5.1.2.14 жай бөлшектерді қысқартуда бөлшектің негізгі қасиетін қолданады;
5.1.2.15 жай бөлшекті жаңа бөлімге келтіреді;
Сабақтың мақсаты
Тақырып аясында берілген есептерді шығара алады, яғни теориялық алған білімін практикада қолдана алады.
Жетістік критерийлері
Оқушылар осы тақырып бойынша білу, түсіну, талдау, қолдану, анализ, синтез ойлау дағдыларын қалыптастыруы тиіс.
Тілдік мақсат
Осы тақырыпқа қатысты терминдерді үш тілде меңгереді, қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі әдебиеттердегі материалдарды меңгере алады. Ол үшін мынадай сөздіктер қолданамын.
Қазақша
Русский
English
бөлшек
дробь
Fraction
эквивалент
эквивалент
Equivalent
бөлігі
часть
Part
алымы
числитеь
Numerator
бөлімі
знаменатель
Denominator
Дұрыс бөлшек
Правильная дробь
Proper (simple) fraction
Бұрыс бөлшек
Неправильная дробь
ImProper fraction
Аралас сан
Смешанное число
Mixed number
Бүтін бөлігі
Целая часть
Quotient
қалдық
остаток
Remainde
Бүтін сан
Целое число
Whole number
Сан ось
Числовая ось
Number line
Бөлшекті түрлендіру
Преобразование дробь
Enlarging a fraction
ықшамдау
упростить
Simplify
ықшамдау
упростить
Reduce
Мәтіндік есептер
Текстовое задачи
Written problems
Рационал сан
Рациональное число
Rational number
Құндылықтарды дамыту
Әділдікке, патриоттыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерін дамыту
Пәнаралық байланыс
Геометрия, тұрмыста қолдана алу
АКТ қолдану дағдылары
Видео проектор, таратпа материалдар, көрнекі-демонстрациялық құралдар, фигуралар
Бастапқы білім
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңдері
Сабақта орындалатын іс-әрекеттер
Оқыту ресурстары
Басы
Ұйымдастыру сәті
Математикалық логикалық есептер беру арқылы «Миға шабуыл»
1. Натурал санның бөлгіші дегеніміз не?
2. Натурал санның еселігі дегеніміз не?
3. Натурал санның қандай бөлінгіштік белгілері бар?
4. Жай сан және құрама сан дегеніміз не?
5. Құрама санды жай көбейткішке жіктеу дегеніміз не?
6. ЕҮОБ және ЕКОЕ дегеніміз не?
7. Жай бөлшектің бөлімі нені білдіреді ? 8. Жай бөлшектің алымы нені білдіреді ?
Негізгі бөлім Тақырыпты ашу
Сергіту сәті : Орындарыңнан тұрып, өз есімдеріңді иықтарыңмен содан соң, бастарымен жазады. Өз есімдеріңде неше әріп болса, сонша рет секіреді. «Тапқыр болсаң» әдісін пайдаланып №377 есепті шығартамыз.
Натурал сандардың бөлінгіштік қасиетін пайдаланып, бөлшектерді қысқартыңдар.
Дескриптор
Ең үлкен ортақ бөлгішін табады
Бөлшектің алымы мен бөлімін шыққан санға қысқартады
Миға шабуыл
Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?
Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?
Шаршының қабырғасын үш есе үлкейтсе, оның ауданы неше есе үлкееді?
Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады?
Бөлшектердің бөлімдерін 100-ге тең бөлшек түрінде жазыңдар.
Бөлшектердің бөлімдерін 60-қа тең бөлшек түрінде жазыңдар.
Дескриптор
Бөлшектің бөлімін 100-ге немесе 60-қа тең болатындай көбейткішпен көбейтеді.
Бөлімін көбейткен көбейткішке бөлшектің алымын да көбейтеді
www. Bilimland. kz
Үлестірмелі кеспе қағаздары
Соңы
Сабақты қортындылау «Неге? Неге? Неге?» әдісі
Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Жүргізуші осы сабақта не үйренгенін айтады және соңғы сөйлемін «неге?» деген сұрақпен аяқтайды. Келесі оқушы сол сұраққа жауап беріп, қасындағы әріптесіне «неге?» деген сөзі бар сұраулы сөйлем айтады. Келесі ойыншылар да осы әрекеттерді тізбек бойынша жалғастырады. Ойынның соңында оқушылар орындалған тапсырмаларды еске түсіріп, олардың түйінді тұстарымен ой бөліседі Рефлексия (қызыл) мүлде түсінбедім (сары) түсініксіз жерлері болды (жасыл) сабақ өте қызықты, түсінікті болды
Үйге тапсырма: 383 (Алдамұратова Т.А., Байшоланов Е.С. Математика: Жалпы білім беретін мект. 5-сыныбына арн. / Т. Алдамұратова, Е. Байшоланов. Алматы: Атамұра, 2017)
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Саралау іріктелген тапсырмалар, бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету жұмыстары.
Тапсырманы толық дұрыс орындаған оқушыларды марапаттау
Нұсқаулықпен жүргізіледі.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?