Шөл зонасы Қазақстанда таралуы



Дата11.06.2023
өлшемі4,6 Mb.
#178616
Байланысты:
шөл зонасы

Шөл зонасы

Қазақстанда таралуы

Шөл зонасының аумағы


Шөлдер түрлері
Құмды шөлдер
Сазды шөлдер
Тасты шөлдер

Құмды шөлдер

Құмды шөлдер бүкіл шөл зонасының үштен біріне жуығын алып жатыр. Олардың ең ірілеріне Қызылқұм, Арал қарақұмы, Мойынқұм, Сарыесік жатады. Мұндағы құмдар ондаған мың жылдар бұрын осы жердегі өзендер мен көлдердің орнында пайда болған.

Тасты шөлдер

Тастақ немесе тасты шөлдер Қазақстанда онша көп емес. Мұндай шөлдер Сарыарканың оңтүстігінде, Бетпақдаланың шығысында және Үстіртте кездеседі. Тастақ шөл дердің өсімдігі құрамы жағынан көршілес жатқан шөлдің өсімдіктеріне ұқсас.Онда ішуге жарайтын әлсіз минералданған жарықшақты-еспе сулар кездеседі.

Сазды шөлдер

Сазды шөлдер құмды шөлдердің арасында немесе соларға жапсарлас жатады. Ең ірі сазды шөл - Үстірт, Бетпақдала және Сырдария өзенінің оңтүстік жағалары. Үстірттің ойпаң жерлерін тұзды көлдер, cop, сортаң және тақыр алып жатыр.

Құмды шағылдар

2-ші суретте Әнші құм төбесі бейнеленген.Биіктігі 150 м-дей, ұзындығы 8 км, ені 3 км. Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп отыруы нәтижесінде құм түйіршіктері електеніп, бірегей құм қоспасынан тұратын төбеге айналған. Құм суынып жел әсерінен қозғалысқа келген кезде, одан кәдімгі сырнайдан шыққан таза ән ырғағына ұқсас үн естуге болады.

Климаты

Қазақстан шөлдері жазының құрғақ, ыстық, қысының суық әрі қары жұқа болуымен ерекшеленді. Шілденің орташа айлық температурасы +25°С және +28°С аралығында ауытқиды.

Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері - 100-150 мм.

Жауын-шашынның аз түсуі мен салыстырмалы ылғалдылықтың төмен болуы өсімдіктерге, әсіресе гүлдеп келе жатқан мақтаға жағымсыз әсер ететін ыстық желдердің дамуына жағдай тудырады.

Қызылорда климаты

Өсімдіктері

Шөл зонасындағы өзен аңғарларында өсетін ерекше өсімдіктер бар. Мұнда әр түрлі өсімдіктерден құралған қалың бұталар өседі. Оны тоғай деп атайды. Сонымен қатар: шеңгел, тал, тікенекті жиде, шырғанақ, арнаның құрғақ жерлерінде жыңғыл өседі

Жануарлары

Шөлдің жануарлар дүниесі өзгеше. Онда өмір сүруге жылан мен кесірткенің аздаған түрі ғана бейімделген. Кесірткеден көп тарағаны: құмды және құлақты агамалар, жұмырбас кесірткелер.

Сонымен қатар:Шаян,Бүйі,Қарақұрт кездеседі. Торғайлардың көптеген түрлері кездеседі.

Топырағы

Қоңыржай белдеудің шөл зонасының солтүстігінде шөлдің қоңыр, ал оңтүстігінде шөлдің қоңыр сұр топырақтары басым. Бұл топырақтар шымды қабаттың болмауымен, қарашіріктің аз болуымен, сирек жағдайда сортаң және сорлы болуымен ерекшеленеді.

Тақырлар. Шөлдерге тән түзілімнің бірі тақырлар болып табылады. Ол - көп бұрышты жарықтарға бөлшектенген, беті тегіс, сазды телімдер.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет