Ертегі : «Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, зат есім жерінде, қазақ тілі елінде Септік деген шал болыпты. Елде жұт болып, ашаршылық жайлапты. Бұл ашаршылық Септік шалдың үйіне де келіп жетіпті. Атау атты ұлы қайтыс болғанда шал ағашқа аттың қылын керіп, тиегінің орнына қойыпты да, үнсіз егіліпті . Ай өткен соң Ілік деген ұлы өлгенде тағы бір ішек тағып, «ненің зияны, кімнің көзі тиді екен ?» -деп егіледі.
Ай өткен соң Барыс атты ұлы дүниеден өтеді. Сонда шал тағы үшінші ішек тағып «кімге айтып жылайын неге ғана өлді екен ?»деп жоқтау айтады. Табыс атты ұлы өлгенде «нені айтып,кімді ғана қарғайын?»-дейді. Жатыс атты ұлы да аштықтан өлгенде ағашқа бесінші ішек тағылып, «неде, кімде екен себебі ? -деп жылайды.Шығыс ұлы да қайтыс болады, алтыншы ішек тағылып «неден қайтыс болдың, кімнен сені сұраймын ?»деп егіледі. Көмектесі де сол ашаршылықтан қайтыс болғанда «кіммен өмір сүрмекпін, немен енді шұғылданамын?»деп жоқтау айтып егіледі. Содан 7 ішек, 7 тиек тағылып «жетіген »аспабы пайда болыпты. Осы аспап арқылы Шал мұңын халыққа жеткізген деседі.
4.Ой қозғау -Атау қайтыс болғанда кім үнсіз егіледі?-Септік шал.
-Ілік қайтыс болғанда шал не деді?-ненің зияны, кімнің көзі тиді екен деді.
-Барыс қайтыс болғанда шал не деді?-кімге айтып жылайын,неге ғана өлді екен ?-деді.
-Табыс өлгенде не деді?-нені айтып жылайын,кімді ғана қарғайын,-деді.
-Жатыс өлгенде не деді?-кімде кетті обалың,неде жатып көз жұмдың?-деді.
-Шығыс ұлы өлгенде не деді?-неден қайтыс болдың,кімнен сені сұрайын,-деді.
-Көмектес ұлы қайтыс болғанда шал не деді?-кіммен өмір сүрмекпін,енді немен шұғылданамын?-деп жылады.