-жаттығу. 11,63,27,189,640. сандарын сөзбен жазып,осы сан есімдерді қатыстырып сөйлем құрау. Полиглот. 465-жаттығу. Мақалдарды оқу,құрамындағы сан есімдерді тауып,үш тілде (қазақ,орыс,ағылшын) айту. Төртеу түгел болса,төбедегі келер. Алтау ала болса,ауыздағы кетер. Жеті рет өлшеп,бір рет кес. Білгенің- бір тоғыз,білмегенің-тоқсан тоғыз. V.Ой толғаныс Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар. Жұмбақ жасырамын,шешешкен оқушылар ойынға қатысады. Жұмбақтар. Бір,үш,бес,он, Жиырма,елу,жүз,екі жүз,мыңы бар, Әрқайсысының құны бар. Бұл нелер? (теңгелер) Білімі жетсе,шамасы Алатын алар аласы Бір мен бестің арасы.Бұл не? (Мектеп бағалары) Ағайынды жетеуінің, Бесеуінің жұмысы бар, Жұмысы жоқ екеуінің.Бұл не? Үш жүз алпыс бес, Үш жүз алпыс алты Әр жылдағы қалпы Бұл не?(Бір жыл) Он екіге жетіп,жүрген кері кетіп.Бұл не ?(сағат) 5 оқушығы 5 әріп беріледі Т;А;Б;С; Экспресс сұрақтар: Т әрпіне А әрпіне Б әрпіне Жалқы есім Жалпы есім Адам аты. Зат есім Сын есім Етістік Септіктің біреуі жалғаусыз септік Сөйлем мүшесі Сөйлем мүшесі Жалқы есім Септік атауы Баға Дара сан есім күрделі сан есім С әрпіне Ж әрпіне Сан есім Қос сөз Қыстап қалатын құс зат есім Зат есім күрделі етістік Біріккен сөз адам аты Тыныс белгісі қосымша түрі VІ.Үйге тапсырма Бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма? ИӘ ЖОҚ дискуссиялық картамен ауызша жұмыс жүргізу 466-жаттығуды орындап келу,ережелерді қайталау
Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/kz/sabak/bastauish/300-dara-zhne-krdel-san-esm.html

Сабақ тақырыбы: Дара және күрделі сан есімдер.

Сабақтың мақсаты:

Сөз таптарын оқыту барысында логикалық ойлау қабілетін дамыту;

а)Білімділік – сан есімнен алған білім дағдыларын кеңейту, сан есімнің құрамдық түрлерін меңгерту, мәтінен дара, күрделі сан есімдерді таба білу;

ә)Дамытушылық – есте сақтау және ойлау қабілетін дамыту, танымдық қызығушылық дамыту;

б) Тәрбиелік – балаларды еішіпейілділікке,адамгершілікке, ынтымақтыстыққа, тіл тазалығын сақтауға тәрбиелеу:

Сабақтың көрнекілігі: А.Ысқақов “Морфология”(202-бет), Ұ. Көшербаева “Қазақ тілі граматикасын оқуға арналған жаттығулар жинағы”, (43-бет), тірек сызбалар, бағалау нормалары,бағалау парақтары,қима қағаздар, оқулқ, дәптерлері;

Сабақтың түрлері; Аралас сабақ.

Пән аралық байлыныс; математика, география, әдебиет.

Сабақ барысы: (тақтада жазылуы).

Сабақ алгоритмі:


  1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3

  2. Үй тапсырмасын пысықтау

  3. Сабаққа психологиялық дайындық.

І кезең.“ Еім көп біледі ?”1-3мин

ІІ кезең.“Жаңа сабақ ”

ІІІ кезең. Жаттығулар мен жұмыс5-7

ІV кезең.Терме жат жазу

Vкезең. Сергіту сәті
VI кезең. Деңгейлік тапсырмалар

деңгей, ІІ деңгей, ІІІ деңгей

VII кезең Шығармашылық тапсырма 3-5

VIII кезең . Қорытынды



Ұйымдастыру кезеңі.

  • Қане, балалар, мені көріп тұрғандар “бір” шапалақ, есітіп тұрғандар “екі” шапалақ, көрсетіп тұрғандар “үш” шапалақ ұрыңдаршы. Керемет! Шапалақ даусынан сендердің бүгінгі сабаққа ерекше дайындықпен келгендерің сезіліп тұр.

2)Үй тапсырмасын пысықтау

Өткен сабақтағы тапсырма үш топқа үш түрлі болатын. І топ мақал- мәтел ІІ топ жұмбақ, ІІІ топ жаңылтпаш жазып келу керек болатын. Ол ауыз ауыз әдебиетінің үлгісінде сан есім болуы тиіс.

Жауапты таңдау, топ басшысы бағалап отырады.

3)Жаңа сабаққа психологиялық дайындық.

І кезең тапсырмасы. “Кім көп біледі?”

1 минут ішінде І, ІІ топ жуан д. дыбысты сан есім,III,Ivтоп жіңішке дауысты сан есімді жазып шығады. Кім көп сан есім жазса, сол оқушы – жеіңімпаз, әрі жауабын оқып шығады.

ІІ кезең. Жаңа сабақ.

Тақтаға арнайы парақтарға мынадай сөйлемдер жазылады.

І парақ І парақ


  1. Айгүл жиырмада 1. Әлия онбес жаста болатын

  2. Бізге бірінші сыныпта 2. Ағам отыз қырықтай кітап әкелді

Гүлзат апай сабақ берді

  1. Әжем 2 – алма берді. 3. Жылқының салмағы екі жүз килограмм болды.

Жетекші – проблемалық сұрақтар:

-Неге 2 парақша ілінді?Қандай ортақ сөздер бар?

- Сөйлемдерде 3 қате бар Соны табыңыз.

- Дара сан есімдер І парақшада, күрделі сан есімдер ІІ парақшада. Ережесін айтып көріңіз.

Тірек сызба арқылы жаңа сабақты өзім түсіндіремін.

Сан есім.







Тұлғасына қарай

негізгі

туынды




Бір

Үш

жүз



Бірінші үшінші

жүздей








Құрамына қарай

дара

күрделі

Үш

алты


Үш жүз

Бес алты





Тұлғасына қарай

1 есептік

2. реттік

3.жинақтау

4.топтау


5.Бөлшектік

6. болжалдық


ІІІ кезең.Жаттығулармен жұмыс

159- жаттығу

І,ІІ топ – дара сан есімдерді теріп жазу

ІІІ-IV топ- күрделі сан есімдерді

І топ – “жүзінші” сөзіндегі дыбыстардан сөз жасаңыз.

ІІ топ – соңғы сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз.

ІІІ топ – “жиырма”сөзіне фонетикалық талдау;

Ivтоп- “үшінші”сөзін септеңіз

160 – жаттығу.

І,ІІ топ – күрделі сан есімдерді теріп жазу

ІІІ,IV топ дара сан есімдерді.

Өз қалауларың бойынша 5 сан есімді қатыстырып сөйлем құраңдар.

IV кезең. Терме жат жазу.

Көп тіл білетіндерді полиглот деп атайды. Рим университетінің професоры Карло Тагливани отыз бес тілді білген. Дания ғылымы Расмус Раск екі жүз отыз тілді меңгергн, Шютце деген неміс екі жүз жетпіс тілде сөйлеген.

М.Әуезовтің “Еңілік- Кебек ”трагедиясы тұңғыш рет сахынаға қойылғанда, автор жиырма жаста еді. К.Байсейітоваға жиырма төрт жасында Кеңес Одағының әртісі атағы берілді.И. Нютон әйгілі әлемнің таптырмас заңын жиырма бес жасында тапты.

Сауаттылығын өзара тексеру;

Vкезең. Сергіту сәті.

Математикалық жұмбақтар беріледі.Шешуші – сан есімдер. Шешуші болған сан есімдерді ауызша септеу.

VI кезең. Деңгейлік тапсырмалар

ІІІ деңгей.183- жаттығу. )дара сан есімдерді бір бағанаға, күрделі сан есімдерді бір бағанаға бөліп жазу).

ІІ деңгей. 188- жаттығу. (сөз тіркесін құрап жазу)

І деңгей. 189 - жаттығу (сан есімді тіркестерді қатыстыра отырып сөйлем құрастыру)

VII Шығармашылық тапсырма (“Мөлдір бұлақ” журналынан алынған мәтін бойынша)

VIII кезең.

Қорытынды.



  • Қорытынды бәйге сұрақтары арқылыжасалады, яғыни бәйге сұрақтарына оқушылардың бәрі жауап беріп шығады.( Сұрақтар алдыңғы тақырыптармен байланыстырылса, тіптен ұтымды).



  • Үй тапсырмасы:

161 – жаттығу.

Қорытынды “Бәйге сұрақтары”

І топ.

1)Сөзден сөз тудыратын қосымша (жұрнақ)



2)Затың сынын білдіретін сөз табы (сынесім)

3) Тасты, құмды сөздері сын есімнің қай түріне жатады? (қатыстық)

4) Мағанасы жуық сөздер ( синонимдер)

5)Қазаөқ тілінде неше сөз табы бар? (9)

ІІ1) Екі түбірдің бірігшуі арқылы жасалатын күрделі сөз (біріккен сөздер)

2)Заттың атын білдіретін сөз табы (зат есім)

3)Байжан, Ақтөбе, Бадам сөздері зат есімнің қай түріне жатады?(жалқы есім)

4) Не істеді? Не қылды? Сұрақтарына жауап беретін Сөйлем мүшесі?(баяндауыш)

5) Дауысты дыбыс жоқ қатысына қарай нешеге бөлінеді? (2-ге – ашық, қасық)

ІІІ топ


1)Қайта-қайта, көре-көре қос сөздің қай түрі (қайталама)

2)Түбір сөзге жрнақ жалғау арқылы жасалған сөз ( туынды)

3) Отыз екі, елу сегіз деген сан есімдік құрамдық түрін анықта (күрделі)

4) Көзге көрінбегенмен, адамның ойлауы нәтежиесінде танылатын құбылыс, ұғым атаулары (дерексіз зат есім)

5) Хан, сарбаз, ханша қандай сөздер? (тарихи сөздер неге көнерген сөздер)

Ivтоп


1)Заттың санын білдіретін сөз табы )сан есім)

2) Жақсы, биік, әдемі сөздері сан есімнің қай түріне жатады?( сапалық)

3) Мағанасы қарама- қарсы сөздер (антонимдер)

4)Қандай? қай? Сұрағына жауап беретін сөйлем мүшесі (анықтауыш)

5) –ның, -нің,-дің,-дің қай қосымша (ілік септік)

V топ


1)Ауыл- аймақ, үлкен-кіші қос сөздің қай түрі? (қосарлама қос сөз)

2)Күзетшілік тұлғасы жағынан қандай сөз? Туынды сөз)

3)»Көз қорқақ , қол батыр» мақал әлде мәтел ?

(Мәтел)


4) Сөздердің дұрыс айтылуы қандай заңдылыққа бағынады (орфоэпиялық)

5) Егіншілер, қара ала тас сөздерінде қай үндестік байқалады (буын және дыбыс).

Тапсырма жауаптарынвң үлгілері.

1)159- жаттығу.

Дара: жүзінші, бесінші, үшінші,отыз, он,жиырма, алты. (7)

Күрделі: мың тоғыз жүз қырық екінші, жиырма бесінші, жиырма екінші, үш жүз он

алтыншы,жиырма екінші, үш жүз он алтыншы,жиырма екі, онүш. «6)

І топ - жүзінші )жүзінші (жүз, ін, үн, үш, іш, жүн, үз,із,үзші,ізші, жүзі)

ІІ топ – Жаудың он үш танкісі қирады, алты жаяу әскер жлйылды.

ІІІ топ – ж- д- з, ұяң

И- д –ы, жуан.қысаң, езулік

Ы – д-ы, жуан, қысаң, езулік

Р – д – з,үнді

М – д – з, үнді

А – д –ы, жуан ашық езулік

IV топ А – үшінші

І – нің Ш -ден

Б – ге Ж –де

Т – ні К – мен

2) 160 – жаттығу.

К – қырық бір, 68,5-6,50-60,27,1597,789,15257, 7 1 , 27, (10)

3

Д - 3, 7, 4, 9, 1000,50, 70, 5, 20, (9)



3) терме жат жазу - отыз бес, екі жүз отыз, екі жүз жетпіс, жиырма, жиырма төрт, жиырма бес (6)

4) Сергіту сәті,

16) 9

1) 9


13)9

12)10


9) 6

Сергіту сәтіндегі математикалық жұмбақтар.

1.Мұз айдында жеті бала,

Асыр сап жүр сырғанап,

Сырғанамай екі бала,

Жағалауда тұр қарап

Енді осы баланың

Санын айтсаң жарадың

9. екі аяқ пен екі қол,

Бір ауыз бен бір тілің,

Нешеу болды, қане, бол,

Санап шығар кім бұрын

16. бірім, бірім, бірім деп,

Үшеуі келеді біртіндеп

Екім, екім, екім деп,

Үш тұрып келеді екеулеп.

Қанша болды өзінде,

Үлпілдеген балапан.

12. мына алты ақ алма,

Нұрбибі мен Жанарға.

Үш сарысы – Анарға,

Қызыл алма – Манарға.

Қанша сонда бар алма.

13. Су құйып ем астауға ,

Үш қаз ұшты аспанға .

Үш қасқалдақ, бір қазан,

Екі үйрек, бір сазан,

Бір куөксерке, бір қарға,

Айт, неше құс ұшып жүр,

Неге екнін түсіндір

10. Тал басында тізіліп,

Он жапырақ тұр еді.

Жел соқты да үзіліп,

Ұшып кетті біреуі,

Ізінше оның жұлынып,

Түсті тағы бесеуі,

Тұр әлі де ілініп,

Жапырақтың нешеуі?






Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет