Сабақтың мақсаттары Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды



Дата24.04.2020
өлшемі65,95 Kb.
#64592
түріСабақ
Байланысты:
х дыбысы қмж


Сабақтың тақырыбы

«Х» еліне саяхат. Х дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту


Сабақтың мақсаттары

Барлығы:Жаңа білімді меңгереді.

Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.


Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.



Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Хат-письмо

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру




Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.

Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.

Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,

Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.

Алға, артқа қарадық та – үш дедік.

Тағы жаңа жаттығулар істедік.

Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,

Отырайық көңілді енді марқайтып.

/Б.Бөрiбаев/

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Үй тапсырмасын сұрау. Бағандап оқыту.


Шаттық шебері


Сабақтың ортасы



Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? Х дыбысы. Ол қандай дыбыс?

Құрамында Х дыбысы бар сөздерді ата.


Жұмбақ жасыру

Аяғы жоқ-жүреді,

Аузы жоқ-сөйлейді.Ол не? Хат

Сәлем алып, алыстан,


Туысыңнан, таныстан,
Келетұғын, хат - хабар
Қай әріптен басталар? ( х әріпі)

Олай болса бүгінгі сабағымызда Х дыбысымен толығырақ танысып, сабағымызды одан әрі жалғастырамыз.

Оқулықпен жұмыс

Сұрақтардың жауабын болжа. Диалогті рөлге бөліп оқыңдар.



  • Сен кітапханада болдың ба?

  • Қандай кітаптар алдың?

  • Кітаптарды таңдауыңа кім көмектесті?

«Адасқан  сөздер, буын» ойыны.


на, ха, ем          емхана
 кітапханашы,апай Райхан.            Райхан  апай кітапханашы.

   ха, на, ас               асхана


   алдым,  кітап, кітапханадан. Кітапханадан кітап алдым.


Таныстырылым

Оқулықпен жұмыс

Кітапхана суреті ілінеді


Үйлестірмелі қағаздар

Сергіту сәті

1 минут


Оңға түзу тұр,

Солға түзу тұр.

Алға бір адым

Артқа бір адым.

Оңға бұрылып,

Солға үңіліп

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.



Сергіту сәтіне арналған жинақ




Дәптермен жұмысы

Х әрпін жазады



Оқулық, дәптерлер.

Сабақтың соңы


Х әрпінен басталатын кісі аттарын жазу

Рефлексия



Үйге тапсырма: Х дыбысы мен әрпі. Көркем жазу.


Кеменің суреттері




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет