Сынып: 1 «Б»
Күні: 19.11.2019 ж.
Пән: Жаратылыстану
Кабинет: 228
Тақырыбы: Адам қалай есейеді?
Мұғалім:
Өткізді: Жумабаева Аяужан
Өзін-өзі талдау
Сабақтың мақсаттары:
Адам өмірінің кезеңдерін сипаттау;
Адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау.
Мен Жумабаева Аяужан 19-ші қараша күні Жаратылыстану пәнінен сабақ жоспарын өткіздім. Оқушылардың көңілдерін сабаққа аудару үшін барлығын ортаға шығарып шеңберге тұрғыздым да төрт жолды тақпақты көздерін жұмғыздырып артымнан қайталаттым. «Мозайка» әдісі арқылы, «Балалық шақ», «Жастық шақ», «Жастық шақ» және «Қарттық шақ» деп үш топқа біріктірдім. Осы сөздерге назар аударта отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын аштық. Осы тапсырманың басты мақсаты өзінің қалай өсіп, дамығанын туралы білетін болады. Адам өмірінің кезеңдерімен танысады. Сабақтың ортасында оқушылармен шағын диалог құрдық. Сосын жаттығуларды орындауға кірістік. Бірінші жаттығу ширатуға арнадым. «Сен қалай өстің?» суретіне назар аударта отырып, сұрақтар қойдым. Сұрақтарға жауап ала отырып, адам өмірі көптеген кезеңдерден тұратынын, сол туралы оқушыларға қысқаша мағлұмат бердім. Адамның бірінші кезеңімен «Бірге ойлаймыз» әдісін қолдана отырып таныстырдым.«Ойлан!» әдісі арқылы сұрақ -жауап ұйымдастырдым. Осы сұрақ арқылы өмірдің әрбір сатысы маңызды екенін түсінеді. Есею кезеңдеріне арнап оқушылармен жұптық жұмыс жасаттым. Сабақтың ортасында сергіту сәтін ұйымдастырдым. Сергек көңілмен дәптермен жұмысқа кірістік. Оқушылармен кері байланыс үшін «Бас бармақ» әдісін қолдандым.
Сабақ өткізген: Жумабаева А.С______________
Павлодар қаласының № 25 жалпы
орта білім беру мектебінің практиканты Жумабаева Аяужан
Достарыңызбен бөлісу: |