1 СЫНЫП
КОМПОЗИЦИЯ
1 ТАПСЫРМА.
Тақырыбы: Кіріспе. Композиция туралы түсінік. «Жазғы музыка», «Мен және менің достарым», «Жаздың портреті».
Сабақтың мақсаты: Сюжеттік композиция немесе пейзаждың пландық кеңістігін көрсету.
Қолданылатын көрнекіліктер: Оқу көрнекіліктері, репродукциялар, суреттер.
Сабақтың тәрбиелік мәні: Балдарды сабаққа қызықтыру, табиғатты сүюге баулу.
Сабақ жоспары: 1. Жаңа тақырып.
2. Көрнекіліктерді көрсету
3. Жазғы демалыс туралы әңгіме.
4. Методикалық тапсырма.
5. Өзіндік жұмыс.
6.Қателерін жөндеу.
7.Жұмыстарын талдау.
8.Баға қою.
Сабақ барысы: 1 САБАҚ.
-Жаңа сабақты түсіндіру. Композиция туралы түсінік. Композиция салу кезеңдері. Композиция түрлері: статикалық, динамикалық, ашық, жазықтықтық (плоскостная), кеңістіктік (пространственная).
-Көрнекіліктерді көрсете отырып пейзаждың пландық кеңістігін көрсету.
-Нобайын ізденіп салу.
-Композициялық шешімін табу. Қағазға дұрыс орналастыру.
-Өзіндік жұмыс.
-Кеңес беру.
-Композициялық қателерін жөндеу.
-Боялудың алғашқы кезеңі.
-Кеңістікті көрсету.
-Қателерін айтып, оларды жөндеу.
-Оқушыларға кеңес беру.
-Жұмысты аяқтау.
-Талдау.
-Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |