Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы
Мақсаты : Балалардың ойлау қабілетін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдетіп, қызығушылығын арттыру, еңбекке деген құштарлығын ояту, үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу. Мамандықтар туралы білімін тиянақтау.Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жұмбақтар шеше білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Ертегі саяхат сабақ
Көрнекілік: мамандық иелері туралы суреттер, ертегі кейіпкерлерінің суреті, құралдар
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын
Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі.
Балаларды орындарынан тұрғызу.
Балалар бір-біріне ретімен: Ашық аспан тілеймін!Күніміз жарық болсын!Деніміз сау болсын!Нан көп болсын!- деген игі тілектерін білдіре келіп, бәрі қосылып: Әрқашан күн сөнбесін!-деседі.
Тәрбиеші: Айтқан тілектерің қабыл болсын!- деп балаларды отырғызады.
Балалар бүгін бізде тіл дамыту сабағы. Мамандықтар әлеміне «Бауырсақ» ертегісі кейіпкерлерімен саяхат жасаймыз.
3 топқа бөлу. 1топ- құлыншақ, 2 топ- қошақан, 3 топ- ботақан.Әр топ өз атын қорғайды.