4- тапсырма. Түлкінің тапсырмасы. Ұстаздарың қандай өлең үйретті, айтып беріңдер.
Балалар орындарынан тұрып, өлең айтып береді.
-Балалар, түлкінің қу, айлакер екенін білесіңдер, ол бауырсақты жібермей тағы да тапсырма бергелі тұр.
- Не істейміз? Бауырсақты құтқарамыз ба?
- Олай болса келесі тапсырмасын алайық.
5- тапсырма.
Мына текшені лақтырып, суреттегі заттарды қандай маман иесі қолданатынын тап.
Балалар текшені лақтырып, суреттегі заттардың иелерін табады.
Сөйтіп бауырсақты түлкіден құтқардық, ендеше жасырулы суретті ашайық.
Ұстаздың суреті.
Балалардан ұстаздың қызметін сұраймын.
Балалар біз бүгін қандай мамандық иелерімен таныстық?
«Бауырсақ» ертегісі кейіпкерлерімен жасаған саяхат ұнады ма?
Ендеше 1- топ қолдарыңдағы жинаған жетондарыңды көтере қойыңдар.
2- топ, 3- топтың жетондарын санау.
- Енді осы ертегі кейіпкерлері сендерге жақсы сабаққа қатысқандарың үшін сыйлықтар беріп жіберіпті.
Үш топты марапаттау.
Тәрбиеші: Осындай әртүрлі мамандыққа жету үшін алдымен білім алып көп нәрсені үйрену қажет.Білімді болу керек екен.Осындай мамандықта жұмыс жасап жүрген үлкен кісілердің, аға- апалардың, ата-аналарыңның еңбегін бағалап, құрметтеуіміз керек.
Мамандық алғың келе ме?
Мамандық өзі немене?
Айналаң толған мамандық,
Айналаң толған өнеге.
Тыңдайық, кәне, ойлайық,
Білімге терең бойлайық
Оқыған маман шын маман,
Мамандық алмай қоймайық.
Үйренем десең жалықпа,
Мамандық сырын анықта
Қолыңнан жұмыс келмесе
Тие ме пайдаң халыққа?
Еңбектің бәрі мамандық,
Жер көктің бәрі мамандық
Білуге бәрін талаптан,
Танытып нағыз адамдық.- деп сабағымды аяқтаймын.