Сабақтың мақсаты: Сұйықтықтар мен газдардың негізгі физикалық қасиеттерін меңгеру Сабақтың жоспары



Дата08.02.2022
өлшемі17,82 Kb.
#123312
түріСабақ
Байланысты:
Сабақ 1


Тақырып: Сұйықтықтар мен газдардың негізгі физикалық қасиеттері. Сұйық орта механикасының пәні.
Сабақтың мақсаты: Сұйықтықтар мен газдардың негізгі физикалық қасиеттерін меңгеру
Сабақтың жоспары:

  1. Гидравлика пəнi жəне оның дамуының қысқаша тарих




  1. Гидравлика дегенiмiз сұйықтардың тепе-теңдігінің жəне

механикалық қозғалыстарының заңдарын зерттейтiн жəне əртүрлi практикалық есептерде осы заңдардың қолдану əдiстерiн қарастыратың ғылым. Гидравлика атауы гректiң “хюдор”-су жəне “аулас” – құбыр деген сөздерiнен шыққан.
Гидравлика саласында пайда болған бiрiншi еңбек деп Архимедтiң (287-212 б. д. д. ж.) “Жүзiп жүргең денелер” саналғанымен, гидравликаның кейбiр заңдары ертерек белгiлi болған болуы керек, себебi Архимедке дейiн де əртүрлi суландыру каналдары мен су құбырлары салынған.
Ежелгi Египетте, Индияда, Қытайда, сол заманның көзiмен қарағанда алып саналатың каналдар су қоймалары тұрғызылған. Мысалы, Индияда кейбiр су қоймаларының тереңдiгi 15 м. жеттi, Қытайда бұдан 2500 жыл бұрын ұзындығы шамамен 1800 км. Болатын Ұлы каналы салынды, ол елдегi ең үлкен сағалары аумағын жалғастырып тұрды. Бұдан 2300 жыл бұрын Римде ең бiрiншi су құбыры салынды.
Бiздiң елiмiздiң аумағында да суды жинау жəне тасымалдау үшiн көптеген каналдар мен құрылыстар тұрғызылды. Орта Азия мен Кавказда жер өңдеу үшiн су суару пайданылды.
Амудария өзенінiң төменгi саласында бұдан 2000 жылдай бұрын салынған каналдар осы уақытқа дейiн жұмыс iстеп тұр.
Гидравликаның мықты теориялық негiздегi ғылым ретiнде құрылуы Петербург ғылым Академиясының академигі М.В.Ломоносов (1707-1783) атқарған жұмыстарынан соң мүмкiн болды.
М.В. Ломоносов 1760 жылы “Сұйықтың қаттылығы жəне сұйықтығы жөнiндегi ойлар” атты диссертациясында өзi ашқан заттың жəне энергияның сақталуы заңдарын тұжырымдады.
Д. Бернелли 1738 жылы оның атымен аталатын өзi қорытқан өте маңызды теңдеулердi жариялады. Бұл теңдеулер гидравлика саласындағы теориялық құрылымдар мен практикалық есептеулердiң негiзi болып табылады.
Л. Эйлер 1755 жылы сұйықтың тепе теңдiгi жəне қозғалысының дифференцияларының теңдеулер жүйесiн шығарды.
Аталған теориялық жұмыстар гидравликаның жедел қарқындап дамуының бастамасы болды. Бұл салада төмендегi аталатын ғалымдардың еңбектерi өте зор: Д. Полени (1685-1761) сұйықтың тесiктер жəне су жiбергiштер ағуы саласында жұмыс iстейдi; А. Шези (1718-1798) сұйықтың бiрқалыпты қозғалысын зерттедi; П.Добуа (1734-1809) өзендегi су iшiнде бөлшектерiнiң қозғалысын арнадағы су қозғалысына кедергiнi қарастырды; Д. Вентуры (1746-1822) сұйықтың тесiктен жəне кедергiлер арқылы ағыуын зерттедi. Ю.Бейсбах (1806-1871) сұйықтың қозғалысына кедергi саласындағы жұмыстарымен əйгiлi болды; А. Базен (1829-1897) бiрқалыпты қозғалысты жəне су жiбергiште сұйықтың ағуын зерттедi; О.
Райнольдс (1842-1912); ламинарлық жəне турбенттiң қозғалыстың режимдерiн зерттеуге үлкен үлес қосты.
Гидротехниканың сұранысына байланысты əртүрлi мақсатта жүргiзiлген терең зерттеулер нəтижесiнде гидравлика теориясы саласында көптеген жаңа, тың жұмыстарды əкелiп жəне есептеу практикасына енгiзгендер қатарында Н. Н. Павловский, И. И. Агроскин, А. И. Богомолов, М. А. Великанов, Е. А. Замарин, И. И. Леви, К. А. Михайлов, Ф. И. Пиканов, М. Д. Чертоусов, Р. Р. Чугаев, А. А. Угинчус көптеген бұрынғы Совет одағының белгiлi ғалымдары болды.
Гидравликаның құбылыстарды зерттеуге жəне есептеуге гидравликада аналитикалық жəне эксперементалдық əдiстер пайданылады. Аналитикалық əдiсте сұйықтың теңдеулерiн пайдаланып, қозғалып тұрған сұйықтың кинетикалық жəне динамикалық сипаттамалары арасындағы байланыстады анықтайтын сұйықтың қозғалысы мен тепе-теңдiгiнiң теңдеуiн алады. Сүйықтың құрылысының күрделi болуына байланысты аналитикалық зертеулер механикалық теңдеулердiң қолдануы жеңiлдететiн модельдiк сұйықтар үшiн жүргiзедi. Мысалы, табиғаттағы бар сұйықтардан айырмашылығы оның аққан кезде тұтқырлығы болмайтын тұтқырсыз сұйықтың моделi қолданылады.
Аналитикалық зерттеулерде модельдердiң қолданылуы кейбiр сəйкессiздiктерге əкеледi. Олар эксперементалдық жолмен ескерілдi.
Эксперименталды зерттеулер гидравликада маңызды орын алады. Гидравликалық құрылыстарды сəйкестiк теориясы негiзiнде белгiлi модельдеу əдiстерiн қолдана отырып жасалған моделде зерттеу ол құбылыстардың табиғи жағдайда сипатталу мүмкiн параметрлерiн алуды қамтамасыз етедi. Эксперементальдi зерттеулер керек жағдайларда əртүрлi ықшамдаулар жасалған аналитикалық есептеулердiң нəтижесiнiң нақтылауын қамтамасыз етедi.
Зертханадағы эксперементермен қатар табиғи жағдайдағы гидравликалық зерттеулер ол өте терең дамыған.
Гидравликалық зерттеулердiң тəсiлi аналитикалық жəне эксперементальдық тəсiлдердiң тиiмдi жақтарының араласуы (қабысуы).
Соңғы уақытта гидравликада ЭВМ-дi қолдана отырып есептеу тəсiлi қарқынды дамуда. Бұл жағдайда есептеуiң сандық əдiсi жəне гидравликалық құбылыстарды сандық модельдеу қолданылады. Осындай есептеу əдiстерi пайданылатын гидравликаны есептелiнетiн гидравлика деп атайды.
Гидравликадан басқа сұйықтың тыныштығы мен қозғалысын нақты математикалық сипатқа ие теориялық гидромеханика да зерттейдi. Теоретикалық гидромеханикада алынған шешулер практикалық есептеулердiң барлығында қолданыла бермейдi, бiрақ бұл шешулер қарастырып отырған құбылыстардың жалпы заңдылықтарын ашуға көмектеседi.

Бақылау сұрақтар:



  1. Гидравлика: анықтамасы, шешетін міндеттері

  2. Қандай физикалық зат сұйықтық деп аталады?

  3. Сұйықта қандай күштер əсер етеді?

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:



  1. Ауланбергенов Ə.А., Сейтасанов И.С., Жандаулетова Ф.Р. Гидравлика: Оқу құралы. - Алматы: ҚазҰАУ, 2011.- 206 б

  2. .Əдіраманов Ə Гидравлика (оқулық) -Тараз ТарМУ, 2000 - 400б

3. Гидравлика, гидромашиналар және гидрожетектер: Машина жасау университеттеріне арналған оқулық / Т. М. Башта, С. С. Руднев, Б.Б. Некрасов және басқалар-4-ші басылым., стереотип, 1982 жылғы екінші басылымнан қайта басып шығару:" А Лян с Баспа үйі", 2010. – 423б.
4. Электрондық ресурс: https://www.twirpx.com/file/3034297/

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет