Сабақтың мақсаттары: Тұран жазығы. Климаты мен табиғат зоналары Білімділік



бет1/2
Дата05.06.2017
өлшемі263,18 Kb.
#17795
түріСабақ
  1   2
Сабақ

Тақырыбы: Тұран жазығы. Климаты мен табиғат зоналары

Сабақтың мақсаттары: Тұран жазығы. Климаты мен табиғат зоналары

Білімділік:

Тұран ойпатының географиялық орны, геологиялық құрылымы және пайдалы қазбалары, өзендері мен көлдері табиғат зоналары, өсімдіктер мен жануарлар туралы білімдерін кеңейту;


Тәрбиелік:

Жазықтар туралы түсінік бере отырып, табиғат көркемдігін түсіне білуге үйретіп, эстетикалық тәрбие беру, экологиялық сауаттылыққа баулу;


Дамытушылық:

Қазақстанның физикалық карталармен жұмыс істеп жазықтарға сипаттама беруге үйрету, жаңа технологияны меңгерту және қосымша тапсырмалар беру негізінде, логикалық ой-өрісті қамту;


Сабақтың типі:

Жаңа білімді меңгерту.


Сабақтың түрі:

Ашық сабақ


Сабақ әдісі:

Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап


Көрнекілігі:

Оқулық, Қазақстанның физикалық картасы, атлас, сызбалар, интерактивті тақта


Пәнаралық байланыс:

әдебиет, география, экология, эстетика т.б.




Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту.

IV. Оқушылар білімін бекіту.

V. Үй тапсырмасы туралы хабар беру.

VI. Жаңа сабақты қорытындылау

VII. Бағала


І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, сабақ қатысымдарын тексеремін.


III.Жаңа сабақ

Жоспары:

1.Географиялық орны.
2.Жер бедері мен геологиялық құрылымы.
3.Пайдалы қазбалары.

4.Климаты.

5.Өзендері мен көлдері.
6.Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі.

Географиялық жағдайы. Тұран ойпаты — Оңтүстік Қазақстандағы батыстан шығысқа қарай созылып жатқан кең жазық. Оның аумағында Балқаш пен Алакөл, Маңғыстау үстірті, Үстірт, Торғай үстірті, Арал маңы, Сырдария өзені аңғары, Қызылқұм, Бетпақдала, Мойынқұм орналасқан.Жер бедерінің сипаты. Ойпаттың жер бедеріне қарап, оның қалыптасу тарихының күрделі және алуан түрлі болғандығын байауға болады.

Маңғыстау аласа таулы өңірінің ең биік жерлері Қаратау жотасында (350-450 м) орналасқан, ұзындығы 130 км. Қаратаудың ең биік нүктесі — Бесшоқы (555 м). Қаратау беткейлері аңғарлар мен төбелі қыраттармен тілімделген. Тек тау жотасы ғана жалаңаштанған, жартасты жарқабақ тәрізді сипат алған. Қаратаудың солтүстігі мен оңтүстігінде биіктігі 300 м. болатын Солтүстік және Оңтүстік Ақтау жоталары орналасқан. Оңтүстікке қарай теңіз деңгейінен төмен жатқан бірнеше тұйық қазаншұңқырлар орналасқан. Олардың ең тереңі — теңіз деңгейінен 132 м төмен жатқан Қарагие ойысы.

Маңғыстау түбегі мен Арал теңізі аралығында Үстірт төбелі жазығы орналасқан. Қазақстан жеріне Үстірттің солтүстік-батыс бөлігі ғана енеді, оның жер бедері тегіс. Оның биіктігі — 200-300 м. ауданы — 170 мың км2, ал ұзындығы — 300-400 м.Сарыарқа мен Мұғалжар аралығында орналасқан Торғай үстіртінің орташа биіктігі — 200-300 м. Орталық бөлігіңде солтүстіктен оңтүстікке қарай 750 км-ге созылып, Торғай бұғазы деп аталатын кең ойыс орналасқан.Арал теңізінің маңында бірнеше ірі құмды аумақтар орналасқан. Арал маңы Қарақұмы Арал теңізі мен Шалқар көлі аралығында жатыр, ол биіктігі 100 м-ге дейінгі аласа төбешікті жазық болып табылады. Салыстырмалы түрде ежелгі болып саналатын бұл жазық жел әрекетінен өте күшті өзгерген. Арал теңізінен солтүстікке қарай орналасқан Үлкен және Кіші Борсық құмдары жер бедері жөнінен Арал маңы Қарақұмына ұқсас келеді. Арал теңізіне қарай көлбеу орналасқан жазық пен Сырдария өзенінің аңғары Сырдария аллювиалды жазығы деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет