Сабақтың мақсаты: студенттердің ұжымдық тәрбие білім туралы теориялық білімдерін жетілдіру, практикалық тұрғыдан негіздеу



бет4/6
Дата18.12.2021
өлшемі20,38 Kb.
#102437
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
8 семинар педагогика Тенельбаева Ляззат

А.В. Лунчарский: Жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым болады- деп көрсетті. Н.К.Крупская: Тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым - деп атап айтқан. В.А.Сухомилинский: Әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым- қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі – деп көрсеткен.

Антон Семенович Макаренко (1888-1939) - кеңестік педагог.Ол өз жұмысында тұлға мен қоғамның диалектикалық бірлігі және адамның шығармашылық күшіне деген сенім қағидасын басшылыққа алды. Балалардың оқуы мен оларды еркін өндірістік шығармашылық жұмыспен тәрбиелеуді біріктіре алды. Ұжымдық тәрбие теоретиктерінің бірі.Отбасылық тәрбие теориясын дамытқан.Жыныстық тәрбие мәселесін азаматты тәрбиелеудің жалпы жүйесінен бөлмеуді ұсынған.

Негізгі еңбектері:



  • «Педагогикалық поэма»;

  • «Төбедегі жалаулар»;

  • «Ата-аналарға арналған кітап»;

  • «Тәрбие процесін ұйымдастыру әдісі» т.б.

А.С.Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын ерекше атап,ұжымның төмендегідей кейбір белгілерін көрсетті:

  • Ұжым тәрбиенің мақсаты және объектісі, жеке адам ұжымнан тыс дамымайды.

  • Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді.

  • Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бөлігі.

  • Ұжымның өзін-өзі басқару органдары және өкілдері, ұйымдастырушылары болады.

Мектеп ұжымы. Біздің елімізде қазірі қоғамның маңызды ұясы - мектеп ұжымы баланы дамытуда және қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Мектептегі оқушылар ұжымы - бұл. іс-әрекетімен (оқу,еңбек т.б) бірігіп топтасқан балалардың мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестігі.

Оқушылар ұжымы. Оқушылар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды құралы. Ұжымшылдық адам мүддесінің ұжым және қоғам мүдесімен мызғымас байланыстығын көрсетеді. Адам ұжымда өз күшінің, өз қабілетінің керек екендігін түсінеді. Сондықтан оларды үнемі дамтытып, жетілдіріп отыру педагогикалық ұжымның оқыту және тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруына байланысты. Қорыта айтқанда ұжым - тәрбиенің маңызды құралы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет