в) Қорытынды бөлім – 7 минут
Сұрақтар мен тапсырмалар.
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы негіздері дегенді қалай түсінесіңдер?
Армия дегеніміз не?
Мемлекеттегі Қарулы Күштердің рөлі мен орны туралы айтып беріңдер.
Т. 1. ҚР-ның Конституциялық негіздері, Конституция ҚР-ның негізгі заңы.
Қоғам және мемлекеттегі Қарулы Күштер.
Қазақ халқының ежелгі арманы жүзеге асып, ҚР тәулсіздікке ие болды.
Қазақстан Республикасы Конституциясына (ҚРК) сәйкес, барлық азаматтарға тең құқықтық берілген, түрлі ұлт өкілдерінің бірге бейбіт өмір сүруі үшін заңдық негіз жасалған. Сондықтан ҚР – онда тұратын барлық қазақстандықтардың мемлекеті.
ҚРК бойынша мемлекеттік биліктің бірден – бір бастауы – халық болып табылады. Халыққа мемлекеттің ішкі саясатын анықтауға бірден-бір құқық берілген.
Конституцияда ҚР президенттік басқару нысандағы біртұтас мемлекет екендігі жазылған. Мемлекеттің біртұтастығының мәні Қазақстан әкімшілік-аумақтық бірліктерден тұрады және құрылысы жағынан автономияларға бөлінбейді.
Қазақстан халқы дауыс беру (референдум), талқылау, Парламент депутаттарын төте және жанама сайлау арқылы мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелерін шешуге қатысады.
ҚР өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары.
ҚР-ның мемлекеттік құрылымының негізгі белгілері: тұтастығы жарияланған өз аумағының қол сұғылмауы мен бөлінбеуі; жергілікті және жоғары мемлекеттік органдарының болуы; халық, Парламент, Президент, Үкімет қабылдайтын Конституциясы; өз заңдары; өзінің азаматтығы; ҚР-ның дүние жүзі мемлекеттері жүйесіндегі тең құқылық орны.
Достарыңызбен бөлісу: |