1.Шалғын не үшін пайдаланылады?
А-мал жайылуға
Ә-пішен дайындауға
Б-келесі жылға тұқымын сақтауға
2.Шалғын өсімдіктерінің түсі қандай?
А-сарғыш тартқан
Ә-жасыл
Б-аралас рең
3.Шалғынның жақсы өсуіне мыналардың қайсысы пайдалы?
А-ара
Ә-шегіртке
Б-көбелек
4.Шалғын қандай жерлерде өседі?
А-өзен аңғарында
Ә-тау етегінде
Б-жазық жерде
5.Шалғында мына жануарлардың қайсысы жүреді?
А-ақбөкен
Ә-саршұнақ
Б-қоян
ІІ.Тақтада екі оқушы шалғын өсімдіктері мен жануарларының аттарын жазады.Екі оқушы шалғын өсімдіктері мен жануарлары жайында қысқаша әңгімелейді.Үш оқушы «эколог»ретінде шалғынды қалай қорғау керектігі жайында айтады.Үш-төрт оқушы тақтаға өздері салған шалғын суреттері мен жануарларының суретін іледі.
ІІІ. Өз елімізде өсімдіктер мен жануарлар, аң-құстар жайында өлең жолдарынан үзінділер келтіреді.
Үй тапсырмасын қорытындылау.
Жаңа сабақ(тірек-сызба арқылы жұмыс жүргізу).
ауа райын болжағыш
адам
ауа
жеміс
сусын
көлік
өсімдік
жануар
ем
су
тағам
тамақ
дәрі
кітап
қаржы
сусын
Яғни ,адам баласына өсімдік пен жануарлардың берері көп,ал адам оларды керегіне жаратады,сондықтан оларды қоғау біздің міндетіміз. «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,оны айтар табиғаттың тілі жоқ»,дегендей, жаңа сабақ тағы да өсімдік пен жануарға қатысты,яғни «Дала өсімдіктері мен жануарлары».
Оқулықпен жұмыс: Мәтінді оқып,мазмұны бойынша сұрақтар арқылы талдау,өздеріне оқыту,мазмұнын айтқызу.
Сергіту сәті. «Үнін тап»ойыны. Оқушылар жануардың үнін табады,әрі аталған жануар немесе жәндік атына сәйкес қимылдар жасайды.
«Пайдалы мәліметтер»-бұл тапсырма бойынша жаңа сабаққа қатысты бірнеше аң, жануар жайында айтып өтті.
1-оқушы: Сары сілеусін,егін жаулары-суыр,тышқандардың 2000-ын бір жазда жейді.
2-оқушы: Құмырсқа 7 жыл,тырна 40жыл,бұлбұл 45 жыл өмір сүреді.
3-оқушы:Қоян терлемейді,оның бойындағы артық жылуды, ыстық күндері қан тамырлары ұзын құлағы арқылы сыртқа шығарады.
4-оқушы: Қасқыр табанына кірген шөгірді тісімен алады,егер ол ауырса, өзіне-өзі аштық жариялап, шөптермен емделеді екен.
5-оқушы: Түлкі құйрығының жоғарғы жағында әтір сияқты хош иіс бөлетін ойық болады екен.
Оқушылар жаңа сабақта көптеген мәліметтермен танысты, табиғатты қорғап,аялау керектігін түсінді.
Достарыңызбен бөлісу: |