Сабақтың мақсаттары: Тұран жазығы. Климаты мен табиғат зоналары Білімділік



бет2/2
Дата05.06.2017
өлшемі263,18 Kb.
#17795
түріСабақ
1   2
Қызылқұм Орта Азияның ең ірі құмды шөлі. Қазақстан аумағында оның тек солтүстік бөлігі ғана жатыр. Қызылқұм құрғақ арналармен, алаңғайлармен кезектесіп келетін құмды шағылдардан, төбелер мен қырқалардан тұрады. МойынқұмШу және Сарысу өзеңдерінің төменгі ағысында орналасқан, солтүстіктен оңтүстікке қарай еңкіш келген құмды жазық. Аллювиалды эолдық құмдардан түзілген бұл жазықтың биіктігі оңтүстігінде 500-600 м, орталығында — 400 м, ал солтүстігінде 300 м болады.

Бетпақдала көтеріңкі жазығы батысында Сарысу өзені, шығысында Балқаш көлі мен оңтүстігінде Шу өзені аралығында орналасқан. Оның орташа биіктігі 300-350 м. Жер бедерінің сипатына қарай ол оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс бөліктерге ажыратылады. Оңтүстік-батысы — беті жарылып кеткен тегіс жазық. Солтүстік-шығыс бөлігінің жер бедері төбелі-жонды ұсақ шоқылар және ежелгі кішігірім қалдық таулар түрінде болады.Балқаш-Алакөл ойысының қазаншұңқыры Балқаш көлінің оңтүстігі мен Алакөл тобындағы көлдерді, Жоңғар Алатауы мен Солтүстік Тянь-Шань жоталары аралығындағы құмды жазықтарды қамтиды. Ойыс өзен аңғарларымен тілімделген бірнеше қырқалы және төбелі құмды массивтерден тұрады.

Жер бедерінің қалыптасуы. Тұран ойпатының негізгі фундаментін палеозойда қалыптасқан жас эпигерциндік платформа құрайды. Ойпаттың жер бедерін қалыптастыруда денудациялық-аккумуляциялық-аллювиалдық процестер үлкен рөль атқарады.

Геологиялық жыныстары. Жас платформаның фундаменті кембрий мен триас аралығындағы шөгінділерден тұрады, интрузиялар енген. Оның бетін қалыңдығы 4-5 км боатын мезозой-кайнозойлық теңіздік, құрлықтық шөгінділер жауып жатыр. Маңғыстау түбегінің таулары жоғары бор кезеңінің әктасынан түзілген. Ақтаудан оңтүстікке қарай жатқан төбелі жазық толығымен ұлутастан – оолитті әктастан, ал Каспий жағалауына жақындағанда сазды шөгінділерден тұрады. Үстірт сазды-кремнийлі мергель мен сазды әктаспен қабаттасып кездесетін оолитті әктастан (құмтас) түзілген.

Пайдалы қазбалары. Тұран ойпатында мұнай, газ және құрылыс материалдары өндіріледі. Маңғыстаудағы Өзен, Жетібай ұңғымаларында мұнай өндіріледі. Маңғыстауда және темір, мыс, фосфорит, марганец кен орындары ашылған. Торғай үстірті мен Іле өзені алабында ағаш көмірі табылған. Сонымен қатар саз, құм, қиыршық тастың мол қоры бар. Батпақдаланың ақшыл түсті граниты мен Маңғыстау ұлутасы аса бағалы құрылыс материалы болып саналады. Жергілікті минералды бояулар да жоғары бағаланады. Тұран ойпатында ас тұзы мен содада өндіріледі.

Климаты. Тұран ойпатына құрғақ және континетті климат тән. Жазы ыстық, қысы суық. Қаңтардың орташа температурасы солтүстігінде - 180С, солтүстігінде 20С. Қыста бұл аумаққа суық арктикалық ауа массалары мен сібір антициклоны жиі енеді. Осы кезеңде температура -300С -400С-қа дейін төмендейді. Шілденің орташа температурасы солтүстігінде +220С, оңтүстігінде +290С. Аңызақ желдер жиі соғады. Жауын-шашынның орташа жылдық көрсеткіші 80-100 мм ғана, оның басым бөлігі көктем мен күзде жауады.

Ішкі сулары. Табиғи – климаттық жағдайларына байланысты Тұран ойпатында өзен торы нашар дамыған. Ойпаттың қазақстандық бөлігіндегі ең ірі өзен – Сырдария. Суы көп мөлшерде ауыл шаруашылық мақсатта пайдаланатындықтан, соңғы жылдары Сырдария теңізге мүлде жетпей қалды. Шу мен Талас өзендерінің жай-күйі де Сырдарияға ұқсас, сондықтан Мойынқұм мен Бетпақдаланың суға сұранысын толығымен қамтамасыз ете алмайды. Торғай үстіртіндегі Торғай, Ырғыз, Ұлыжыланшық жазда кеуіп қалып, өзектерге, көлшіктерге айналады немесе құмға сіңіп жоқ болады. Тұран ойпатында жер асты сулары 20-50 м тереңдікте жатыр, ал артезиан сулары одан да тереңде орналасқан. Соған қарамастан олар ауыз су ретінде де, шаруашылық мақсатта да кеңінен пайдаланылады.

Топырағы. Тұран ойпатының солтүстігіндегі Торғай үстірті ғана құрғақ дала мен шөлейтті зонаға жатады, ал қалған бөлігі түгелімен шөл зонасында орналасқан. Топырақ жамылғысының қалыптасуы мен сипаты да осыған сәйкес келеді. Торғай үстіртінде күңгірт күрең топырақтар таралған. Оңтүстікке қарай орналасқан шөлейтке ашық каштан топырақтар тән.Тұранның шөлді аумақтары шөлдердің солтүстік және оңтүстік типтеріне жатады. Шөлдің солтүсік типі Солтүстік Арал маңында, Бетпақдала, Мойынқұм мен Балқаш-Алакөл ойысын тән. Мұнда қоңыр және күрең топырақтар таралған. Тақырлар жиі кездеседі.

Өсімдік жамылғысы. Тұран ойпатының солтүстігіндегі Торғай үстірті ғана құрғақ дала мен шөлейтті зонаға жатады, ал қалған бөлігі түгелімен шөл зонасында орналасқан. Торғайда бетеге мен ақ селеу өседі. Оңтүстікке қарай орналасқан шөлейтке жусан мен изеннен тұратын өсімдік жамылғысы сәйкес келеді.

Тұранның шөлді аумақтары шөлдердің солтүстік және оңтүстік типтеріне жатады. Шөлдің солтүстік типі Солтүстік Арал маңында, Бетпақдалада, Мойынқұм мен Балқаш-Алакөл ойысында таралған. Мұнда жусан мен сор өсімдіктері өседі. Оларға Орта және Орталық Азияның шөлдеріне тән тұрандылық өсімдік түрлері (қызыл жусан, теріскен, бидайық, жүзгін, жыңғыл, мия, итсигек, баялыш, сексеуіл, қара сексеуіл, қара жусан) араласады. Бұл өсімдіктер шөлдің басқа өсімдіктеріне қарағнда құмды шағылдарда жақсырақ өседі. Тұзды көлдердің сазды жағаларында және тақырларда көбінесе өсімдік жамылғысы мүлде болмайды өзен аңғарларында аздаған шалғындар бар. Шөлдердің оңтүстік типіне жататын Маңғыстау мен Сырдария бойында эфемерлер мен жусан, сор өсімдіктері өседі.



Бекіту: Атласты және оқулық мәтінін пайдаланып төмендегі кестені толтыру

Геогр. аудандар

Геогр. орны

Жер бедері

Тект. және геол. құрыл.

Пайд. қазб.

климаты

Топыр.

жануар

Өсім.

қаңтар

шілде

Жауын-шашын

Тұран ойпаты
































Үйге тапсырма: Мәтінді оқу. Кестені аяқтау

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет