Сабақтың мақсаты: Топырақтың ауа және жылулық қасиеттерін, оның өсімдіктер мен ағзаларға тигізетін әсерін талқылау



Дата07.02.2022
өлшемі17,75 Kb.
#82936
түріСабақ
Байланысты:
СРСП.№6


6. БАОӨЖ.

Тақырыбы:Топырақтың ауа және жылу режімі


Сабақтың мақсаты: Топырақтың ауа және жылулық қасиеттерін, оның өсімдіктер мен ағзаларға тигізетін әсерін талқылау.
Семинар сұрақтары:
1. Топырақтың ауа және жылу режімі, оның экологиялық маңызы.
2. Топырақтың аэрация үрдісі.
3. Топырақтың ауа және жылу режімдерінің өсімдіктің тіршілігіндегі орны.
Әдістемелік нұсқаулар:
Семинарға дайындық кезіндегі негізгі мақсат — топырақтың ауа және жылу тәртібінің өсімдіктер мен ұсақ ағзалардың өсіп дамуындағы физиологиялық үрдістердің өтуіндегі роліне тоқтала отырып, топырақтың ауа қасиеттерімен (ауа өткізуі, ауа алмастыруы) және жылу қасиеттерімен (топырақтың сәуле сіңіруі, сәуле таратуы, жылу сыйымдылығы және жылу өткізгіштігі т.б) танысу. Топырақтың құрамды бөлігі болып саналатын топырақ ауасы құрамының атмосфералық ауадан ерекшелігіне назар аудара отырып, оның топырақта жүретін биологиялық үрдістерге тәуелділігін ұғыну.
Климат — топырақтың түзілуіндегі маңызды фактордың бірі. Топырақтың жылумен қамтамасыз етілуі осы факторға тікелей байланысты. Климаттық жағдай топырақ географиясының — ендік зоналылығын, оның негізгі заңдылықтарын анықтайды. Үздіксіз газ айналымының нәтижесінде топырақ пен атмосфералық ауа арасында жылжымалы тепе-теңдік орнайды.
Студенттер семинарға дайындық кезінде топырақтың жылу алмасуы (жылудың топыраққа түсуі, қабаттарға еніп, жоғарыдан төмен қозғалуы және олардан қайта ауаға оралуы), “тыныс алуы”, газ алмасуы (топырақ массасыныңатмосфераға көмірқышқыл газын бөліп шығаруы және ауадан оттегіні сіңіруі), аэрация сияқты үрдістерімен танысып, ауа және жылу режимдерінің өсімдіктер мен ағзалар тіршілігіндегі орнына байланысты материалдарға айрықша тоқталып өтулері керек.
Рефераттар тақырыптары:
1. Климат- топырақ түзуші фактор.
2. Топырақтың су режімі.
3. Топырақ — еңбек өнімі және құралы
Ұсынылатын әдебиеттер тізбесі
1. Кузнецов, М.С. Эрозия и охрана почв [Текст]: Учебник / М.С. Кузнецов, Г.П. Глазунов.- Москва: КолосС, 2004.- 352 с.
2. Мелиоративное почвоведение по спец. 050810-"Мелиорация, рекультивация и охрана земель". (3 кредита): Тип. учеб. программа. [Текст] / Мин. обр. и науки РК.- Тараз: ТарГУ им. М.Х.Дулати, 2007
3. Ауылшаруашылық мелиорациясының негізі [Мәтін]: Оқулық / Ж.С. Мұстафаев, Ә.Т. Қозыкеев.- Алматы: ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2014
4.Лозановская И. Н., Орлов Д. С, Садовникова Л. К. Экология и охрана биосферы при химическом загрязнении. М.: Высшая школа, 2002. С. 180
5. Практикум по почвоведению. /Под ред. А. И. Горбылевой. –Мн.: Дизайн ПРО, 2000,-192 с. ISBN 985-452-013-7
6.Экологический практикум: Учебное пособие с комплектом карт- инструкций / Под ред. К.х.н. А. Г. Муравьева. – СПб.: Крисмас+, 2003,-176 с.: ил.
7.Методические указания по определению тяжелых металлов в почвах сельхозугодий и продукции растениеводства. – М.: ЦИНАО, 1992.-92 с
8.Контроль химических и биологических параметров окружающей среды (Энциклопедия «Экометрия») / Под ред. Л. К. Исаева.- СПб.: Крисмас+, 1998

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет