Сабақтың тақырыбы:Сөзжасамнан өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты:сөзжасамнан өтілген тақырыптарды пысықтау.
Сабақтың міндеттері:1)Көкшетау өңіріндегі атаулардан күрделі сөздерді тапқыза отырып,Көкшетау маңындағы көлдер,құстар,шөптер жайында мағлұмат беру,оқушылардың теориялық білімдерін пысықтау.
2)Практикалық білім дәрежесін одан әрі кеңейту,оқушылардың ой-өрісін,сауаттылығын,тілін дамыту;
3)оқушылардың өзара сыйлауға үйрету,табиғатты сүюге,туған жерін,елін құрметтеуге тәрбелеу.
Сабақ көрнекіліктері:кодоскоп,карточкалар,суреттер,Венн диограммасы сызылған плакттар т.б.
Сабақ әдісі:сұрақ-жауап,ой қозғау,топпен жұмыс т.б.
Сабақ түрі:өтілген тақырыптарды пысықтау
Пәнаралық байланыс:биологя,география,музыка,әдебиет т.б.
Сабақ барысы.
Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары
Ой шақыру стратегиясы
С.Сейфуллиннің «Көкшетау» дастанынан үзіндіні жатқа айта отырып,оқушылардан Көкшетау жайлы (орналасқан орны,табиғаты,өсімдігі,тауы,көлдері т.б.)сұрау.
-Мен неліктен осы сабақта С.Сейфуллиннің «Көкшетау» өлеңін оқып тұрмын?
-Кім не ойлайды?Оқушылар назарын «Көкшетау» суретіне аударамын.
-Иә,толайды тамсандырған сұлу көкше өңірінде небір аңыздар бар.Біз бүгін Көкшетаудың сұлу табиғатына тамсана отырып,сол өңірдегі көлдер,шөптер,балықтар жайлы мағлұматтар аламыз және күрделі сөздерді тауып,құрамына,тұлғасына қарай ажыратамыз.
Әр оқушының жанында қоржындары бар,соған сабақта кездескен барлық күрделі сөздерді салып отырады.Күрделі сөздерді салып отырады.Күрделі сөздер үйден ой-толғау жазуға қажет болатындығын ескертемін.
2.Топтастыру стратегиясы:
туынды біріккен
түбір
тіркесті
қос сөз
қайталама қосарлама қысқарған
Үй тапсырмасын сұрау.Карточка беремін,сыртында киіз үй,білезік бейнеленген.Ішкі жағындағы тапсырманы орындайды. Сөздерді құрамына,тұлғасына қарай ажырату.
І-топ ІІ-топ
Құздың Тауға
Сарыарқаны Қарағайлы-қайыңды
Айнала-төңірек Көкшетау
Киіз үй,білезік суреттеріне қарай отырып,күрделі сөздерді тапқызу.
3.Венн диограммасы
Екі топқа да бір-бір плакат беремін,өздері ақылдаса отырып,Венн диаграммасын сызады.
І топ.Қос сөз бен қысқарған сөздерді салыстырады,яғни ұқсастығы мен ерекшеліктерін жазады.
ІІ топ.Біріккен сөз бен қысқарған сөздерді салыстырып ұқсастығы мен ерекшеліктерін жазады.
4. Еркін жауап.
Тақтаға төмендегідей кесте сызамын,әр оқушы өзіне берілген карточкадан күрделі сөзді тауып,кестеге жазады.
Күрделі сөздердің жасалу жолдарын ауызша айтады.
Карточкадағы сөйлемдер
№1.Көкшетау-Сарыарқаның солтустік бөлігінде оқ шау жатқан қырат.Ол батыстан шығысқа қарай 400-500 км-ге созылып жатыр.
№2.Таудың бергі баурайында беті айнадай мөлдіреген Бурабай көлі көрінеді.Көлде ақтабан,алабұға,шабақ,сазан,шортандар бар.
Көлге сұғыны енген әсем Қызылтас сияқты мүйістер,сыңсыған қарағайлы-қайыңды ормандар Бурабайға ерекше көрік береді.
№3.Бұрабайдың солтүстік бөлігінде жартасты-жарқабақты келген «Жұмбақтас» аралы орналасқан.
Оқжетпес- Бурабай көлінің солтүстік жағалауындағы биік келген конус пішіндес жартас.
№4.Құртқашаш,қаражидек,қиякөлең,мыңжапырақ,көкшағыр-Көкшетау өңірінде өсетін өсімдіктер.
Ақжон,аққанат,көксала құстары Көкшетау қыраттарында кездеседі.
№5Көкшетау жеріндегі Майлысор,Айдабол,Көлшүмек,-тұйық,тұзды көлдер.
№6Көкшетаудың оңтүстік етегінде, «Оқжетпес» демалыс орны орналасқан.
«Бурабай» демалыс орнындағы негізгі ем-қарағайлы қайыңды орман,шипалы таза ауа,сұлу табиғат.
Әр карточкадан кейін оқушыдан не туралы айтылғанын сұрап аламаын, содан соң сол күрделі сөзді «Көкшетау» бейнеленген суретке апарып ілемін.Мәселен, Жұмбақтас жайында айтылса, «Жұмбақтас» сөзін жұмбақтас бейнеленген жерге апарып ілемін.
5.Түсініктеме күнделігі
Әр топтан бір-бір оқушы шығып,сөйлем мүшелеріне талдау жасайды.
№1.Көкшағырды жаз бойы қой мен түйе жақсы жейді,сиыр мен жылқы жемейді.
№2.Бурабайдың суы жұмсақ,мөлдір.
Асты сызылған сөздерді құрамына қарай талдау.
Сөздік жумыс
Көкшағыр-жусан туысының бір түрі,жапырағы қара жасыл шөп.
Әр топқа Көкшетау өңірі бейнеленген бір-бір сурет беріп сол суретке қарап,өздеріне ұнаған бір сөзді алып,дыбыстық талдау жасауды тапсырамын.
Дыбыстық талдау ауызша туризмді,барлық топ мүшелері қатысып бір-бір дыбысқа талдау жасайды.Мысалы:Оқжетпес сөзі.
6.Ой толғаныс.
-Көкше жеріндегі нелермен таныстық?
-Қоржындарыңыздағы сөздерді алыңдар.
-Көкшетау жер жаннаты дегенді қалай түсінесіңдер?
-«Адамды қоршаған табиғат да киелі.Оған қол жұмсау-тіршілікке қол жұмсау».Осы пікірді қолдана отырып,өз ойыңды айт
-Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» бағдарламасында « Қазақстан-жасыл жиекті, мөлдір сулы өлкеге айналуы тиіс» делінген.Сен өз жеріңді көркейтуге қандай үлес қосар едің?
Бұрабай-жердің жұмағы тақырыбына ой толғау жазуға тірек сөздер кодоскоптан көрсетіледі.
Тірек сөздер:жер жанатты,табии сауықтыру орман кешені,байлықты қорғау,шұрайлы,шүйгін шөптер,табиғат мұражайы,Қазақстан Швейцариясы.
7.Үйге тапсырма: «Бұрабай жердің жұмағы»тақырыбына ой толғау жазу.Қоржындағы сөздерді және тірек сөздерді пайдалану.
8.Бағалау.Сабақты қорытындылай отыра,оқушыларды білімдеріне қарай бағалаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |