2. Картамен жұмыс. (дәптерге жазып отыру)
Материктің экваторға, бастапқы меридианға, тропиктік және поляр шеңберлеріне қатысты орнын анықтау.
Материктің шеткі нүктелерін анықтау.
3. Материк жағалауындағы мұхиттар, шығанақтар, бұғаздар мен аралдарды
анықтау.
4. Материк жағалауындағы ағыстарды анықтау.
5. Материкке жақын (көршілес) материктерді анықтау.
3. Оқулықпен жұмыс. Материкті ашқан саяхатшылар.
Балалар, біз енді осы материкті ең алғаш зерттеген саяхатшыларымен танысамыз
Тарих сабағында Африка материгінің қандай ежелгі мемлекеттерімен таныстыңдар?
Африка мен оның жағалауында болып қайтқан қандай зерттеушілерді білесіңдер?
Еуропа дүние бөлігіне Африка материгі жақын жатқандықтан, еуропалықтар солтүстік жағалауына келіп, сауда-саттық жасап тұрған. ХV ғасырдың аяғына қарай бұл материкте еуропалықтар аяусыз тонау саясатын жүргізді. Олар материктегі халықты езіп-жаншып құлға айналдырды. Оларды еркінен тыс ұстап алып, алыс жатқан өз жерлеріне апарып жұмысқа салды. Бірақ осы материктегі халықты сыйлап, олардың мәдениетін, табиғатын құрметтейтін де саяхатшылар болды.
Тапсырма. Оқулық мәтінін пайдалана отырып, «Зерттелу тарихы» атты кестені толтыру.
Достарыңызбен бөлісу: |