Сабақтың тақырыбы: Теңдеу және шешу тәсілдері.
Сабақтың мақсаты: теңдеу және шешу жолдарын ұғындыру.Есептерді теңдеу құру арқылы шығаруға үйрету.
Дамытушылығы: логикалық ойлау қабілеттерін арттыру,сөздік қорын,математикалық ойлауын дамыту, СТО технология элементтерін пайдалану.
Тәрбиелілігі:Оқушыларды алғырлыққа, ізденімпаздыққа, елін, жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу. Өз елінің патриоты болуға баулу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулық, суреттер.
Түрі: Аралас сабақ.
Әдісі:Түсіндіру, сұрақ – жауап, СТО элементтері.
Іс – әрекет: Ұжымдық, топтық, жұптық, жекелей.
Пән аралық байланыс: дүниетану, музыка.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру барысы: Құрметті оқушылар! Бүгін күндегіден өзгеше сабақ. Ашық сабақ. Сабағымызға мектеп мұғалімдері келіп отыр. Ұстаздарымызға тек жақсы білімімізді көрсете білейік.
Балалар, тәуелсіз еліміздің тірегі сендерсіңдер. Сондықтан да сендер білімді, тәрбиелі азамат болуларың керек. Қазіргі таңда еліміздің дамуына өз үлесімізді білімімізбен көрсетуіміз керек.
Тәуелсіз еліміздің балалары өз бойларына ізгі қасиеттерді дамыту керек деген тілекпен бүгінгі сабаққа тәуелсіз елдің картасын дайындадым.
Бұл картада әрбір қаланың балалрының бойынан осындай жақсы қасиеттер, еліне, жеріне деген патриоттық сезімдерің арта берсін және сендердің бойларында осыларды көргім келеді.
Осы Тәуелсіздік картаға назар аударып, әр қалаға саяхат жасайық.
Психологиялық дайындық:
Біз қандаймыз, қандаймыз.
Шұғыланы таңдаймыз.
Жарқыраған күндейміз.
Ренжісуді білмейміз.
Жабырқауды білмейміз.
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талантты жас – ұлан.
Үлгі аламыз жақсыдан.
1-слайд. Үй тапсырмасын тексеру.
«Сенім» қаласына саяхат.
Бәрі бірге: Кешегіні білетін, бүгінгіні түсінетін, ертеңіне сенімді азамат боламыз.
№9 (108 бет) Амалдарды орында.
2-слайд. Теңдеу және оны шешу тәсілдері.
«Мақсат» қаласына саяхат.
Бәрі бірге: Алдына мақсат қойып, оған жетер жол таба білуші азамат боламыз.
Топтық жұмыс:
Топ 2- Топ 3- Топ
Х+20*8 = 2600 40*6+Х = 9400 (190-90)*Х=38600
Х*(40:4) = 12600 3090:10-Х=209 Х-560:7=20000
3-слайд.Геометриялық мазмұнды тапсырма
«Білім» қаласына саяхат.
Бәрі бірге: Білімді және білімін пайдалана білетін азамат боламыз.
№3 (108 бет) Жұптық жұмыс.
4 – слайд.Математикалық диктант.
«Мейірім» қаласына саяхат.
Бәрі бірге: Адалдық пен имандылықты ту етер мейірімді жан боламыз.
Өрнек түрінде жазу және оқу.
Ұжымдық жұмыс.
Сергіту сәті: «Санамақ»
Бір – білім ал,
Екі – ерлік көрсет,
Үш – үлгі тұт,
Төрт – тәртіп керек,
Бес – бестік баға ал.
Алты – алғыс ал,
Жеті – жеңіс біздікі,
Сегіз – сенім керек,
Тоғыз – тоқу керек,
Он – оқу керек.
5 – слайд.Есепті шығар.
«Бірлік» қаласына саяхат.
Бәрі бірге: Жер – үйім, адамдар – бауырларым дейтін азамат боламыз.
Есепті теңдеу құру арқылы шығару. Осы есеп бойынша сөздік жұмысын жүргізу.
Қыл – жалдың, құйрықтың жіңішке, ұзын бір жалы. Қыл арқан – қылдан ескен арқан.
Басқұр – туырлықтың кереге басына тиіп қажамауы үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастыра таңатын, киіз үйдің ішіне сән беріп, безендіріп тұратын өрнекті жалпақ құр.
6– слайд.Қалдық пен бөлуді орында және тексер.
«Тапқыр» қаласына саяхат.
Бәрі бірге: Ашық, әр ортада орын табатын жан – жақты азамат боламыз.
Жеке жұмыс
1529:4 1437:6 1358:3 40987:8
7 – слайд.Фигуралардың аудандарын табу.
«Патриот» қаласына саяхат.
Бәрі бірге: Отанын қорғайтын, елін, жерін сүйетін патриот боламыз.
Үйге тапсырма.
№9 (109 бет) Амалдарды орында.
Сабақты қорыту: Балалар бүгінгі сабақта білімдеріңді көрсетіп, білгендеріңді ортаға салып, өз еңбектеріңді көрсете білдіңдер.Туған жеріңді, еліңді, Отаныңды сүйіп құрметтейтін азамат бола алатындарынды көрсете алдыңдар.Еліміздің өркендеуіңде білімдерің арқылы өз үлестеріңді қоса біліңдер.Болашақта нағыз патриот, азамат болатындарына сенемін.
Бағалау:Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды топпен мадақтап, жеткен жетістіктерін білімдерін бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |