Венн диаграммасы стратегиясы – Бұл стратегияның мақсаты салыстыру, пайымдау. «Жай сандар мен құрама сандар» тақырыбын өткен кезде жай және құрама сандардың айырмашылығы мен ұқсастығы айтылады. Екеуі де натурал сандар, екеуінде де бөлгіштері бар, айырмашылығы бөлгіштерінің санында екені айтылады. Шеңберлердің екі жағы салыстырылып, ал айқасқан жеріне ортақ қасиеттері жазылды. Бұл стратегияны қолдану барысында оқушылардың ойлау қабілеттері тереңдей түсіп, салыстыру, біріктіру, айыру сияқты күрделі операция жүзеге асады.
Блум таксономиясы, сұрақтар стратегиясы - Блум сұрақтарды екіге бөледі. Олар жалпақ және жіңішке сұрақтар. Сұрақтар тізімі алдын ала жасалуы тиіс. Алдымен жіңішке сұрақтар, сосын жалпақ сұрақтар кетеді. Жіңішке сұрақтар - еске түсіруге арналған сұрақтар, жауабы нақты цифрмен немесе ия, жоқ деген жауап алынатын сұрақтар. Мәселен: «Пифагор теоремасы» тақырыбын өткен кезде:
Бір бұрышы тік болып келген үшбұрыш – тікбұрышты үшбұрыш? (иә)
Тікбұрышты үшбұрышта екі гипотенуза болады? (жоқ)
Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы тікбұрышына қарсы жатады? (иә)
Жалпақ сұрақтар – сұрақтың жауабына толық әрі түсіндіре отырып жауап беріледі. Осы тақырып төңірегінде «Пифагор теоремасын әр түрлі жолдармен дәлелде?» сынды тапсырма беруге болады. Жалпақ сұрақтарды екінші деңгейдегі сұрақтар дейді. Сұрақтың бұл түріне сөзбен ғана емес басқа формаларда жауап беруге болады: сурет, сызба немесе схема түрінде.
Топтастыру немесе кластер стратегиясы - ойды жинақтау, есте қалған ойларды топтастыру. «Пирамида» тақырыбын өткен кезде пирамида сөзіне оқушылар өз ассоциацияларын айтты. Бұл стратегия топпен де жұппен де орындала береді. Сабақтың әр кезеңіне де қолайлы.
Достарыңызбен бөлісу: |