Сабақтың мақсаты: студенттердің ұжымдық тәрбие білім туралы теориялық білімдерін жетілдіру, практикалық тұрғыдан негіздеу



бет5/6
Дата18.12.2021
өлшемі20,38 Kb.
#102437
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
8 семинар педагогика Тенельбаева Ляззат

Ұжымның даму кезеңдері. Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезеңдерін айқындаған А.С.Макаренко балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс-әрекетінің мазмұнына,тәртібіне,балалардың ара-қатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратады.

Бірінші кезең

оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Мұғалім бұл кезеңде сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап қою балаларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы оқушыларға сүйену керек. Бұл кезеңдегі мұғалімнің негізгі қызметі – оқушылардың ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, оларды әртүрлі іс- әрекеттерге қатыстыру, ұжымды балаға ықпал жасайтын құралға айналдыру.

Екінші кезеңде

ұжым өзін-өзі басқаруға көшеді. Бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мұғалімнің қызметі - коммуникативті, яғни балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді орындауға барлық оқушылардың күш-қуатын нығайту. Ұжымның осы даму кезеңінде параллельді ықпал жасау принципті қолданылады, яғни тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.

Үшінші кезеңде

Үшінші кезеңде – қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда ұжымдық пікір пайдаланылады. Бұл ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым қоғамдық пікірмен сипатталады. Қоғамдық пікір - бұл ұжым мүшелерінің талаптарды, пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Ұжымдық талқылау, бағалау, әрекеттілік – қоғамдық пікірдің негізгі ерекшеліктері.

Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыруда аса маңызды мәселелердің бірі –

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет