Қорытынды – жинақ сабақтың құрылымы:
- ұйымдастыру бөлімі;
- тақырыптың маңызы, сабақтың мақсаты және жоспары туралы мұғалімнің кіріспе сөзі;
- жеке оқушыларға, сыныпқа, топтарға ауызша және жазбаша түрде орындалатын тапсырмалар беру;
- оқушылардың жұмыстарын тексеру, қажет болса түзету;
- оқылған материалды қорытындылау;
- сабақтың нәтижелеріне баға беру;
үйге тапсырма.
8. Қазіргі заманғы сабаққа қойылатын талаптар
Сабақ – оқу процессінің басты бөлімі. Қазіргі таңдағы мектептерде қойылатын талаптардың күрделенуімен бірге сабақтар талаптары да нақтылана, айқындала түсуде. Бұл талаптарды негізгі төрт топқа бөліп қарастыруға болады. Тәрбиелік, дидактикалық, психологиялық және гигиеналық. Бұлай топқа жіктеудің мәні оқу-тәрбие процесінде бұл талаптардың өзара тығыз байланысытылығында және бір-бірін толықтырып, ықпал етіп отыратындығында.
Достарыңызбен бөлісу: |